daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Небилонг Таблеткалары 10 Мг №30 | Микро Лабс Лимитед

Алматы қаласындағы Небилонг Таблеткалары 10 Мг №30 | Микро Лабс Лимитед
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, бір жағында сызығы бар ақ немесе ақ дерлік түсті жалпақ таблеткалар (2.5 мг және 10 мг дозалары үшін).

Халықаралық атауы:

Небиволол

Өндіруші:

Микро Лабс Лимитед

Өндіруші ел:

Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, бетадекс (бетациклодекстрин), натрий кроскармеллозасы, диоктилнатрий сульфосукцинаты, повидон К-30, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил-200), тальк, магний стеараты.

Белсенді заттың дозасы:

10 мг

Дәрілік түрі:

Таблеткалар, 2.5 мг және 10 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- эссенциальді гипертензияда

- ≥ 70 жас шамасындағы егде пациенттердегі жүректің ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі тұрақты созылмалы жеткіліксіздігін емдеу үшін стандартты емдеу әдістеріне қосымша ретінде.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер ететін затына немесе препараттың басқа компоненттерінің біреуіне жоғары сезімталдық

- бауыр жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының бұзылуы

- инотропты әсері бар әсер ететін заттарды вена ішіне енгізуді талап ететін жүректің жедел жеткіліксіздігі, кардиогендік шок немесе жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсация кезеңдері.

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер, өйткені препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған

- лактация кезеңі

- тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге.

Бұдан басқа, өзге де -адреноблокаторлар секілді, Небилонгты төмендегілерде қолдануға болмайды:

- синоатриальді блокаданы қоса, синустық түйін әлсіздігі синдромы (sick-sinus-syndrom)

- II және III дәрежедегі АВ-блокада (кардиостимуляторсыз)

- анамнезіндегі бронх түйілуі және бронх демікпесі

- емделмеген феохромоцитома

- метаболизмдік ацидоз

- брадикардия (емді бастағанға дейін жүректің жиырылу жиілігі минутына 60-тан төмен),

- артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым 90 мм с.б. төмен)

- шеткері қанайналымның ауыр бұзылулары

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік

Небиволол жүктілікке және/немесе шаранаға және жаңа туған нәрестеге теріс әсері бар фармакологиялық әсер иеленген. Жалпы, -адреноблокаторлар плацентаға қанның ағып келуін азайтады, онымен өсудің баяулауы, жатырішілік өлім, түсік және уақытынан бұрын басталатын толғақты байланыстырады. Шаранада және жаңа туғандарда, мысалы, гипогликемия және брадикардия секілді жағымсыз құбылыстар орын алуы мүмкін. Егер -адреноблокаторлармен емдеу қажет болса, 1-селективті -адреноблокаторларды таңдау керек.

Небивололды жүктілік кезінде оған қатты қажеттілік болғанда ғана қабылдау керек. Егер небивололмен емдеу қажет болса, жатырлық-плаценталық қан ағымын және шарананың өсуін бақылау керек. Жүктілікке немесе шаранаға зиянды әсері анықталған жағдайда баламалы препараттармен емдеуді қарастыру керек. Жаңа туған балаларды мұқият бақылау керек. Гипогликемия және брадикардия секілді симптомдардың пайда болуын, көптеген жағдайда алғашқы 3 күн ішінде күтуге болады.

Лактация

Деректер жоқ.

Фертильділік

Деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Небилонга психомоторлық функцияға әсер етпейді. Көлік құралын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеуде кейде бас айналуы мен шаршау сезімінің орын алу мүмкіндігін ескеру керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Эссенциальді гипертензия

Ересектер

Доза тәулігіне 1 таблетка (5 мг небиволол) құрайды, оны үнемі тәуліктің белгілі бір мезгілінде қабылдаған дұрыс.

Гипотензиялық әсері 1-2 апта емделуден кейін көрініс береді. Кейде ұтымды әсеріне 4 апта өткен соң ғана жетеді.

Басқа гипотензиялық дәрілермен біріктіру

-адренорецепторлар блокаторларын монотерапия ретінде де, басқа гипотензиялық дәрілермен біріктіріп те қолдануға болады. Әлі күнге дейін қосымша гипотензиялық әсері 5  мг Небилонгтың 12,5-25 мг гидрохлортиазидпен біріктірілімінде ғана байқалды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін науқастарға ұсынылған бастапқы дозасы тәулігіне 2,5 мг құрайды. Қажет болса, тәуліктік дозаны 5 мг дейін арттыруға болады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Препаратты бауыр жеткіліксіздігі немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдануға қатысты деректердің шектеулі ғана саны бар. Осы себепті ондай пациенттерде Небилонгты қолдануға болмайды.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке

Таблеткаларды тамақпен бірге қабылдауға болады.

Препаратты қолданар алдында немесе оны пайдалану кезінде қабылданатын сақтық шаралары

Егде жастағы пациенттер

65 жастан асқан пациенттерге ұсынылған бастапқы доза тәулігіне 2,5 мг құрайды. Қажет болса, тәуліктік дозаны 5 мг дейін арттыруға болады. Алайда, препаратты 75 жастан асқан пациенттерде қолдану тәжірибесінің жеткіліксіздігін ескеріп, оны осы пациенттерге тағайындағанда сақ болу және мұқият бақылау қажет болады.

Балалар мен жасөспірімдер

Небилонгтың балалар мен 18 жастан кіші жасөспірімдердегі қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған. Осы себепті препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.

Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі

Жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігін емдеу жекеше оңтайлы демеуші дозасына жеткенше дозаны баяу титрлеуден басталуы тиіс.

Мұндай пациенттерге препарат, егер оларда жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігі оның соңғы 6 ай ішіндегі жедел декомпенсация көріністерінсіз орын алған жағдайда, тағайындалады.

Жүректің созылмалы жеткіліксіздігін емдеуді тәжірибелі дәрігер жүргізуге тиіс.

Небилонгпен емдеуді бастар алдында диуретиктер және/немесе дигоксин және/немесе АӨФ тежегіштері және/немесе ангиотензин II рецепторларының антагонистері қамтылатын жүрек-қантамыр препараттарын қабылдайтын пациенттерде осы дәрі-дәрмектердің іріктелген дозасы соңғы 2 апта бойы тұрақты болуға тиіс.

Бастапқы дозаны, осы орайда біреуден екі аптаға дейінгі аралықтарды ұстанып және пациенттегі осы дозаның көтерімділігіне сүйеніп, мына сызба бойынша титрлеу керек:

Тәулігіне бір рет 1,25 мг небивололды, тәулігіне бір рет 2,5 мг дейін, сонан соң тәулігіне бір рет 5 мг дейін, ал артынан тәулігіне бір рет 10 мг дейін арттыруға болады.

Ең жоғары ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 10 мг небивололды құрайды.

Емдеудің басында және дозаны әр арттырған сайын пациент клиникалық жағдайдың тұрақты күйде қалатынына көз жеткізу үшін (әсіресе, артериялық қысым, жүректің жиырылу жиілігі, өткізгіштік бұзылуы, сондай-ақ жүрек жеткіліксіздігінің ауырлап кету симптомдары тұрғысынан) 2 сағаттан кем емес уақыт бойы тәжірибелі дәрігердің бақылауында болуға тиіс.

Жағымсыз әсерлердің пайда болуы пациенттердің бәрінің бірдей ең жоғары ұсынылатын дозалармен емделмеуі мүмкіндігіне әкелуі мүмкін. Қажет болса, шегіне жеткен дозаны қайтадан сатылап азайтуға немесе, тиісінше, оған қайта оралуға болады.

Жүрек жеткіліксіздігінің өршуінде немесе препаратты көтере алмаушылықта оны титрлеу фазасында небиволол дозасын әуелі азайту немесе, қажет болса (ауыр гипотензия пайда болғанда, өкпенің жедел ісінуімен жүрек жеткіліксіздігі өршігенде, кардиогенді шок дамуында, симптоматикалық брадикардияда немесе АВ блокадасында), дереу оны тоқтату ұсынылады.

Әдетте, жүректің тұрақты созылмалы жеткіліксіздігін небивололмен емдеу ұзақ мерзімді болып табылады.

Небивололмен емдеуді күрт тоқтатуға болмайды, өйткені, бұл жүрек жеткіліксіздігінің уақытша өршуіне әкелуі мүмкін. Егер препаратты тоқтату қажет болса, дозаны сатылап төмендетіп, оны бір апталық аралықпен екі есе азайту керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Дозаны ең жоғары көтерімдісіне дейін титрлеу әркімге жеке жүргізілетіндіктен, оны ауырлық дәрежесі жеңілден орташаға дейінгі бүйрек жеткіліксіздігінде түзету талап етілмейді.

Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар (сарысу креатинині ≥ 250 мкмоль/л) науқастарда препаратты қолдану тәжірибесі жоқ. Сондықтан осы пациенттерде небивололды қолдану ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолдануға қатысты деректердің шектеулі ғана саны бар. Осы себепті мұндай пациенттерде Небилонгты қолдануға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

Дозаны ең жоғары көтерімдісіне дейін титрлеу әркімге жеке жүргізілетіндіктен, оны түзету талап етілмейді.

Балалар мен жасөспірімдер

Небилонгтың балалар мен 18 жастан кіші жасөспірімдердегі қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған. Осы себепті препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Небилонгтың артық дозалануы туралы деректер жоқ.

-адреноблокаторлармен артық дозалану симптомдарына: брадикардия, артериялық гипотонзия, бронх түйілуі және жүректің жедел жеткіліксіздігі жатады.

Емі

Артық дозаланған немесе аса жоғары сезімталдық реакциясы дамыған жағдайда пациентті тұрақты бақылаумен және қарқынды ем бөлімі жағдайларында емдеумен қамтамасыз ету керек. Қандағы глюкоза мөлшерін бақылау ұсынылады. Асқазан-ішек жолында болатын әсер етуші заттың сіңуін асқазанды шаюмен, белсендірілген көмір мен іш жүргізгіш дәрілер тағайындаумен бөгеуге болады. Өкпені жасанды желдету керек болуы мүмкін. Брадикардия немесе жоғары ваготонияны қайтару үшін атропин немесе метилатропинді енгізу ұсынылады. Гипотензия мен шокты емдеуді плазма/плазма алмастырғыштар және қажет болғанда катехоламиндердің көмегімен жүргізу керек.

Бета-бөгейтін әсерін күтілген әсеріне жеткенше изопреналин гидрохлоридін, шамамен 5 мкг/мин жуық дозадан бастап немесе добутаминді 2,5 мкг/мин дозадан бастап баяу вена ішіне енгізумен басуға болады. Резистенттілік жағдайында изопреналинді допаминмен біріктіруге болады. Егер осы шара күтілген әсеріне әкелмесе, онда 50-100 мкг/кг есебімен глюкагонды в\і енгізуге болады. Қажет болғанда инъекцияны бір сағаттың ішінде қайталауға болады және егер қажет болса глюкагонның 70 мкг/кг/сағ есебімен в/і инфузиясын жасау керек. Емге төзімді брадикардияның жедел жағдайларында кардиостимулятор қолдануға болады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алыңыз

Артық дозалану

Небилонгтың артық дозалануы туралы деректер жоқ.

-адреноблокаторлармен артық дозалану симптомдарына: брадикардия, артериялық гипотонзия, бронх түйілуі және жүректің жедел жеткіліксіздігі жатады.

Емі

Артық дозаланған немесе аса жоғары сезімталдық реакциясы дамыған жағдайда пациентті тұрақты бақылаумен және қарқынды ем бөлімі жағдайларында емдеумен қамтамасыз ету керек. Қандағы глюкоза мөлшерін бақылау ұсынылады. Асқазан-ішек жолында болатын әсер етуші заттың сіңуін асқазанды шаюмен, белсендірілген көмір мен іш жүргізгіш дәрілер тағайындаумен бөгеуге болады. Өкпені жасанды желдету керек болуы мүмкін. Брадикардия немесе жоғары ваготонияны қайтару үшін атропин немесе метилатропинді енгізу ұсынылады. Гипотензия мен шокты емдеуді плазма/плазма алмастырғыштар және қажет болғанда катехоламиндердің көмегімен жүргізу керек.

Бета-бөгейтін әсерін күтілген әсеріне жеткенше изопреналин гидрохлоридін, шамамен 5 мкг/мин жуық дозадан бастап немесе добутаминді 2,5 мкг/мин дозадан бастап баяу вена ішіне енгізумен басуға болады. Резистенттілік жағдайында изопреналинді допаминмен біріктіруге болады. Егер осы шара күтілген әсеріне әкелмесе, онда 50-100 мкг/кг есебімен глюкагонды в\і енгізуге болады. Қажет болғанда инъекцияны бір сағаттың ішінде қайталауға болады және егер қажет болса глюкагонның 70 мкг/кг/сағ есебімен в/і инфузиясын жасау керек. Емге төзімді брадикардияның жедел жағдайларында кардиостимулятор қолдануға болады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алыңыз

Шығарылу түрі

Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 3 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыНебилонг таблеткалары 10 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube