daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Клавунат BID Таблеткалары 875 Мг/125 Мг №14 | АТАБАЙ КИМЬЯ САН. ВЕ ТИДЖ. А.С

Алматы қаласындағы Клавунат BID Таблеткалары 875 Мг/125 Мг №14 | АТАБАЙ КИМЬЯ САН. ВЕ ТИДЖ. А.С

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Үлбірлі қабықпен қапталған, ақ түсті дерлік, ұзынша пішінді, бір жағында сындыру сызығы бар таблеткалар. Шығарылу түрі және қаптамасы 5 немесе 7 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Өндіруші:

АТАБАЙ КИМЬЯ САН. ВЕ ТИДЖ. А.С

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

312.561 мг калий клавуланаты: авицел (1:1) (125 мг клавулан қышқылына баламалы); қосымша заттар: кросповидон, натрий кроскармеллозасы, авицел рН 102, магний стеараты, аэросил 200 үлбірлі қабығы (опадрай ақ): метилгидроксипропилцеллюлоза, полиэтиленгликоль 4000, титанның қостотығы.

Белсенді заттың дозасы:

875 мг/125 мг

Қаптамадағы саны:

14 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Клавунат BID ересектер мен балалардағы келесі инфекцияларды емдеуге арналған:

- жедел бактериялық синусит (расталған диагноз кезінде)

- ортаңғы жедел отит

- созылмалы бронхиттің өршуі (расталған диагноз кезінде)

- ауруханадан тыс пневмония

- цистит

- пиелонефрит

- тері мен жұмсақ тіндердің инфекциясы, атап айтқанда целлюлит, жануарлардың тістеуі, жедел абсцестер және жақсүйек-бет аймағының флегмоналары)

- сүйектер мен буындардың инфекциясы, атап айтқанда остеомиелит.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші заттарға, пенициллиндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- анамнезіндегі басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндер, карбапенемдер немесе монобактамдар) дереу типтегі аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясы

- анамнезіндегі амоксициллин/ клавулан қышқылы біріктірілімін қабылдау аясында дамыған сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы

Өзара әрекеттесуі

Пероральді антикоагулянттар

Практикада пероральді антикоагулянттар мен пенициллин қатарындағы антибиотиктер кеңінен қолданылады, бірақ олардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі туралы хабарламалар тіркелген жоқ. Алайда, аценокумарол немесе варфарин қабылдаған және амоксициллинмен емдеу курсы тағайындалған пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынастың жоғарылаған жағдайлары сипатталған. Егер осы препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болса, амоксициллинді қосқанда немесе тоқтатқанда протромбин уақытын немесе халықаралық қалыптасқан қатынасты мұқият бақылау керек. Бұдан бөлек, пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Метотрексат.

Пенициллиндер метотрексаттың шығарылуын төмендетуі мүмкін, бұл уыттылықтың ықтимал жоғарылауын туындатады.

Пробенецид

Пробенецидті бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің бүйректің өзекшелік секрециясын төмендетеді. Пробенецидті бір мезгілде қолдану қандағы амоксициллиннің (бірақ клавулан қышқылының емес) деңгейі мен болу ұзақтығының жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Микофенолат мофетил

Микофенолат мофетилмен ем алатын пациенттерде клавулан

қышқылымен пероральді амоксициллинді қолдануды бастағаннан кейін микофенол қышқылының белсенді метаболитінің дозаға дейінгі концентрациясы шамамен 50% - ға төмендеуі мүмкін. Дозаға дейінгі деңгейдің бұл өзгеруі микофенол қышқылының жалпы экспозициясының өзгеруіне толық сәйкес келмеуі мүмкін. Демек, трансплантат дисфункциясының клиникалық растамасы болмаса, микофенолат мофетил дозасын өзгерту әдетте қажет емес. Дегенмен, біріктірілімді қолданғанда және антибиотиктермен емдеуден кейін көп ұзамай мұқият мониторинг жүргізу қажет.

Арнайы нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Клавунат BID таблеткаларын бөлу мүмкін еместігіне байланысты дене салмағы 25 кг аз балаларға қолдануға болмайды.

Дене салмағы 25 кг аз балаларды емдеу үшін құтылардағы немесе педиатриялық пакеттердегі ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ түріндегі Клавунатты қолданған жөн.

Амоксициллин/клавулан қышқылының дозаларын тәулігіне дене салмағының әр кг-на шаққанда 45 мг/6.4 мг артық дозада 7:1 арақатынасында 2 жасқа толмаған балаларда қолдану туралы деректер жоқ.

2 айға дейінгі балаларда амоксициллинді / клавулан қышқылын 7:1 арақатынасында қолдану туралы клиникалық деректер жоқ. Осыған байланысты пациенттердің осы тобында дозалау жөніндегі нұсқаулар беру мүмкін емес.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Жүктілік кезінде амоксициллинді/клавулан қышқылын қолданудың шектеулі деректері препараттың жүктілік ағымына немесе шарананың/жаңа туған нәрестенің дамуына тигізетін жағымсыз әсерін анықтаған жоқ.

Қағанағы мерзімінен бұрын жарылған (pPROM) әйелдердің қатысуымен жүргізілген бір зерттеуде амоксициллинді/клавулан қышқылын профилактикалық қолдану жаңа туған нәрестелерде некроздық энтероколиттің даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін екендігі хабарланды. Басқа дәрілік препараттар жағдайындағыдай, жүктілік кезінде қолданудан аулақ болу керек, егер дәрігер оны қажет деп санайтын жағдайлардан басқа.

Бала емізу

Препараттың екі әсер етуші заты да емшек сүтімен бірге шығады (клавулан қышқылының емшектегі балаларға әсері туралы деректер жоқ). Сондықтан, бала емізгенде диарея және шырышты қабықтардың зең инфекциясы сияқты симптомдар пайда болуы мүмкін, бұл жағдайларда бала емізуді тоқтату керек. Амоксициллинді/клавулан қышқылын бала емізген кезде емдеуші дәрігердің пайда-қауіп арақатынасын бағалағаннан кейін ғана қолдану керек.

Қосымша заттар туралы ерекше ақпарат

Бұл препараттың құрамында бір дозасына 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни іс жүзінде құрамында натрий жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Клавунат препаратының көлік құралдарын басқару қабілетіне және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ. Дегенмен, пациенттерді осы әрекет түрлеріне әсер етуі мүмкін ықтимал жағымсыз құбылыстар (мысалы, аллергиялық реакциялар, бас айналу, құрысулар) туралы хабардар ету керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Дозаның әрбір компоненті үшін жеке көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, доза біріктірілімдегі амоксициллин мен клавулан қышқылының мөлшерлік бірліктерінде көрсетіледі.

Клавунат BID препаратының дозасын таңдағанда келесі факторларды ескеру керек:

- ықтимал патогендер және олардың бактерияға қарсы препараттарға күтілетін сезімталдығы

- инфекцияның ауырлық дәрежесі және орналасуы

- пациенттің жас шамасы, дене салмағы және бүйрек функциясының жағдайы.

Қажет болса, Клавунат препаратының баламалы дәрілік түрлерін (мысалы, амоксициллиннің ең жоғары дозаларын және/немесе амоксициллин мен клавулан қышқылының әртүрлі арақатынасын қамтамасыз ететіндер) қолдануды қарастырған жөн.

Салмағы > 40 кг балалар мен ересектер үшін Клавунат BID препаратының бұл құрамы төмендегі нұсқауларға сәйкес тәулігіне екі рет қабылдаған кездегі 1750 мг амоксициллиннің/250 мг клавулан қышқылының және тәулігіне үш рет қабылдаған кездегі 2625 мг амоксициллиннің/375 мг клавулан қышқылының жиынтық тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді.

40 кг-ден аз балалар үшін Клавунат BID препаратының бұл құрамы төмендегі нұсқауларға сәйкес қолданған кезде 1000 - 2800 мг амоксициллиннің/143-400 мг клавулан қышқылының ең жоғарғы тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді.

Егер амоксициллиннің ең жоғары тәуліктік дозасын қабылдау туралы шешім қабылданса, клавулан қышқылының шамадан тыс жоғары тәуліктік дозаларын енгізбеу үшін басқа Клавунат препаратын таңдау ұсынылады.

Артық дозалану

Симптомдары: асқазан-ішек жолының бұзылыстары және су-электролит теңгерімінің бұзылулары болуы мүмкін. Амоксициллинді қабылдаумен байланысты және жекеленген жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкелген кристаллурия байқалды.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде және жоғары дозаларды қабылдайтын пациенттерде құрысулар туындауы мүмкін.

Амоксициллин қуық катетерінде, негізінен препараттың жоғары дозаларын вена ішіне енгізгеннен кейін шөгуі мүмкін. Катетерлердің өткізгіштігін үнемі тексеріп отыру керек.

Емі: симптоматикалық ем жүргізу, су-электролит теңгерімін түзету. Амоксициллинді/клавулан қышқылын гемодиализдің көмегімен қанағымнан шығаруға болады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Дозаны қабылдауды өткізіп алған кезде препаратты пациент есіне түсірісімен қабылдау керек. Егер келесі дозаны қабылдау уақыты келген жағдайда, өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамау керек.

Тоқтату синдромы қаупінің болуына көрсетілім

Клавунат BID емдеуші дәрігер көрсеткен уақыт ішінде қабылдауды жалғастыру керек. Препаратты қабылдауды, тіпті көңіл-күй жақсарған жағдайда да тоқтатуға болмайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Осы препаратты қолдану жөнінде қосымша сауалдар туындағанда емдеуші дәрігерге хабарласу керек.

Шығарылу түрі

5 немесе 7 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКлавунат BID таблеткалары 875 мг/125 мг №14 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube