Қолдану көрсеткіштері
Жеке, сондай-ақ басқа да тапшылық жағдайларымен астасқан организмдегі расталған магний тапшылығын емдеу.
Келесі симптомдардың болуы магний тапшылығын растауы мүмкін:
– күйгелектік, ашушаңдық, аздаған үрей, өтпелі шаршағыштық,
ұйқының аздаған бұзылуы,
– асқазан-ішек түйілуі немесе жүректің жиі қағуы (жүрек сау
болғанда) секілді үрей белгілері
– бұлшықет құрысуы, бұлшықетте шаншуды сезіну
Магнийді тағайындау осы симптомдарды жеңілдетуге көмектеседі.
Егер емнің бір айынан кейін жақсару байқалмаса, осы
препаратпен монотерапияны жалғастыру жөнсіз болады.