daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Nise Fast Спрейі 1% 35г | Encube Ethicals Private Limited

Алматы қаласындағы Nise Fast Спрейі 1% 35г | Encube Ethicals Private Limited
Сипаттама:

Өзіне тән иісі бар түссізден ашық сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Халықаралық атауы:

Нимесулид

Өндіруші:

Encube Ethicals Private Limited

Өндіруші ел:

Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: диметилсульфоксид, диметилфталат, этанол, 2-пропанол, лимон қышқылы моногидраты, «Relaxin Warmth» хош иістендіргіші. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Өзіне тән иісі бар түссізден ашық сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

1%

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

1 г препараттың құрамында

белсенді зат:  нимесулид 10 мг

қосымша заттар: диметилсульфоксид, диметилфталат, этанол, 2-пропанол, лимон қышқылы моногидраты, «Relaxin Warmth» хош иістендіргіші.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар түссізден ашық сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Қолдану көрсеткіштері

Найз® Фаст спрейі белдегі қатты ауырсыну, тендинит, теносиновит және байламдардың созылуында жергілікті ауырсынуды басуға арналған.

Қарсы көрсеткіштер

- нимесулидке немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

- ацетилсалицил қышқылы немесе простагландиндер синтезін тежейтін басқа дәрілік заттар ринит, есекжем немесе бронх түйілуі сияқты аллергиялық реакцияларды тудыратын пациенттерге

- қолдану саласындағы эпидермистің зақымдануы және тері жабындарының инфекциясы, дерматоздар

- жергілікті қолдануға арналған басқа препараттармен бір мезгілде қолдану

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

Сақтық шаралары

Найз® Фаст беті ашық жараларға түспеуі үшін терінің зақымданбаған жерлеріне ғана қолданған жөн.

Найз® Фаст көзге немесе шырышты қабыққа түспеуі тиіс, абайсызда жанасқан кезде дереу сумен шайып жіберу керек.

Препаратты ішке қабылдауға болмайды. Дәріні жаққаннан кейін қолдарды жуу керек.

Найз® Фаст окклюзиялық таңғышпен қолдануға болмайды.

Пайдаланып болғаннан кейін құтыны мықтап жабу керек.

Өзара әрекеттесуі

Нимесулидті сырттай қолданған кезде басқа дәрілік заттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулері сипатталмаған. 

Нимесулидтің қан плазмасы ақуыздарымен байланысы үшін бәсекелес препараттармен фармакокинетикалық тұрғыдан өзара әрекеттесуі жоққа шығарылмайды. 

Нимесулидті дигоксинмен, фенитоинмен, литий препараттарымен, диуретиктермен, циклоспоринмен, метотрексатпен, басқа да ҚҚСП-мен, гипотензивті және гипогликемиялық дәрілермен бір мезгілде қолданған кезде сақ болған жөн. Егер Сіз аталған заттарды қолдансаңыз немесе дәрігердің бақылауында болсаңыз, спрейді қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.

Арнайы нұсқаулар

Жағымсыз әсерлері барынша қысқа уақыт кезеңінде ең аз тиімді дозаны пайдаланған кезде төмендеуі мүмкін.

Асқазан-ішектен қан кету, ойық жара ауруы, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі, бауыр жеткіліксіздігі, қан ұюдың ауыр бұзылыстары немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Найз® Фаст сақтықпен қолдану керек.

Препарат аса жоғары сезімталдығы бар адамдарда зерттелмегендігінен, басқа ҚҚСП-ға белгілі аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерді емдеу кезінде ерекше сақ болу керек. Емдеу үдерісінде аса жоғары сезімталдықтың даму мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

Тері реакциясы

Нимесулидті қолдану кезінде тіркелген дәрілік бөртпе (ТДБ) жағдайлары туралы хабарланды.

Нимесулидті анамнезінде нимесулидпен байланысты ТДБ бар пациенттерге қайта тағайындауға болмайды.

Диметилсульфоксид

Терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Найз® Фаст 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде және бала емізу кезінде препаратты қолдануға болмайды.

Фертильділік

Жануарларда репродуктивті уыттылықты зерттеуде эмбриоуытты және тератогендік әсерлер байқалды (қаңқа ақаулары, жүрек қарыншаларының кеңеюі). Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі жануарларда тұқымдардың өлімінің жоғарылауы байқалды, ал нимесулид фертильділікке теріс әсер етті.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Сыртқа. Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға.

Зақымданған аймақтың үстіндегі теріге тәулігіне 3-4 рет 5 рет бүркіңіз. 

Спрейдің мөлшері және оны қолдану жиілігі (тәулігіне 4 реттен көп емес) өңделетін жердің көлеміне және аурудың ағымына байланысты болуы мүмкін. 

Енгізу әдісі және жолы

Құтыны терінің беткі қабатынан шамамен 10-15 см қашықтықта тігінен ұстап тұрып, тек тазартылған және құрғақ теріге жағу керек. Әр бүркудің ұзақтығы – 1 секунд. 2-3 рет бүркуден кейін препаратты зақымданған аймақтың айналасына кеңінен тарата отырып, теріге абайлап сіңдіру керек. Препаратты қарқынды түрде сіңдіруге немесе окклюзиялық таңғышты қолдануға болмайды. 

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы көрсетілімдеріне байланысты. Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 10 күннен артық қолдануға болмайды. 

Емдік әсері болмаған кезде дәрігермен кеңесіңіз.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған. Дозалау режимі бұзылған кезде және препараттың көп мөлшерін (50 г-нан асатын) терінің ауқымды жерлеріне жаққан кезде артық дозаланудың дамуы жоққа шығарылмайды. Арнайы антидот жоқ. Дәрігерге көріну керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу үшін жүгіну ұсынымдары

Препаратты қабылдау бойынша сұрақтар туындаған кезде дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу керек.

Артық дозалану

Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған. Дозалау режимі бұзылған кезде және препараттың көп мөлшерін (50 г-нан асатын) терінің ауқымды жерлеріне жаққан кезде артық дозаланудың дамуы жоққа шығарылмайды. Арнайы антидот жоқ. Дәрігерге көріну керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу үшін жүгіну ұсынымдары

Препаратты қабылдау бойынша сұрақтар туындаған кезде дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу керек.

Жанама әсерлері

Жағымсыз реакциялар абсолюттік жиіліктің кему ретімен тізбеленген. Жиіліктер өте жиі (1/10); жиі (1/100-ден < 1/10-ға дейін); жиі емес (1/1000-нан < 1/100-ге дейін); сирек (1/10 000-нан < 1/1000-ға дейін); өте сирек (< 1/10 000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес) ретінде берілген.

Жиі емес:

– қышыну

Өте сирек:

– есекжем, қабыршақтану; нимесулидтің жергілікті түрлерін қолданған кезде тері түсінің өткінші түрде өзгеруі мүмкін (препаратты тоқтатуды талап етпейді). 

Препаратты терінің ауқымды жерлеріне жаққанда немесе ұзақ уақыт қолданғанда нимесулидке тән жүйелі жағымсыз реакциялардың дамуы жоққа шығарылмайды:

- қыжыл, жүрек айну, құсу, диарея, асқазанның ауыруы, асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының ойық жаралануы, «бауыр» трансаминазаларының белсенділігінің артуы

- бас ауыру, бас айналу

сұйықтықтың кідірісі, гематурия

аллергиялық реакциялар (анафилаксиялық шок, тері бөртпесі)

- тромбоцитопения, лейкопения, анемия, агранулоцитоз, қан кету уақытының ұзаруы 

Белгісіз

- тіркелген дәрілік бөртпе

Шығарылу түрі

35 г препараттан бүріккіш құрылғымен және қорғаныс қалпақшасымен жабдықталған тығыздығы жоғары полиэтилен құтыға құйылады. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Салмағы

35 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыNise fast Спрейі 1% 35г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube