Қолдану көрсеткіштері
- артериялық гипертензия
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препараттың белсенді немесе қосымша компоненттеріне, немесе АӨФ басқа тежегіштеріне, немесе басқа да сульфонамидтерге аса жоғары сезімталдық
мұның алдында АӨФ тежегіштерімен емдеуге байланысты анамнезде ангионевроздық ісінудің болуы
тұқым қуалайтын/идиопатиялық ангионевроздық ісіну
бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артериясы стенозы азотемияның өршуімен
қолқа арнасының стенозы
артериялық гипотензия
бүйрек трансплантациясынан кейінгі жағдай
бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден аз)
бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі
жүктілік және лактация кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
ангионевроздық ісінудің жоғары даму қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір уақытта қолдану