daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Lomflox Таблеткалары 400 Мг №5 | Ipca Laboratories Limited

Алматы қаласындағы Lomflox Таблеткалары 400 Мг №5 | Ipca Laboratories Limited

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage

Халықаралық атауы:

Ломефлоксацин

Өндіруші:

Ipca Laboratories Limited

Өндіруші ел:

Индия

Белсенді заттың дозасы:

400 мг

Қаптамадағы саны:

5 шт.

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Дәрілік препарат ересектерде, әдетте, аталған инфекциялардың бастапқы емі үшін ұсынылатын, бактерияға қарсы дәрілерді қолдану қолайсыз деп саналатын жағдайларда немесе егер бастапқы емдеу тиімді болмаса:

- тыныс жолдарының төменгі бөліктерінің инфекцияларында, соның ішінде, созылмалы бронхиттің өршуінде

- ортаңғы отитте

- несеп-жыныс жүйесінің инфекцияларында, соның ішінде созда, хламидиозда

- тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында

- сүйектер мен буындардың инфекцияларында, соның ішінде созылмалы остеомиелитте

- инфекциялық энтероколиттерде

- трансуретральді хирургиялық араласымдар кезіндегі инфекциялық асқынулардың профилактикасы үшін қолдануға арналған

Қарсы көрсеткіштер

- ломефлоксацинге, басқа хинолондарға, фторхинолондарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- церебральді атеросклероз, эпилепсия және ОЖЖ құрысу синдромымен жүретін басқа да аурулары

- анамнезінде хинолондарды, фторхинолондарды қолданумен байланысты сіңірлердің аурулары/зақымданулары бар пациенттер

- жүктілік және емшек емізу кезеңі

- балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға

Фторхинолондық антибиотиктер келесі жағдайларда:

- ауыр емес және бактерияға қарсы емсіз басылуы мүмкін инфекцияларды емдеуде (мысалы, ауызжұтқыншақ инфекциялары)

- бактериялық емес инфекцияларды, мысалы, бактериялық емес (созылмалы) простатитті емдеуде

- саяхатшылар диареясының немесе төменгі несеп шығару жолдарының қайталанатын инфекцияларының (қуықтан тыс таралмайтын инфекциялар) алдын алу үшін

- егер әдетте ұсынылатын, бактерияға қарсы басқа дәрілерді пайдалануға мүмкіндік болмаса, орташа бактериялық инфекцияларды емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс.

Өзара әрекеттесуі

Ломефлоксацин пероральді антикоагулянттардың белсенділігін жоғарылатады және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің уыттылығын арттырады.

Антацидтер мен сукральфат сіңуін баяулатады және биожетімділігін төмендетеді (хелатты қосылыстар түзеді), пробенецид - бүйрек экскрециясын төмендетеді. Рифампициннің өзара антагонисі болып табылады.

Басқа хинолондарға қарағанда, ломефлоксацин теофиллин метаболизмін тежемейді, сондықтан теофиллиннің дозасын қайта есептеу қажет емес.

Басқа хинолондар деңгейінде кофеин (шай/кофе) метаболизміне араласа отырып, кофеиннің клиренсін азайтуы, жартылай ыдырау кезеңін ұзартуы, артық дозалануы симптомдарын күшейтуі мүмкін.

Пенициллиндермен, цефалоспориндермен, аминогликозидтермен, ко-тримоксазолмен, метронидазолмен айқаспалы резистенттілігі жоқ.

ХҚҚ (халықаралық қалыптастырылған қатынастың) өзгеруі

Бактерияға қарсы дәрілерді, әсіресе, фторхинолондарды, макролидтерді, тетрациклиндерді, ко-тримоксазолды және кейбір цефалоспориндерді қабылдаған пациенттерде пероральді антикоагулянт белсенділігі жоғарылаған көптеген жағдайлар туралы хабарланды. Шамасы, қауіп факторлары инфекциялық және қабыну үдерістері, пациенттің жас шамасы мен жалпы жағдайы болса керек. Мұндай жағдайларда ХҚҚ өзгеруіне не себеп болғанын – инфекция немесе емдеу екендігін анықтау қиын. Сақтық шарасы ретінде ХҚҚ жиі бақылау жүргізу және қажет болған жағдайда пероральді антикоагулянттың дозасын түзету қажет.

