Қолдану көрсеткіштері
Месопраль, 20 мг
Ересектер
Гастро-эзофагеальді рефлюкстік ауруда (ГЭРА):
эрозиялық рефлюкс-эзофагитті емдеуде
эрозиялық рефлюкс-эзофагит жазылғаннан кейін қайталануды болдырмау үшін ұзақ демеуші емде;
гастро-эзофагеальді рефлюкстік ауруды симптоматикалық емде (ГЭРА).
Helicobacter pylori эрадикациясына арналған бактерияға қарсы терапияның тиісті схемаларымен үйлесімде:
Helicobacter pylori-мен байланысты он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу;
Helicobacter pylori-мен байланысты асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының қайталануының алдын алу.
Қабынуға қарсы стероид емес препараттармен (ҚҚСП) ұзақ емдеуді қажет ететін пациенттер:
ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазанның ойық жарасын емдеу;
қауіп тобына жататын пациенттерде ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының алдын алу.
Золлингер-Эллисон синдромын емдеу.