Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - микофенолат мофетилі 250.00 мг;
қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, повидон (К-90), желатинделген крахмал, магний стеараты, тазартылған су.
Қатты желатинді капсуланың құрамы:
қақпақтың құрамы: титанның қостотығы (Е 171), индигокармин (Е 132), натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий лаурил сульфаты, тазартылған су, желатин;
корпустың құрамы: титанның қостотығы (Е 171), бриллиантты көк (E 133), понсо 4R (E 124), күн батар түстес (E 110), натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий лаурил сульфаты, тазартылған су, желатин;
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өлшемі «1», көгілдір қақпақшасы және қара сиямен «Mycept» және «250» деп жазылған қоңыр түсті корпусы бар, қатты желатинді капсулалар.
Капсулалардың ішінде ақ немесе ақ дерлік түсті түйіршіктелген ұнтақ бар.