Варфарин – хинолондер пероральді антикоагулянт варфариннің немесе оның туындыларының әсерін күшейтуі мүмкін. Осы препараттарды бір мезгілде енгізгенде протромбинді немесе коагуляцияның басқа да тестілерін мұқият бақылау керек. Алайда стационарлық жағдайларда варфаринді де, ломефлоксацинді де қабылдаған пациенттерде протромбин уақытына немесе варфарин энантиомері фармакокинетикасына қатысты клиникалық немесе статистикалық тұрғыдан елеулі айырмашылықтар байқалған жоқ.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар – қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды холинолмен бір мезгілде қабылдау құрысулардың даму қаупін арттыруы мүмкін.

Кортикостероидтар

Егде жастағы пациенттер тобында, бүйрек тарапынан бұзылулары бар пациенттерде және ағзалары трансплантацияланған пациенттерде байламдардың зақымдану қаупі жоғарылығына байланысты, фторхинолондарды кортикостероидтермен бір мезгілде қолданбаған дұрыс, өйткені байламдардың зақымдану қаупі артады, осыған байланысты, аталған препараттарды біріктіріп пайдаланбаған дұрыс.

Арнайы ескертулер

Емдеуді бастағанға дейін ауру қоздырғышын сәйкестендіру және ломефлоксацинге сезімталдықты бағалау үшін тиісінше тестілерді жүргізген жөн. Ломефлоксацинмен емдеуді осы тестілердің нәтижелерін алғанға дейін бастауға болады. Тестілердің нәтижелерін алғаннан кейін тиісті емі таңдалуы тиіс. Ломефлоксацинмен емдеу кезінде мезгіл-мезгіл жүргізілетін, өсіріндіде тестілеу патогендік микроорганизмдердің ломефлоксацинге сақталған сезімталдығы туралы және бактериялық резистенттіліктің пайда болу ықтималдығы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

QTc аралығының ұзаруы және QTc аралығының ұзаруымен байланысты болуы ықтимал клиникалық жағдайлар

Хинолондарды, соның ішінде ломефлоксацинді қабылдап жүрген пациенттерде екі бағытты тахикардияның сирек жағдайлары хабарланды. Мұндай сирек жағдайлар келесі факторлардың біреуімен немесе бірнешеуімен байланысты болды: 60 жастан асқандар, әйел адамдар, жүректің негізгі ауруы және/немесе бірнеше дәріні пайдалану. QT аралығының ұзарғаны белгілі пациенттерге, түзетілмеген гипокалиемиясы бар пациенттерге және аритмияға қарсы IA класты (хинидин, прокаинамид) немесе III класты (амиодарон, соталол) дәрілерді қабылдап жүрген пациенттерге ломефлоксацинді қолданбау керек.

Жүрек аритмиясының белгілері пайда болған жағдайда, препаратты қабылдауды тоқтату және электрокардиографиялық зерттеу жүргізу керек

Аса жоғары сезімталдық/аллергиялық реакциялар

Ломефлоксацинмен емдегеннен кейін аса жоғары сезімталдықтың күрделі және кейде өлімге әкелетін реакциялары (анафилактоидты немесе анафилактикалық реакциялар) жайлы хабарланды. Кейбір реакциялар жүрек-қантамыр жеткіліксіздігімен, есінен танумен, дірілдеумен, жұтқыншақтың немесе беттің ісінуімен, ентігумен, есекжеммен немесе қышынумен қатар жүрді. Осы пациенттердің бірнешеуінде ғана анамнезінде осының алдында аса жоғары сезімталдық реакциялары болған. Аса жоғары сезімталдық реакциялары ломефлоксациннің бірінші дозасын енгізгеннен кейін бірден пайда болуы мүмкін. Егер ломефлоксацинге аллергиялық реакция туындаса, препаратты қабылдауды тоқтату қажет. Аса жоғары сезімталдықтың күрделі жедел реакциялары адреналинді тез арада шұғыл енгізуді талап етуі мүмкін. Оттегіні, вена ішіне енгізуге арналған сұйықтықтарды, антигистаминдік препараттарды, кортикостероидтарды, прессорлық аминдерді және интубацияны қоса алғанда, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін демеуді көрсетілімдеріне сәйкес тағайындау керек.

Терінің ауыр буллездік реакциялары

Ломефлоксацин қолданғанда Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермалық некролиз сияқты терінің буллездік реакцияларының жағдайлары жайлы хабарланған. Егер тері және/немесе шырышты қабық тарапынан реакциялар туындаса, пациенттер емдеуді жалғастырар алдында тікелей дәрігерге қаралуы керек.

Құрысуларға бейім пациенттер

Ломефлоксацинді қабылдап жүрген пациенттерде құрысулар да тіркелген. Құрысулардың ломефлоксацинді енгізумен тікелей байланысты болған-болмағандығы әзірге анықталған жоқ. Алайда, басқа хинолондарды қабылдаған пациенттерде құрысулар, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы және уытты психоздар байқалды. Дегенмен, басқа хинолондармен салыстырғанда, ломефлоксацин құрысулар қаупінің жоғарылауы ықтималдығымен байланысты. Олар салыстырмалы түрде бейімділік факторлары жоқ кезде туындауы мүмкін. Хинолондар орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) стимуляциясын да туғызуы мүмкін, ол треморға, қозу жағдайына, бас айналуына, сананың шатасуына және елестеулерге алып келуі мүмкін. Ломефлоксацинді қабылдап жүрген пациенттерде аталған реакциялардың кез келгені туындаған жағдайда, препаратты қабылдауды тоқтату және тиісті шараларды қолдану керек. Ломефлоксацинді, басқа хинолондар сияқты, ауыр церебральді атеросклероз, эпилепсия немесе құрысуға бейім басқа да факторлар сияқты ОЖЖ белгілі немесе болжамды бұзылулары бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек. Хинолондар класының басқа препараттарына қарағанда, ломефлоксацинді қабылдаған кезде психикалық бұзылыстар, қозу жағдайы, үрейлену сезімі және ұйқының бұзылуы жиі кездеседі. Хинолондарды, соның ішінде ломефлоксацинді тағайындар алдында пациентте анамнезінде құрысулардың болған-болмағаны туралы нақтылап алу керек. Құрысулар жағдайында ломефлоксацинмен емдеуді тоқтату және тиісті шараларды қолдану керек.

Шеткері нейропатия

Ломефлоксацинді қоса, хинолондарды қабылдаған пациенттерде Парестезияға, гипоэстезияға, дизестезияға және әлсіздікке алып келетін шағын және/немесе үлкен аксондарға әсер ететін сенсорлық немесе сенсомоторлық аксоналды полинейропатияның сирек жағдайлары тіркелген. Егер пациент ауырсынуды, ашытуды, шаншуды, ұюды, және/немесе әлсіздікті қоса, нейропатия симптомдарын сезінсе немесе қайтымсыз жағдайдың дамуын болдырмау мақсатында жеңіл жанасуға, ауырсынуға, температураға, жағдайды сезінуге, діріл және/немесе қозғалыс күшін сезінуге сезімталдықтың болмауы анықталса, ломефлоксацинді енгізуді тоқтату керек

Антибиотикпен астасқан диарея, соның ішінде колиттер

Жалған жарғақшалы колит ломефлоксацинді қоса, бактерияға қарсы агенттермен жағдайлардың барлығында дерлік тіркелген және оның ауырлығы жеңілден бастап өмірге қауіп төндіретінге дейін ауытқып отыруы мүмкін. Сондықтан бұл диагнозды бактерияға қарсы дәрілерді енгізгеннен кейін диарея болған пациенттерде ескерген маңызды. Микробқа қарсы дәрілермен емдеу тоқ ішектің қалыпты флорасын өзгертеді және клостридийдің шамадан тыс көбеюіне алып келуі мүмкін. Зерттеулер, Clostridium difficile шығаратын токсин «антибиотиктермен байланысты колиттің» негізгі себебі болып табылатынын көрсетіп отыр. «Жалғанжарғақшалы колит» диагнозын анықтағаннан кейін емдеу шараларын бастау керек. Жалған жарғақшалы колиттің жеңіл жағдайлары, әдетте, препаратты қабылдауды тоқтатқанда жауап береді. Орташа немесе ауыр дәрежелі жағдайларында сұйықтықтар мен электролиттерді, ақуыз қоспаларын қолдану және клиникалық тұрғыдан C. difficile туындатқан колитке қарсы тиімді, микробқа қарсы препаратпен емдеу мүмкіндігін қарастыру керек.

Фотосезімталдық реакцияларының профилактикасы

Емдеу кезеңінде ультракүлгін сәулелердің әсерінен қорғану керек.

Күн сәулесінің немесе жасанды ультракүлгін сәуленің (мысалы, күн сәулесінің) әсеріне тікелей немесе жанама ұшыраған пациенттерде ломефлоксацинмен емдеу кезінде немесе емдеуден кейін орташадан бастап ауыр дәрежеге дейінгі фотоуытты реакциялар байқалды

Бұл реакциялар көлеңкедегі жарықтың немесе шашыраңқы, соның ішінде әйнектен өткен жарықтың әсеріне ұшыраған пациенттерде де орын алды. Пациенттерге терінің ашыту сезімі, қызаруы, ісінуы, күлбіреуіктер, бөртпе, қышыну немесе дерматит сияқты фотоуыттылыққа реакцияның алғашқы белгілері немесе симптомдары байқалған жағдайда, ломефлоксацинмен емделуді тоқтатуға кеңес беру керек. Бұл фотоуытты реакциялар күннен қорғайтын кремдерді немесе күнге күюден қорғайтын құралдарды пайдаланған және пайдаланбаған кезде орын алған.

Ломефлоксациннің бір реттік дозалары реакциялардың осы типтерімен байланысты болды. Бірнеше жағдайда сауығу бірнеше аптаға созылды. Фотоуыттылықтың кейбір басқа түрлері жағдайындағы сияқты, реакцияның толық қалпына келуіне дейін күн сәулесінің немесе жасанды ультракүлгін сәуленің қайта әсер етуінен реакцияның өршу ықтималдығы бар. Сирек жағдайларда, реакциялар ломефлоксацинмен емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше апта ішінде қайта басталған.

Ломефлоксацинмен емделу кезінде және емделуді тоқтатқаннан кейін бірнеше күн бойы тікелей немесе жанама күн сәулесінің әсерінен аулақ болу керек (күннен қорғайтын кремдер мен күнге күюден қорғайтын құралдарды пайдаланған жағдайда да). Фотоуыттылықтың алғашқы белгілері немесе симптомдары жағдайларында, ломефлоксацинмен емдеу дереу тоқтатылуы тиіс. Ломефлоксацинді кешкілік қабылдаған жағдайда, фотоуыттылық қаупі төмендеуі мүмкін.

Сіңірлердің қабынуы/үзілуі

Хинолондарды, соның ішінде ломефлоксацинді қабылдаған пациенттерде хирургиялық араласымды талап еткен немесе ұзақ уақыт мүгедектікке, ахилл сіңірінің немесе басқа сіңірлердің үзілуіне әкеп соқтырған, иықтың, қол басының сынулары туралы хабарланды.

Бұл қауіп кортикостероидтарды қатарлас қабылдап жүрген пациенттерде, әсіресе егде жастағы адамдарда жоғарылауы мүмкін. Егер пациент ауырса, қабыну пайда болса немесе сіңірдің үзілуі туындаса, ломефлоксацинді қабылдауды тоқтату керек. Пациенттер тендинит немесе сіңірдің үзілуі диагнозының бар-жоқтығы анықталғанға дейін демалуы және дене жаттығуларынан бас тартуы тиіс. Ауырудың немесе қабынудың алғашқы белгілері жағдайында пациенттер ломефлоксацинмен емделуді тоқтатып, зақымданған аяқ-қолын қозғалтпауы және зақымдалған сіңірді тиісті емдеуді (мысалы, иммобилизациялауды) бастауы үшін дереу дәрігермен кеңесуі тиіс.

Тендинит және сіңірдің кейде екі жақты үзілуі, ломефлоксацинді қоса, хинолондармен ем басталғаннан кейін 48 сағат ішінде туындауы мүмкін. Сіңірлердің зақымдануы емдеу аяқталғаннан кейін бірнеше айдан соң біршама кешірек кезеңде де туындауы мүмкін. Тендиниттің даму және сіңірдің үзілу қаупі 60 жастан асқан пациенттерде, күнделікті 1000 мг дозасын қабылдайтын пациенттерде және кортикостероидтарды пайдаланып жүрген пациенттерде жоғарылай түседі. Сонымен қатар, ағзалары трансплантацияланған пациенттерде тендиниттің даму қаупі жоғары болғандықтан, пациенттердің осы тобында фторхинолондарды қолданғанда сақ болу ұсынылады. Тәуліктің дозасы егде жастағы пациенттерде креатинин клиренсінің негізінде түзетілуі тиіс. Сондықтан да егер оларға ломефлоксацин тағайындалса, осы пациенттерді мұқият бақылау қажет.

Қолқа аневризмасы және шарбылануы

Эпидемиологиялық зерттеуледен фторхинолондарды қабылдағаннан кейін, әсіресе, егде жастағы адамдарда қолқа аневризмасының және шарбылануы қаупінің жоғарылығы туралы хабарланды.

Демек фторхинолондарды тек, пайдасы/қаупі мұқият бағаланғаннан кейін және отбасылық анамнезі ауыр, яғни аневризма ауруына генетикалық бейімділігі бар пациенттерде, қолқа аневризмасы және/ немесе қолқаның шарбылануы диагнозы қойылған пациенттерде немесе қолқа аневризмасына және қолқаның шарбылануына (мысалы, Марфан синдромы, Элерс-Данлос васкулярлық синдромы, Такаясу артерииті, алып жасушалы артериит, Бехчет ауруы, гипертония, белгілі атеросклероз) бейім басқа да қауіп факторлары немесе жағдайлары болған кезде емдеудің басқа нұсқаларын қарастырғаннан кейін ғана пайдалану керек.

Кенеттен іш, кеуде немесе арқа ауырған жағдайда, пациенттер дереу жедел жәрдем дәрігерімен кеңесуі керек.

S. pneumoniae тудырған, шығу тегі бактериялық, созылмалы бронхиттің асқынуын емдеуде ломефлоксациннің қауіпсіздігі мен тиімділігі көрсетілмеген. Егер қоздырғышы S. pneumoniae болуы ықтималдығы бар болса, бұл препаратты шығу тегі бактериялық, созылмалы бронхиттің асқынуын емдеу үшін эмпирикалық түрде қолдануға болмайды.

Ломефлоксациннің көкірің таяқшасынан туындаған, бактериемиясы бар пациенттерді емдеудегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Ломефлоксацин – микробқа қарсы препарат, бактериялық инфекцияларды емдеуге арналған және вирустық инфекцияны емдеуге арналмаған. Пациенттерге емдеудің басында олар өздерін жақсы сезінуі мүмкін екендігі, бірақ препаратты тағайындалуы бойынша дәл қабылдауды жалғастыра беруі қажет екендігі ескертілуі тиіс. Дозасын жіберіп алған немесе емнің толық курсы орындалмаған жағдайда, емнің тиімділігі төмендеуі және бактериялар резистенттілігінің даму ықтималдығы артуы мүмкін және олар ломефлоксацинмен немесе бактерияға қарсы басқа да препараттармен емдеуге бағынбайтын болады.

Ломефлоксацин фторхинолондық антибиотиктер тобына жатады, сондықтан да:

- ауыр емес және бактерияға қарсы емдеусіз басылуы мүмкін инфекцияларды емдеуде (мысалы, ауызжұтқыншақ инфекциясы);

- бактериялық емес инфекцияларды, мысалы, бактериялық емес (созылмалы) простатитті емдеуде;

- саяхатшылар диареясын немесе төменгі несеп шығару жолдарының қайталанатын инфекцияларының (қуықтан тыс таралмайтын инфекциялар) алдын алу үшін;

- егер әдетте ұсынылатын бактерияға қарсы басқа дәрілерді пайдалануға мүмкіндік болмаса, ол орташа бактериялық инфекцияларды емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс.

