daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Лейковорин-Тева Құтысы 10 Мг/мл 5 Мл | Pharmachemie B.V.

Алматы қаласындағы Лейковорин-Тева Құтысы 10 Мг/мл 5 Мл | Pharmachemie B.V.
Сипаттама:

Механикалық қосылыстардан бос сары түсті мөлдір ерітінді.

Халықаралық атауы:

Кальций фолинаты

Өндіруші:

Pharmachemie B.V.

Өндіруші ел:

Нидерланды

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий хлориді, натрий гидроксиді немесе хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Механикалық қосылыстардан бос сары түсті мөлдір ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

10 мг/мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Кальций фолинаты:

- уыттылықты азайту үшін және цитоуытты емдегі метотрексат сияқты фолий қышқылының антагонистеріне антидот ретінде және ересектер мен балаларда артық дозалану жағдайында көрсетілген. Цитоуытты емде бұл емшара «кальций фолинатының резервтік емі» деп аталады

-5-флуороурацилмен біріктірілген ем құрамында.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- пернициозды анемия және В12 дәруменінің тапшылығынан туындаған басқа да мегалобластты анемия

- балалардағы эпилепсиялық ұстамаларға бейімділік

- жүктілік және лактация кезеңі 5 - фторурацилмен біріктірілген кезде

Өзара әрекеттесуі

Кальций фолинатын фолий қышқылының антагонисімен бір мезгілде енгізген жағдайда (мысалы, ко-тримоксазол, пириметамин) соңғысының әсері төмендеуі немесе толық бейтараптандырылуы мүмкін.

Кальций фолинаты эпилепсияға қарсы заттардың әсерін азайтады: фенобарбитал, примидон, фенитоин және сукцинимидтер және эпилепсиялық ұстамалар жиілігін арттыруы мүмкін (фолаттар ко-факторлардың бірі болып табылатын бауыр метаболизмінің жоғарылауы салдарынан антиконвульсан препараттарының ферментативті индукторлары деңгейінің төмендеуі байқалады).

Кальций фолинатын 5-флуороурацилмен бір мезгілде қабылдау 5-флуороурацилдің тиімділігі мен уыттылығын арттырады.

Арнайы ескертулер

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Сондай-ақ, кальций фолинатының репродуктивті уыттылығы туралы ресми зерттеулер жүргізілмеген. Жүктілік кезінде қабылданған жағдайда фолий қышқылының зиянды әсері туралы ақпарат жоқ.

Егер метотрексат немесе фолий қышқылының басқа антагонистері жүктілік және лактация кезеңінде тағайындалса (бұл тек қатаң көрсетілімдер бойынша, ана үшін емнің күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып кетсе ғана мүмкін болады), кальций фолинатын жағымсыз әсерлердің алдын алу немесе метотрексаттың уытты әсерін бейтараптандыру үшін қолдануға шектеулер жоқ.

5-флуороурацилді қолдану жүктілік немесе лактация кезінде қарсы көрсетілімді; бұл кальций фолинаты мен 5-флуороурацилді біріктірілген қолдануға да қатысты.

Лактация

Қазіргі уақытта кальций фолинатының емшек сүтіне енетіні туралы ақпарат жоқ. Оны емдік көрсетілімдерге сәйкес бала емізу кезеңінде қолдануға болады

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Лейковорин-Тева көлік құралдарын басқаруға және жоғары зейін қоюды талап ететін қызметке әсер етпейді.

Шығарылу түрі

5 мл хлорбутилді тығындармен тұмшаланып тығындалған және пластик қондырмасы бар қалпақшалармен қаусырылған I типті шыны құтыға салынады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 2-8 °C температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

5 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЛейковорин-Тева құтысы 10 мг/мл 5 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube