daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Микардис Таблеткалары 80 Мг №28 | Берингер Ингельхайм Австрия

Алматы қаласындағы Микардис Таблеткалары 80 Мг №28 | Берингер Ингельхайм  Австрия

Халықаралық атауы:

Телмисартан

Өндіруші:

Берингер Ингельхайм Австрия

Өндіруші ел:

Греческая Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий гидроксиді, повидон К 25, меглумин, сорбитол Р6, магний стеараты. Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы Ұзынша пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті, бір жағында «52Н» таңбасы және екінші жағында компанияның логотипі бар, екі беті дөңес, қалыңдығы 4.4 – 5.0 мм таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

80 мг

Қаптамадағы саны:

28 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Гипертензия

ересектердегі гипертониялық ауруды емдеу

Жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алу

Төмендегідей аурулары бар ересектердегі жүрек-қан тамырлары ауруларын төмендету:

- атеротромботикалық жүрек-қан тамырлары аурулары (жүректің ишемиялық ауруы, инсульт немесе анемнезінде шеткері артерия аурулары бар);

- нысана-ағзаның құжатпен расталған зақымдануы бар 2-ші типті қант диабеті.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға гиперсезімталдық

жүктіліктің екінші және үшінші семестрі

өт жолдарының обструктивті аурулары

ауыр бауыр жеткіліксіздігі

қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Микардис® препаратын және құрамында алискирен бар препараттарды бірге қабылдау (ШСЖ < 60 мл / мин / 1,73 м2 )

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Гипертониялық ауруларды емдеу

Тиімді доза әдетте күніне бір рет 40 мг құрайды. Кейбір пациенттер 20 мг тәуліктік дозадан пайдалы әсер алуы мүмкін. Қажетті АҚ қол жеткізілмеген жағдайларда Микардис® препаратының дозасын күніне бір рет максималды 80 мг-ға дейін арттыруға болады. Дозаны жоғарылату кезінде гипертензияға қарсы максималды әсерге ем басталғаннан кейін төрт-сегіз апта ішінде жетуге болатынын ескеру қажет.
Микардис® телмисартанмен бірге қосымша гипотензивті әсер ететін тиазидті диуретиктермен, мысалы, гидрохлоротиазидпен біріктірілімде қолдануға болады.

Жүрек-қан тамырлары құбылыстарын алдын алу

Ұсынылатын доза күніне бір рет 80 мг құрайды.

80 мг-нан төмен дозалар жүрек-қан тамырлары ауруларын төмендету үшін тиімді екендігі анықталмаған.

Телмисартанды қолданудың бастапқы кезеңінде жүрек-қан тамырлары аурулары мен өлімді алдын-алу үшін артериялық қысымды (АҚ) бақылау ұсынылады, сондай-ақ, артериялық қысымды (АҚ) төмендететін дәрі-дәрмектермен АҚ түзету қажет етілуі мүмкін. Телмисартан қаннан гемофильтрация жолымен шығарылмайды және диализденбейді.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы немесе гемодиализі бар пациенттерде қолдану тәжірибесі шектеулі. Бұл пациенттер үшін 20 мг төмен бастапқы доза ұсынылады («Арнайы нұсқаулар» бөлімін қараңыз). Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі

Микардис® бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге қарсы көрсетілген («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз). Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттерге препараттың тәуліктік дозасы күніне бір рет 40 мг аспауы тиіс.

Балалар

Микардис® препаратын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Қолдану тәсілі

Микардис® таблеткалары тамақтануға қарамастан, тәулігіне бір рет сұйықтықпен пероральді қабылдауға арналған (бүтіндей жұту керек).

Дәрілік затты пайдалану алдында немесе оны қолдану алдында қабылданатын сақтық шаралары

Таблеткалар гигроскопиялық болуына байланысты Микардис® препараты герметикалық блистерде сақталуы керек. Таблеткаларды блистерден тікелей қабылдау алдында алу керек.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Адамдарда артық дозалану жөніндегі мәліметтер өте шектеулі.

Симптомдары: артық дозаланудың ең ықтимал белгілері гипотензия және тахикардия болуы мүмкін, сонымен қатар брадикардия, бас айналу, сарысудағы креатинин деңгейінің жоғарылауы және жедел бүйрек жеткіліксіздігі тіркелді.

Емдеу: Телмисартан қаннан гемофильтрация жолымен шығарылмайды және диализденбейді. Пациенттер мұқият бақылауда болуы керек және қабылдағаннан кейінгі уақытқа және симптомдардың ауырлығына қарай симптоматикалық және демеуші ем жүргізілуі керек. Ұсынылатын шараларға құсықты шақыру және / немесе асқазанды шаю кіреді. Артық дозалануды емдеу кезінде белсендірілген көмірді қолдануға болады. Сарысудағы электролиттер мен креатинин деңгейін жиі бақылау қажет. Гипотензия пайда болған кезде пациент жатқан күйде болуы керек және тұз бен сұйықтықты дереу толтыру қажет.

Шығарылу түрі

7 таблеткадан алюминий фольгамен және баспалы лакталған алюминий фольгамен жабылған, поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

4 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМикардис таблеткалары 80 мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube