daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Нейротекс Таблеткалары 125 Мг №30 | JSC «Rafarma»

Алматы қаласындағы Нейротекс Таблеткалары 125 Мг №30 | JSC «Rafarma»
Сипаттама:

Дөңгелек, екі беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең кесіндісінде ақ немесе сарғыштау реңді ақ түсті ядро көрініп тұрады.

Өндіруші:

JSC «Rafarma»

Өндіруші ел:

Россия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза (МКЦ-102), картоп крахмалы, повидон (К90), натрий кроскармеллозы, магний стеараты, қабықтың құрамы: Опадрай II ақ 85F48105 (поливинил спирті, макрогол, тальк, титанның қостотығы (Е 171)). Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек, екі беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең кесіндісінде ақ немесе сарғыштау реңді ақ түсті ядро көрініп тұрады.

Белсенді заттың дозасы:

125 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 125 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

НЕЙРОТЕКС® ересектерде қолдануға арналған:

ми қанайналымының жедел бұзылуларының салдарлары кезінде, соның ішінде транзиторлық ишемиялық шабуылдардан кейін, субкомпенсация фазасында профилактикалық курстар ретінде;

жеңіл бассүйек-ми жарақатында, бассүйек-ми жарақатының салдарларында;

шығу тегі әр түрлі (дисциркуляторлық, дисметаболизмдік, жарақаттан кейінгі, аралас) энцефалопатияларда;

вегетативтік дистония синдромында;

шығу тегі атеросклероздық, жеңіл когнитивтік бұзылыстарда;

невроздық және невроз тәрізді жай-күйлер кезіндегі үрейлі бұзылыстарда;

жүректің ишемиялық ауруында кешенді ем құрамында;

невроз тәрізді және вегетативтік-қантамырлық бұзылыстардың, постабстиненттік бұзылыстардың басымдығымен жүретін маскүнемдік кезіндегі абстиненциялық синдромды басу үшін;

психозға қарсы дәрілермен жедел уыттанудан кейінгі жай-күйлерде;

астениялық жағдайларда, сондай-ақ, экстремальді факторлар мен жүктемелердің әсерінен соматикалық аурулардың дамуының профилактикасы үшін;

экстремальді (стрессорлық) факторлардың әсері кезінде.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затына немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде атап келтірілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

бауыр және/немесе бүйректің жедел жеткіліксіздігі;

тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП) - лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды;

жүктілік және бала емізу кезеңі;

балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Препаратты қолданар алдында немесе онымен жұмыс істеу кезінде айрықша сақтық шаралары талап етілмейді.

Басқа дәрілік препараттармен  өзара әрекеттесуі

НЕЙРОТЕКС® соматикалық ауруларды емдеу үшін пайдаланылатын барлық препараттармен үйлесімді. Бензодиазепиндік препараттардың, антидепрессанттардың, анксиолитиктердің, құрысуға қарсы дәрілердің және паркинсон ауруына қарсы дәрілердің әсерін күшейтеді. Этил спиртінің уытты әсерлерін азайтады.

Арнайы ескертулер

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.

Педиатрияда қолдану

Препаратты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

НЕЙРОТЕКС® препаратын жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қабылдау кезеңінде психофизикалық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін жұмыс (көлік құралдарын, механизмдерді және т.б. басқару) кезінде сақтық таныту керек.

Сақтық шаралары

Препаратты қолданар алдында немесе онымен жұмыс істеу кезінде айрықша сақтық шаралары талап етілмейді.

Басқа дәрілік препараттармен  өзара әрекеттесуі

НЕЙРОТЕКС® соматикалық ауруларды емдеу үшін пайдаланылатын барлық препараттармен үйлесімді. Бензодиазепиндік препараттардың, антидепрессанттардың, анксиолитиктердің, құрысуға қарсы дәрілердің және паркинсон ауруына қарсы дәрілердің әсерін күшейтеді. Этил спиртінің уытты әсерлерін азайтады.

Арнайы ескертулер

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.

Педиатрияда қолдану

Препаратты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

НЕЙРОТЕКС® препаратын жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қабылдау кезеңінде психофизикалық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін жұмыс (көлік құралдарын, механизмдерді және т.б. басқару) кезінде сақтық таныту керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Тәулігіне 3 рет 125-250 мг-ден; ең жоғары тәуліктік дозасы – 750 мг

Бастапқы дозасы – тәулігіне 1-2 рет 125-250 мг (1-2 таблетка), емдік әсері алынғанға дейін біртіндеп арттырады.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Бастапқы дозасы – тәулігіне 1-2 рет 125-250 мг (1-2 таблетка), емдік әсері алынғанға дейін біртіндеп арттырады; ең жоғары тәуліктік дозасы – 800 мг (6 таблетка).

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы – 2-6 апта; алкогольдік абстиненцияны басу үшін – 5-7 күн. Емдеуді біртіндеп, дозасын 2-3 күн ішінде азайта отырып тоқтатады.

Жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде емдеу курсының ұзақтығы 1,5 – 2 айдан кем емес. Қайталау курстарын (дәрігердің ұсынымы бойынша) көктем – күз мезгілдерінде жүргізген дұрыс.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Препараттың уыттылығының төмендігіне байланысты, артық дозалану ықтималдығы аз.

Симптомдары: ұйқышылдық, ұйқысыздық.

Емі: әдетте, емдеу қажет емес - симптомдары бір тәулік ішінде өздігінен жоғалып кетеді. Айқын көріністері кезінде демеуші және симптоматикалық ем жүргізіледі.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға  бару жөнінде нұсқаулар

Бұл препаратты әрдайым емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қолданыңыз. Кез келген күмән туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге жүгініңіз.

Шығарылу түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 125 мг.

10 таблеткадан поливинилхлорид/полиэтилен/поливинилиденхлорид (ПВХ/ПЭ/ПВДХ) үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Пішінді ұяшықты 3 немесе 5 қаптама қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде , 25 °С -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыНейротекс таблеткалары 125 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube