Құрамы
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат - 10 мг морфин гидрохлориді
қосымша заттар: 0.1 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе әлсіз сарғыштау реңді ерітінді.

қарқындылығы күшті ауыру синдромында (ауыр жарақаттар, миокард инфарктісі, қатерлі жаңа түзілімдер кезінде, операциядан кейінгі кезеңде)
операция алдындағы премедикацияда
апиындарға, соның ішінде морфинге, немесе қосымша заттарының кез келгеніне жекелей аса жоғары сезімталдық
бассүйек-ми жарақаты
бассүйекішілік гипертензия
инсульт
тыныс алу орталығының бәсеңдеуі салдарынан тыныс алудың бұзылуы
бронх түйілулеріне бейімділік, бронх демікпесі
жүрек ырғағының бұзылулары
бауырдың немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
кахексия
құрысулар, эпилепсия статусы
жалпы қатты жүдеу
шығу тегі түсініксіз іш ауыруы
өт шығару жолдарына жасалатын хирургиялық араласымдар
алкогольмен жедел уыттану
делирий
моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде емдеу
қызба синдромы
жүктілік, бала емізу кезеңі
2 жасқа дейінгі балаларға
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Морфин гидрохлориді препаратын қолданар алдында дәрігердің кеңесі қажет.
Босану кезінде ауыруды басу үшін қолданбайды, өйткені морфин плацентарлық бөгет арқылы өтеді және жаңа туған нәрестеде тыныс алудың бәсеңдеуін туғызуы мүмкін.
Бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы, гипотиреоз, бүйрекүсті бездері қыртысының жеткіліксіздігі, простата гипертрофиясы, шок, миастения, асқазан-ішек жолының қабыну аурулары жағдайында, сондай-ақ 60 жастан асқан пациенттерде сақтықпен қолданады.
Морфин гидрохлориді айқын эйфория туғызады. Морфин гидрохлоридін қайталап қолданғанда психикалық және физикалық тәуелділік жылдам (емдеуді бастағаннан кейін 2 - 14 күннен соң) дамиды. Тоқтату синдромы ұзақ емдеу курсын тоқтатқаннан кейін бірнеше сағаттан соң туындауы және 36 - 72 сағаттан соң ең жоғарғысына жетуі мүмкін.
Емдеу кезінде алкоголь қабылдауға жол бермеу керек.
Артық дозаланған жағдайда дамитын тыныс алу жеткіліксіздігі респираторлық демеу жүргізуді және апиын антагонисі – налоксонды енгізуді қажет етеді, бірақ есірткіге тәуелді адамдарда оны қолдану тоқтату синдромының дамуына алып келуі мүмкін. Демеуші ем налоксонды енгізу арқылы пациентті шок жағдайынан шығаруға да бағытталады. Препараттың енгізілетін мөлшері тыныс алу жеткіліксіздігінің дәрежесіне және кома жағдайының дәрежесіне тәуелді.
Әсіресе егде жастағы пациенттерде препараттың жоғары дозаларын қолдану, циркуляторлық жеткіліксіздік пен кома жағдайының дамуымен жүретін тыныс алу депрессиясы мен гипотензияның дамуына алып келуі мүмкін. Жағымсыз реакциялардың дамуы апиын рецепторларына жекелей сезімталдыққа тәуелді. 2 жастан асқан балаларда құрысулар болуы мүмкін, көп дозаларда қолданғанда бүйрек жеткіліксіздігі үдеуі мүмкін. Конвульсиялар балаларда жиі байқалады. Морфин гидрохлоридінің уыттылығы морфинге жекелей сезімталдыққа және препараттың енгізілген мөлшеріне тәуелді.
Препаратты интраспинальді жолмен енгізгенде респираторлық депрессия жиірек көрініс беруі мүмкін.
Орақ тәрізді жасушалы анемиясы (ОЖА) бар пациенттердегі жедел кеуде қуысы синдромы (ЖКС)
ОЖА бар, вазо-окклюзиялық кризис кезінде морфинді қабылдаған пациенттерде ЖКС мен морфин қолданылуы арасында байланыс болуы мүмкін болғандықтан, ЖКС симптомдарын мұқият мониторингілеу дұрыс болып табылады.
Бүйрекүсті бездерінің жеткіліксіздігі
Апиындық анальгетиктер бүйрекүсті бездерінің қайтымды жеткіліксіздігін туғызуы мүмкін, ол бақылауды және глюкокортикоидтармен алмастыру емін қажет етеді. Бүйрекүсті бездері жеткіліксіздігінің симптомдары мыналарды: жүрек айнуын, құсуды, тәбеттің жоғалуын, шаршауды, әлсіздікті, бас айналуын немесе артериялық қысымның төмендеуін қамтуы мүмкін.
