daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Лоринден А Жақпа 15 Г | Jelfa Фармзавод А.О.

Алматы қаласындағы Лоринден А Жақпа 15 Г | Jelfa Фармзавод А.О.
Сипаттама:

Ашық сары реңді ақ, майлы жұмсақ масса. Шығарылу түрі және қаптамасы 15 г препараттан ішкі қабаты лакталған алюминий сықпада. 1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Өндіруші:

Jelfa Фармзавод А.О.

Өндіруші ел:

Республика Польша

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: пропиленгликоль, сусыз ланолин, ақ вазелин Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ашық сары реңді ақ, майлы жұмсақ масса. Шығарылу түрі және қаптамасы 15 г препараттан ішкі қабаты лакталған алюминий сықпада. 1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар – 0,2 мг флуметазон пивалаты, 30,0 мг салицил қышқылы

қосымша заттар: пропиленгликоль, сусыз ланолин, ақ вазелин

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ашық сары реңді ақ, майлы жұмсақ масса.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г препараттан ішкі қабаты лакталған алюминий сықпада.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Қолдану көрсеткіштері

Жақпамай түріндегі Лоринден® A, атап айтқанда, гиперкератоз және басылмайтын қышынумен қатар жүретін салдарлы бактериялық инфекциямен асқынбаған, аллергиялық аялықта жергілікті қолданылады:

себореялық дерматит

атопиялық дерматит

папулездік есекжем

аллергиялық жанаспалы экзема

мультиформалы эритема

қызыл жегі

псориаз

жалпақ теміреткі

Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

глюкокортикостероидтарға, салицил қышқылына және жақпамайдың негізі компоненттеріне жоғары сезімталдық

терінің бактериялық, вирусты және зеңді инфекциялары

желшешек, қарапайым ұшық

тері туберкулезі

вакцинациядан кейінгі реакциялар

тұрпайы және қызғылт безеулер

мерездің терілік түрі

терідегі жаңа түзілімдер

периоральді дерматит

анальді аймағының қышуы

тері ауруларының суланатын және эксудаттық кезеңдері

флебиттер (веналардың варикозды кеңеюі аясында), трофикалық ойық жара

тері ақауы бар (күйіктер) тері жабындарының ауқымды зақымданулары

жүктіліктің I триместрі

2 жасқа дейінгі балалар

жөргектік дерматит

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

глюкокортикостероидтарға, салицил қышқылына және жақпамайдың негізі компоненттеріне жоғары сезімталдық

терінің бактериялық, вирусты және зеңді инфекциялары

желшешек, қарапайым ұшық

тері туберкулезі

вакцинациядан кейінгі реакциялар

тұрпайы және қызғылт безеулер

мерездің терілік түрі

терідегі жаңа түзілімдер

периоральді дерматит

анальді аймағының қышуы

тері ауруларының суланатын және эксудаттық кезеңдері

флебиттер (веналардың варикозды кеңеюі аясында), трофикалық ойық жара

тері ақауы бар (күйіктер) тері жабындарының ауқымды зақымданулары

жүктіліктің I триместрі

2 жасқа дейінгі балалар

жөргектік дерматит

Сақтық шаралары

Үзіліссіз 2 аптадан артық қолдануға болмайды. Ұзақ мерзім қолданған жағдайда дененің ауқымды бөлігінде жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі артады.

Флуметазон пивалатын жергілікті қолдану кезінде гипофиз-бүйрек үсті безі жүйесінің бәсеңдеуінің есебінен гипофиздің АКТГ төмендеуі, қандағы кортизол деңгейінің төмендеуі және емді тоқтатқаннан кейін жойылатын Кушингтің  ятрогенді синдромының  пайда болуы мүмкін. АКТГ бүйрек үсті безінің стимуляциясынан кейін қандағы және несептегі кортизолды анықтау жолымен бүйрек үсті безі қыртысы қызметіне мезгіл-мезгіл бақылау жүргізіп тұру керек.

Жақпамай жағылған орында инфекция пайда болған жағдайда бактерияға қарсы немесе зеңдерге қарсы тиісті емді қолдану керек. Егер инфекцияның симптомдары жойылмаса, инфекцияны емдеу кезінде жақпамайды  қолдануды тоқтату керек.

Препаратты көзге және қабаққа немесе қабақ аумағының терісіне, ашық жараларға және шырышты қабыққа тигізіп алудан аулақ болу керек. Препарат көзге немесе шырышты қабыққа тиген жағдайда оларды жеткілікті мөлшердегі сумен шаю ұсынылады. Жүйелі глюкокортикостероидтарды қолдану кезіндегідей, препаратты сыртқа қолданғаннан кейін катаракта және глаукома немесе орталық сероздық хориоретинопатия (ОСХ) сияқты сирек аурудың дамуы мүмкін.

Көздің бұлыңғырлануы немесе көрудің басқа да бұзылыстары байқалса дәрігермен кеңесіңіз.

Қысқа мерзім қолданғанмен, сіңірілуінің жоғарылығын және жағымсыз әсерлерінің пайда болуын ескере отырып (телеангиэктазиялар, dermatitis perioralis) беттің терісіне, сондай-ақ қолтық асты және шап жағының терісіне тек аса қажет жағдайларда ғана қолдану керек.

Тері асты шелі қабатының атрофиясы болған жағдайда, әсіресе егде жастағы адамдарға сақтықпен қолдану керек.

Препараттың құрамында пропиленгликоль болғандықтан терінің тітіркенуін туындатуы мүмкін.

Препарат құрамында ланолин болғандықтан жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) туындатуы мүмкін.

Балалар

2 жастан асқан балаларда сақтықпен қолданыңыз

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік

Лоринден ® А әйелдерде жүктіліктің II және III триместрлерінде, анада қолданудың пайдасы шаранаға әлеуетті қауіптен асқан кезде ғана қолданылуы мүмкін.

Жақпамайды қолдану кезінде ерекше сақ болу ұсынылады

Бала емізу

Қажет болған жағдайда терінің аздаған аумағына тек қысқа мерзімге қолдануға болады, кеуденің терісіне қолдануға болмайды

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік препарат психомоторлы белсенділікті, көлік құралдарын жүргізуге және қозғалатын механизмдерге қызмет көрсету қабілетін шектемейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Жақпамайдың аз мөлшерін тәулік бойы 1-2 реттен жиі емес терінің зақымданған жерлеріне жұқа қабатпен жағады. Айқын лихенизацияда немесе гиперкератозда окклюзиялы таңғышты қолдануға рұқсат етіледі, оны тәулігіне 1 рет ауыстыру керек. Емдеуді үзіліссіз 2 аптадан артық жүргізуге болмайды. Беттің терісіне 1 аптадан артық жағуға болмайды. Бір апта ішінде 15 г аспайтын жақпамайды (1 сықпа) пайдалануға болады.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Балаларға 2 жастан бастап қажет болған жағдайда ғана терінің аздаған бөлігіне күніне 1 рет аса сақтықпен қолдану керек. Балаларға окклюзиялық таңғыштың астына қолдануға болмайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Жақпамайдың аздаған мөлшерін тәулігіне 1-2 рет зақымданған терінің бөлігіне жұқа етіп жағады. Айқын лихенизацияда немесе гиперкератозда окклюзиялы таңғышты қолдануға рұқсат етіледі, оны тәулігіне 1 рет ауыстыру керек.

Бетке қолдану

Бет терісіне қолдануға болмайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: терінің көп бөлігіне ұзақ қолданғанда келесі симптомдардың пайда болуы мүмкін: ісіну, артериялық гипертензия, инфекцияларға қарсылығының төмендеуі, ал ауыр жағдайларда  Кушинг синдромының  дамуы. Сирек жағдайда салицилаттармен улану симптомдарының пайда болуы мүмкін.

Емі: дәрілік затты біртіндеп тоқтатып, құрамында  глюкокортикостероидтардың мөлшері аз емді пайдалану керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгінуді ұсынамыз

Артық дозалану

Симптомдары: терінің көп бөлігіне ұзақ қолданғанда келесі симптомдардың пайда болуы мүмкін: ісіну, артериялық гипертензия, инфекцияларға қарсылығының төмендеуі, ал ауыр жағдайларда  Кушинг синдромының  дамуы. Сирек жағдайда салицилаттармен улану симптомдарының пайда болуы мүмкін.

Емі: дәрілік затты біртіндеп тоқтатып, құрамында  глюкокортикостероидтардың мөлшері аз емді пайдалану керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгінуді ұсынамыз

Шығарылу түрі

15 г препараттан ішкі қабаты лакталған алюминий сықпада.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25oС-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Салмағы

15 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЛоринден а жақпа 15 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube