Показания к применению
НовоРапид® препараты ересектерде, жасөспірімдерде және 1 жастан асқан балаларда қант диабетін емдеуге арналған.
НовоРапид® препараты ересектерде, жасөспірімдерде және 1 жастан асқан балаларда қант диабетін емдеуге арналған.
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- гипогликемия (қандағы қант деңгейі төмен).
Қолданған кездегі қажетті сақтық шаралары
НовоРапид® препаратын қолданбаңыз, егер:
- ФлексПен® түсіріп алса немесе ол зақымдалған немесе мыжылып қалса, себебі инсулиннің ағып кету қаупі бар;
- инсулинді сақтау шарттары көрсетілгенге сәйкес келмесе, немесе препарат қатып қалса;
- инсулин мөлдір және түссіз болмай қалса.
НовоРапид® ФлексПен® препаратын пайдаланар алдында
- Инсулиннің дұрыс типі таңдалғанына көз жеткізу үшін қаптаманы тексеру қажет.
- Инфекцияның алдын алу үшін әрдайым әр инъекция үшін жаңа инені қолданыңыз.
- Инелер мен НовоРапид® ФлексПен® препараты тек жеке қолдануға арналған.
НовоРапид® препаратымен қолданған кезіндегі ерекше сақтық шаралары
Бүйрек, бауыр, бүйрекүсті безі, гипофиз немесе қалқанша безінің ауруларында.
Дене белсенділігі жоғарылағанда немесе қалыпты тамақтану режимі өзгеруінде бұл қандағы қант деңгейіне әсер етуі мүмкін.
Егер Сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, инсулинді қабылдауды жалғастырыңыз және дәрігермен кеңесіңіз.
Бірнеше уақыт белдеулерінен өтетін саяхатқа бара жатқанда, инсулинге деген қажеттілік немесе инсулинді қабылдау режимі өзгеруі мүмкін. Мұндай сапарларды жоспарлау кезінде емдеуші дәрігермен кеңесу керек.
Инъекция орнында терінің өзгеруі
Терінің қалыңдауына немесе жұқаруына, тері астындағы тығызданулардың пайда болуына және басқа да бұзылуларға әкелетін тері астындағы май тінінің өзгеруін болдырмау үшін инъекция орнын мезгіл-мезгіл өзгерту керек. Тері асты тығызданулары бар, терісі жұқарған немесе қалыңдаған учаскелерде инсулинді енгізу препарат тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін («Енгізу әдісі мен жолы» бөлімін қараңыз). Инъекция орнында терінің кез-келген өзгерістері үшін дәрігермен кеңесіңіз. Егер қазіргі уақытта препарат осындай зақымдалған жерлерге енгізілсе, инъекция орнын ауыстырмас бұрын дәрігерге хабарлаңыз. Дәрігер қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылауды және инсулин немесе басқа гипогликемиялық препараттың дозасын түзетуді тағайындай алады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесудің басқа түрлері
Кейбір дәрілік препараттар организмдегі глюкозаның метаболизміне әсер етеді және бұл инсулин дозасына әсер етуі мүмкін. Инсулинмен емдеуге әсер етуі мүмкін анағұрлым кең таралған препараттар төменде келтірілген. Егер Сіз кез-келген дәрілік затты, соның ішінде рецептсіз сатып алған дәрілік заттарды қабылдап жүрсеңіз немесе жақында қабылдасаңыз, өз емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз.
Атап айтқанда, егер Сіз қандағы қант деңгейіне әсер ететін дәрілік заттарды қабылдасаңыз, дәрігеріңізге хабарлаңыз.
Төменде атап көрсетілген препараттардың кез-келгенін қабылдаған кезде қандағы қант деңгейі төмендеуі мүмкін (гипогликемия): пероральді қанттөмендететін препараттар, моноаминооксидаза тежегіштері, бета-адреноблокаторлар, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері (АӨФ), салицилаттар, анаболикалық стероидтар және сульфонамидтер.
Төменде атап көрсетілген препараттардың кез-келгенін қабылдаған кезде қандағы қант деңгейі жоғарылауы мүмкін (гипергликемия): пероральді контрацептивтер, тиазидті диуретиктер, глюкокортикостероидтар, тиреоидты гормондар, симпатомиметиктер, өсу гормоны және даназол.
Октреотид пен ланреотид қандағы қант деңгейін жоғарылатуы да, төмендетуі де мүмкін.
Бета-адреноблокаторлар гипогликемияны айырып тануға көмектесетін ізашар симптомдарды бүркемелеуі немесе басуы мүмкін.
Тиазолидиндиондар (2 типті қант диабетін емдеу үшін қолданылатын пероральді диабетке қарсы препараттар класы)
2 типті қант диабетіне және жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан немесе инсулинмен біріктірілімде тиазолидиндиондармен ем алған анамнезінде инсульті бар кейбір пациенттерде жүрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Егер жүрек жеткіліксіздігінің белгілерін, мысалы, әдеттен тыс ентігу немесе салмақтың тез артуы немесе ісіну сияқты белгілерді байқасаңыз, дәрігерге мүмкіндігінше тезірек хабарлаңыз.
НовоРапид® препаратын тағаммен және сусындармен қолдану
Алкогольді тұтынған кезде, инсулинге деген қажеттілігіңіз өзгеруі мүмкін, өйткені қандағы қант деңгейі жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін. Мұқият мониторингілеу ұсынылады.
Арнайы ескертулер
Жүктілік немесе лактация кезінде
Кез-келген дәрілік препараттарды қолданар алдында өз емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Егер Сіз жүкті болсаңыз, жүктілікті жоспарласаңыз немесе бала емізетін болсаңыз, емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз. НовоРапид® препаратын жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға болады. НовоРапид® ФлексПен® препаратының дозасын жүктілік кезінде және босанғаннан кейін түзету қажет болуы мүмкін. Қант диабетін мұқият бақылау және әсіресе гипогликемияның алдын-алу балаңыздың денсаулығы үшін маңызды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Егер Сізде қандағы қант деңгейі төмен немесе жоғары болса, бұл зейін қою қабілетіне және ден қою жылдамдығына әсер етуі мүмкін, бұл көлік жүргізу немесе механизмдермен жұмыс жасау кезінде қауіп болуы мүмкін. Өзіңізге немесе басқаларға қауіп төндіруі мүмкін екенін есте сақтаңыз. Келесі жағдайларда дәрігерден автокөлік пен механизмдерді басқару мүмкіндігі туралы кеңес алыңыз:
гипогликемияның жиі эпизодтары кезінде;
гипогликемияны тану қиын болған жағдайда.
НовоРапид® препараты тез әрекет етеді. Осылайша гипогликемия еритін адам инсулинін енгізгеннен кейін ертерек пайда болуы мүмкін.
3 мл препараттан бір жағынан бромбутилді резеңкеден/полиизопреннен жасалған дискілермен тығындалған және екінші жағынан көп реттік инъекцияларға арналған пластиктен жасалған көп дозалы бір реттік шприц-қаламдарға дәнекерленген, бромбутилді резеңкеден жасалған поршеньдері бар І гидролитикалық класс шыны картридждерге.
Көп реттік инъекцияға арналған 5 пластиктен жасалған көп дозалы бір реттік шприц-қаламдар қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
30 ай
Бірінші ашылғаннан кейін 4 апта
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
2°C–8°C дейінгі температурада (тоңазытқышта), салқындату элементінен алыс сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Жарықтан қорғау үшін шприц-қаламды қалпақшамен жабу керек. Шамадан тыс жылудың және жарықтың әсер етуінен сақтау керек.
Бірінші ашқаннан кейін: 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Тоңазытқышта сақтауға рұқсат етіледі (2°C–8°C). Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2°C–8°C дейінгі температурада (тоңазытқышта), салқындату элементінен алыс сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Жарықтан қорғау үшін шприц-қаламды қалпақшамен жабу керек. Шамадан тыс жылудың және жарықтың әсер етуінен сақтау керек.
Бірінші ашқаннан кейін: 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Тоңазытқышта сақтауға рұқсат етіледі (2°C–8°C). Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
30 ай
Бірінші ашылғаннан кейін 4 апта
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
2°C–8°C дейінгі температурада (тоңазытқышта), салқындату элементінен алыс сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Жарықтан қорғау үшін шприц-қаламды қалпақшамен жабу керек. Шамадан тыс жылудың және жарықтың әсер етуінен сақтау керек.
Бірінші ашқаннан кейін: 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Тоңазытқышта сақтауға рұқсат етіледі (2°C–8°C). Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от
Ваша выгода до: 500₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Алматы:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
17000₸
16500₸
500₸