Фторхинолонды антибиотиктерді, әсіресе: егде жастағы адамдарда, бүйрек аурулары бар пациенттерде, жүйелік кортикостероидтармен ем қабылдап жүрген пациенттерде, ағзаларын трансплантациялағаннан кейінгі пациенттерде аса сақтықпен пайдалану керек. Бұл пациенттерде фторхинолондық және хинолондық антибиотиктермен емдеу нәтижесінде туындауы мүмкін сіңір зақымдану қаупі жоғары.

Антацидтік дәрілерді, дәрумендерді және құрамында магний, алюминий, темір бар басқа да препараттарды ломефлоксацин қабылданғанға дейін 4 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 2 сағаттан кейін қабылдау керек.

Емдеу аясында құрысулар, қозу, көздің қарығуы, сананың шатасуы, елестеулер сияқты симптомдар пайда болған жағдайда, препаратты тоқтату керек.

Емдеу барысында тұтынылатын сұйықтық мөлшерін арттыру қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ломефлоксацинді қабылдағанда гепатит және басқа фторхинолондарды қабылдағанда бауыр некрозы жағдайлары хабарланды. Егер бауыр ауруының анорексия, сарғаю, несептің қараюы, іштің пальпациясы кезінде қышыну немесе ауыру сияқты белгілері мен симптомдары дамыса, пациенттерге емдеуді тоқтату және дәрігермен кеңесу ұсынылады. Бауырдың функционалдық тестілері/зерттеулері бауыр функциясының бұзылу белгілері пайда болған жағдайларда жүргізілуі тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігінде сақтықпен тағайындалады; ломефлоксациннің шығарылуы төмендеуі мүмкін болғандықтан, мұқият клиникалық бақылау және тиісті зертханалық зерттеулер емдеу басталғанға дейін және емдеу кезеңі бойына жүргізілуі тиіс. Бүйрек функциясы төмендеген (креатинин клиренсі <50 мл/мин) пациенттерде жинақталуын болдырмау үшін дозасын түзету қажет.

Лактоза

Дәрілік препараттың құрамында 92,2 мг мөлшерінде лактоза болуына байланысты тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы ферментінің тапшылығы бар адамдарға қолдануға болмайды.

Педиатрияда қолданылуы

Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Жүкті әйелдерде қолдануға болмайды. Фетоуытты әсер ету жағдайлары (артропатия) сипатталған.

Емшек емізу

Лактация кезеңіндегі әйелдерде қолдануға болмайды (ломефлоксациннің емшек сүтіне өтетін-өтпейтіндігі белгісіз).

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ломуфлоксацин бас айналуды және зейін қою мен қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуын туындатуы мүмкін, сондықтан зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысу мүмкіндігі туралы мәселені пациенттің препаратқа жеке реакциясын бағалағаннан кейін ғана шешу керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ломефлоксацинді әдетте, осы инфекциялардың бастапқы емі үшін ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану қолайсыз деп саналған жағдайларда немесе егер бастапқы емдеу тиімсіз болғанда ғана пайдалану керек.

Ішке (ас ішуге байланыссыз, жеткілікті мөлшерде су ішіп), тәулігіне 1 рет 400 мг-ден. Бүйрек функциясы бұзылған кезде бірінші күні 400 мг, содан кейін тәулігіне 200 мг. Дозасы мен курсының ұзақтығы аурудың ауырлығына және қоздырғыштың сезімталдығына тәуелді.

Ұсынылатын дозалары және ломефлоксацинмен емдеудің ұзақтығы төменде келтірілген:

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Алматы қаласындағы «Lomflox таблеткалары 400 мг №5» бағасының өзгеру диаграммасы

0500100015002000250012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыLomflox таблеткалары 400 мг №5 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
2035

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 287

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Алматы:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

2322

2035

287

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашабойынша дәріханалардағы бағаларды салыстыруНұсқаулықСатып алу мәліметтеріАлматы қаласындағы «Lomflox таблеткалары 400 мг №5» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube