Қолдану көрсеткіштері
-ересектерде, жасөспірімдерде және 6 жастан асқан балаларда бастапқы гиперхолестеринемияны (IIа типі: тұқым қуалайтын гетерозиготалы гиперхолестеринемияны қоса алғанда) емдеуде немесе тамақтануды түзету және басқа дәрі-дәрмектік емес емдеу әдістері (мысалы, дене жаттығулары, дене салмағының төмендеуі) тиімсіз болған жағдайда диетаға қосымша ретінде аралас дислипидемияда (IIb типі)
- ересектерде, жасөспірімдерде және 6 жастан асқан балаларда тұқым қуалайтын гомозиготалы гиперхолестеринемияны диетаға және қандағы липидтер деңгейін төмендетуге бағытталған, басқа емдеу әдістеріне (мысалы, ТТЛП-аферез) қосымша ретінде емдеуде, сондай-ақ осы әдістердің тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайларда
- басқа қауіп факторларын түзетуге қосымша ретінде алғашқы жүрек-қантамыр құбылысына бейімділік ықтималдығы жоғары пациенттерде жүрек-қантамыр асқынуларының профилактикасы