Қолдану көрсеткіштері
Нафтизин ересектерде қолданылады:
– жедел ринит кезінде
– аллергиялық ринит кезінде
– риноскопия жүргізуді жеңілдету үшін
Нафтизин ересектерде қолданылады:
– жедел ринит кезінде
– аллергиялық ринит кезінде
– риноскопия жүргізуді жеңілдету үшін
нафазолин нитратына (нафтизинге) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
артериялық гипертензия
айқын атеросклероз
тиреотоксикоз
созылмалы ринит
атрофиялық ринит
көздің ауыр аурулары
жабық бұрышты глаукома
қант диабеті
тахикардия
моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерін бір мезгілде қабылдау және оларды қолдану аяқталғаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең
қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясына байланысты несеп шығарудың бұзылуы
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Резорбтивті әсер көрсетуі мүмкін.
Ұзақ уақыт қолданған кезде вазоконстрикторлы әсердің ауырлығы біртіндеп төмендейді (тахифилаксия құбылысы), сондықтан 5-7 күн қолданғаннан кейін бірнеше күн үзіліс жасау ұсынылады.
Бір тамшылатқыш құтыны біреуден көп пациенттің қолдануы инфекцияның таралуына ықпал етуі мүмкін.
Препаратты жүрек-қантамыр жүйесі ауруларында (жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия)), қуықасты безінің гиперплазиясында, феохромоцитомада, жүктілік және бала емізу кезеңінде сақтықпен қолдану керек.
Шырышты қабықтың ісінуін жоюға арналған препараттарды ұзақ уақыт қолдану ісінуге және мұрынның шырышты қабығының кейінгі атрофиясына әкелуі мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Айқын артериялық гипертензияның даму қаупінің жоғарылауы салдарынан МАО тежегіштерімен бір мезгілде немесе оларды қолдану аяқталғаннан кейін 14 күн ішінде қолдануға болмайды.
Нафтизин жергілікті анестетикалық дәрілік заттардың сіңуін баяулатады (беткейлік анестезия кезінде олардың әсерін ұзартады).
Басқа тамыр тарылтатын дәрілік заттарды бірге тағайындау жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін арттырады.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану ана үшін күтілетін емдік әсері шаранада немесе балада жағымсыз әсерлердің дамуының потенциалды қаупінен асып кеткен жағдайларда қатаң көрсетілімдер бойынша ғана мүмкін болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту қажет.

Дозалау режимі
Жедел және аллергиялық ринит кезінде күніне 3-4 рет 1-3 тамшы ерітінді тағайындалады.
Риноскопияда беткейлік анестезияны ұзарту үшін 1 мл анестетикпен 2-4 тамшы ерітінді қолданылады.
Енгізу жолы және тәсілі
Препарат интраназальді түрде қолданылады.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты 7 күннен асырмай қолдану ұсынылады («Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз).
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Препаратпен артық дозалануы немесе кездейсоқ жұтылуы препараттың жүйелі әсерінің симптомдарымен көрініс табуы мүмкін: күйгелектік, қатты тершеңдік, бас ауыруы, тремор, жүрек соғуын сезіну, тахикардия, гипертензия. Терінің бозаруы, цианоз, қызба, жүрек айнуы, түйілу, жүрек ұстамасы, жүрек тоқтауы, өкпе ісінуі, тыныс алудың бұзылуы, психикалық бұзылулар туындауы мүмкін. Орталық жүйке жүйесіне бәсеңдетуші әсер келесі симптомдармен көрініс табады: дене температурасының төмендеуі, брадикардия, қатты тершеңдік, ұйқышылдық, шок жағдайы, апноэ, кома.
Кездейсоқ артық дозаланғанда препаратты қолдануды тоқтатып, дереу дәрігерге көріну керек.
Емі симптоматикалық.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Егер препаратты қолдану әдісіне қатысты күмән туындаса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу керек.
Препаратты тек нұсқаулықта көрсетілген көрсетілімдерге сәйкес қолданыңыз.
10 мл-ден бұрандалы қақпақтары немесе полимер қалпақшалары бар полимерлі тамшылатқыш құтыларда. Тамшылатқыш құтыға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.
1 тамшылатқыш құтыдан препаратты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Препаратты ашқаннан кейін сақтау мерзімі – 1 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.