Жыныс гормондарының төмендеуі және пролактиннің жоғарылауы
Апиындық анальгетиктерді ұзақ уақыт қолдану қандағы жыныс гормондары деңгейінің төмендеуін және пролактин деңгейінің жоғарылауын туғызуы мүмкін. Симптомдары либидо төмендеуін, белсіздікті немесе аменореяны қамтуы мүмкін.
Препараттың жоғары дозаларын қолданғанда морфин дозасының ары қарай арттырылуына резистентті гипералгезия туындауы мүмкін. Морфиннің дозасын төмендету немесе апиынды ауыстыру қажет болуы мүмкін.
Бензодиазепиндер сияқты тыныштандыратын препараттарды немесе тектес препараттарды қатарлас қолданудың қаупі:
Морфин гидрохлориді мен бензодиазепиндер сияқты тыныштандыратын препараттарды немесе тектес препараттарды бір мезгілде қабылдау шамадан тыс тыныштануға, тыныстың тарылуына, комаға және өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Аталған қауіптерді ескере отырып, тыныштандыратын препараттармен бір мезгілде тағайындау тек, емдеудің баламалы нұсқалары мүмкін болмаған пациенттер үшін сақталуы тиіс. Егер Морфин гидрохлоридін тыныштаныратын препараттармен бір мезгілде тағайындау туралы шешім қабылданса, ең төменгі тиімді дозасын қолдану керек, емдеу ұзақтығы барынша қысқа болуы тиіс.
Пациенттер тыныс тарылуы мен седацияның белгілері мен симптомдарын мұқият қадағалауы керек. Осыған байланысты, пациенттер мен оларға күтім жасайтын адамдарды аталған симптомдардан хабардар ету табанды түрде ұсынылады. Апиындардың басқа күшті агонистері сияқты, морфиннің шамадан тыс қолданылу ықтималдығы зор, және оны анамнезінде алкогольге немесе есірткіге тәуелділік бар пациенттерде ерекше сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты жүктілік және емшек емізу кезінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Морфин гидрохлоридімен емдеу кезеңінде автокөлік басқармау және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін, қауіптілігі зор басқа қызмет түрлерімен шұғылданбау керек.
Дозалану режимі
Дозалану режимі әркімге жекелей.
Ересектер мен 15 жас шамасындағы және одан үлкен жасөспірімдерге тері астына және бұлшықет ішіне 1 мл-ден (10 мг Морфин гидрохлориді), вена ішіне баяу – 0,5-1 мл-ден (5-10 мг Морфин гидрохлориді) енгізеді.
Симптомдары
Айтарлықтай ерте білінетін және қауіпті көрінісі – тыныс алу орталығның бәсеңдеуі, суық жабысқақ тер, сананың шатасуы, бас айналуы, ұйқышылдық, АҚ төмендеуі, миоз, брадикардия, күрт әлсіздік, тыныстың баяу тарылуы, гипотермия, делириймен жүретін психоз, бассүйекішілік гипертензия (ми қанайналымының бұзылуына дейін), елестеулер, бұлшықеттердің сіресуі, құрысулар, ауыр жағдайларда – естен тану, тыныстың тоқтап қалуы, кома. Кома жағдайы қарашықтардың кішіреюімен, тыныс алу депрессиясымен көрініс береді, ол артық дозаланғанын білдіруі мүмкін. Қарашықтардың дилатациясы гипоксия дамығанын білдіреді. Артық дозалануынан кейін өкпенің ісінуі өлімнің жалпы себебі болып табылады. Өлім тыныс алу жеткіліксіздігінен болуы мүмкін. Аспирациялық пневмония.
Емі
Жалпылама реанимация шаралары, апиындық анальгетиктердің антагонистерін (налоксон, налорфин) тағайындау. Морфинмен улану кезіндегі арнайы антидоты налоксон (вена ішіне 0,01 мг/кг-ден, қажет болған жағдайда – әр 20-30 минут сайын, содан соң 2 сағат үзіліспен, тыныс алу қалпына келгенге дейін бұлшықет ішіне) болып табылады. Трансфузиялық ем, оксигенотерапия, перитонеальді диализ жүргізіледі. Пациент есін жоғалтпаған жағдайда, белсендірілген көмірді пероральді қолдануға болады. Аналептиктерді қолдануға болмайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғанда қажет болатын шаралар
Ұмытылған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.
Тоқтату симптомдарының қаупі бар екенін көрсету
Емдеуді тоқтатқанда, егер апиындарды қабылдау күрт тыйылса, абстиненция синдромы жеделдеуі мүмкін. Сондықтан, қабылдау толық тоқтатылғанға дейін дозасы біртіндеп төмендетілуі тиіс.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну жөнінде нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
Өте жиі
құсу (әсіресе, емдеудің басында)
жүрек айнуы
іш қату
артериялық қысымның төмендеуі
тахикардия
бас айналуы
ұйқышылдық
айқын қажу
жалпы әлсіздік
ысқырып дем алу
бет гиперемиясы
бет терісінің бөртпесі
қатты тершеңдік
дисфония
Жиі
ауыздың шырышты қабығының құрғауы
анорексия
өт шығару жолдарының тегіс бұлшықеттерінің түйілуі
гастралгия
брадикардия
тыныс тарылуы (әсіресе, кішкентай балаларда)
бронх түйілуі
бас ауыруы
тремор
бұлшықеттердің еріксіз тартылулары
бұлшықеттердің қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы
парестезиялар
күйгелектік
депрессия
сананың шатасуы
соңынан ми қанайналымының бұзылу ықтималдығымен бассүйекішілік қысымның жоғарылауы
ұйқысыздық
диурездің төмендеуі
несепағарлардың түйілуі (несеп шығару кезінде қиналу және ауыруы, несеп шығаруға жиі қысылу)
либидо және/немесе потенцияның төмендеуі
тері бөртпесі
есекжем
қышыну
беттің ісінуі
көмейдің ісінуі
ларингоспазм
қалтырау
гиперемия
ісіну
екпе жасаған жердің ашытуы
көру арқылы қабылдау анықтығының бұзылуы
миоз
нистагм
эйфория немесе жайсыздық сезімі
Сирек
холестаз белгілерімен гепатоуыттылық
атония
салданған илеус
уытты мегаколон (ішектің ауыр қабыну аурулары кезінде)
артериялық қысымның жоғарылауы
мазасыз ұйқы
ОЖЖ бәсеңдеуі
көп дозаларын енгізгенде – бұлшықеттердің сіресуі
парадокстық қозу
мазасыздық
Өте сирек
құрысулар
түнгі шым-шытырық түстер
елестеулер
тыныштандыратын немесе қоздыратын әсер (әсіресе, егде жастағы пациенттерде) делирий
зейін қоюға қабілеттіліктің төмендеуі
тәуелділік
қуық сфинктерінің түйілуі
несептің ағып шығуының бұзылуы немесе қуықасты безінің гиперплазиясы мен несеп шығару өзегінің стенозы кезінде осы симптомның ушығуы
құлақтың шыңылдауы
толеранттылық
«тоқтату синдромы» (түшкіру, ринит, күйгелектік, ашушаңдық, тершеңдік, тремор, бұлшықет ауырулары, диарея, жүрек айнуы, құсу, тахикардиялар, мидриаз, гипертермия, анорексия, асқазанның түйілулері, жалпы әлсіздік, бас ауыруы және басқа вегетативтік симптомдар)
Белгісіз
анафилактоидтық реакциялар
аллодиния, гипералгезия
гипергидроз
ауыздың құрғауы
дисфориялық көңіл-күй, мазасыздық
тәуелділік
есірткіге тәуелділік синдромы және тоқтату (бас тарту) синдромы
ұйқыдағы орталық апноэ синдромы
панкреатит
Одди сфинктерінің түйілуі
жедел жайылған экзантематозды пустулез (ЖЖЭП)
Жекелей жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Есірткіге тәуелділік
Морфин гидрохлориді препаратын қайта қолдану тіпті емдік дозаларда да қолдану дәріге тәуелділікке әкелуі мүмкін. Есірткіге тәуелділіктің даму қаупі пациенттегі жеке қауіп факторларына, апиындармен емдеудің дозасы мен ұзақтығына байланысты өзгеруі мүмкін.
Апиындық анальгетиктерді қолдану физикалық және/немесе психологиялық тәуелділіктің немесе толеранттылықтың дамуымен байланысты болуы мүмкін. Апиындарды күрт тоқтату немесе апиындар антагонистерін енгізу абстиненттік синдромға түрткі болуы мүмкін, немесе кейде дозалары арасында көрініс беруі мүмкін.
Абстиненцияның физиологиялық симптомдары: тұла бойдың ауыруын, треморды, мазасыз аяқтар синдромын, диареяны, құрсақ қуысының шаншуларын, жүрек айнуын, тұмау тәрізді симптомдарды, тахикардияны және мидриазды қамтиды.
Психологиялық симптомдары дисфориялық көңіл-күйді, мазасыздық пен ашушаңдықты қамтиды. Есірткіге тәуелділікте «есірткіге әуестік» жиі кездеседі.
Шыныдан жасалған, сындыру сақинасы немесе нүктесі, капиллярында екі қызыл шеңбері бар, шприцпен толтырылатын ампулаларға 1 мл препараттан құйылады.
Әр ампулаға заттаңба желімденеді.
5 ампуладан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Дәрілік препараты бар қорапшалар картон қораптарға салынады.
Қорапшаға салмай қаптауға рұқсат етіледі: пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтардың саны қаптамалардың санына қарай қоса салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.