Қолдану көрсеткіштері
Цефтриаксонға сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекцияларда:
тыныс алу жолдарының инфекциялары, әсіресе пневмония, сондай-ақ ЛОР-ағзалардың инфекциялары
абдоминальді инфекциялар (перитонит, өт жолдарының, сондай-ақ асқазан-ішек жолының инфекциялары)
бүйрек және несеп шығару жолдарының инфекциялары
созды қоса, жыныс мүшелерінің инфекциялары
сепсис
сүйектердің, буындардың, жұмсақ тіндердің, терінің инфекциялары, сондай-ақ жара инфекциялары
иммунитеті әлсіреген пациенттердегі инфекциялар
менингит
диссеминацияланған Лайм ауруы (II және III сатылары)
Асқазан-ішек жолындағы, өт жолдарындағы, урогенитальді және гинекологиялық аймақтардағы инфекциялардың операция алдындағы профилактикасы, бірақ әлеуетті немесе дәлелденген контаминация жағдайларында ғана.
Антибиотиктерді тиісті түрде пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларға, әсіресе антибиотиктерге резистенттіліктің жоғарылауының алдын алу үшін қолдану жөніндегі нұсқауларға назар аудару қажет.