Состав
Бір мл (бір мл = 35 тамшы) құрамында:
әсер етуші зат: диметикон 300 мг
қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, сорбин қышқылы, натрий сахарині, тазартылған су, глицерил моностеараты, полиоксиэтилен 100 стеараты.
Бір мл (бір мл = 35 тамшы) құрамында:
әсер етуші зат: диметикон 300 мг
қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, сорбин қышқылы, натрий сахарині, тазартылған су, глицерил моностеараты, полиоксиэтилен 100 стеараты.
- балалар мен ересектерде АІЖ-да газдардың шамадан тыс түзілуі мен жиналуын симптоматикалық емдеу;
- құрсақ қуысы және/немесе ішек ағзаларын тексеруге дайындық кезінде көмекші құрал ретінде.
Әсер етуші зат диметиконға немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық. Ішек бітелісі, обструктивті сипаттағы асқазан-ішек аурулары.
Арнайы сақтық шаралары қажет емес.
Алюминий гидроксиді мен магний карбонаты бар антацидтер силикондарды сіңіреді және диметиконның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Диметикон варфарин мен дигоксиннің сіңірілуін арттыруы мүмкін.
Дозалау режимі
1 мл (35 тамшы) құрамында 300 мг диметикон бар.
Симптоматикалық емдеу.
Ересектерге: сұйықтықтың аз мөлшерімен араластыра отырып, іштің кебуі кезінде тәулігіне 4 рет 5 тамшыдан.
10 жастан асқан балаларға: сұйықтықтың аз мөлшерімен араластыра отырып, іштің кебуі кезінде тәулігіне 4 рет 5 тамшыдан.
6 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға: сұйықтықтың аз мөлшерімен араластыра отырып, тәулігіне 4 рет 4 тамшыдан.
Нәрестелер мен 6 жасқа дейінгі балалар: бөтелкеде балалар тағамымен немесе тамақтану кезінде сұйықтықтың аз мөлшерімен араластыра отырып, тәулігіне 4 рет 1-ден 3 тамшыға дейін.
Нәрестелер: шаншуды емдеу үшін әр тамақтанар алдында сұйықтықтың аз мөлшерімен 4 тамшыны араластырады.
Құрсақ қуысы және/немесе ішек ағзаларын тексеруге дайындық
Ересектерге: сұйықтықтың аз мөлшерімен араластыра отырып, зерттеу жүргізгенге дейін 2-3 күн бұрын тәулігіне 4 рет 12 тамшыдан.
10 жастан асқан балаларға: сұйықтықтың аз мөлшерімен араластыра отырып, зерттеу жүргізгенге дейін 2-3 күн бұрын тәулігіне 4 рет 12 тамшыдан
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді. Қолданар алдында шайқау керек.
Емдеу ұзақтығы
Шағымдардың болуына байланысты және дәрігермен жеке анықталады. Қажет болса, препаратты ұзақ уақыт қабылдауға болады.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
30 мл препараттан полиэтиленнен жасалған саптамасы және полиэтилен немесе полипропиленнен жасалған қақпағы бар полиэтилен құтыға салынады. 1 құтыдан картон қорапта медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 ºС-ден аспайтын температурада жарықтан қорғалған жерде сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл.
Құтыны ашқаннан кейін 3 ай ішінде қолдану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада жарықтан қорғалған жерде сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.