daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Остеогенон Таблеткалары 830 Мг №40 | Пьер Фабр Мед

Алматы қаласындағы Остеогенон Таблеткалары 830 Мг №40 | Пьер Фабр Мед
Сипаттама:

Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, ақшыл-сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар, сындыратын жерінде – ядросы ақшыл-сұр түсті.

Өндіруші:

Пьер Фабр Мед

Өндіруші ел:

Французская Республика

Белсенді ингредиент:

(75 мг коллагендік емес протеиндерге/пептидтерге, 216 мг коллагенді  протеиндерге/пептидтерге, 178 мг кальцийге және 82 мг фосфорға сәйкес келетін), қосымша заттар: картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, қабық: гидроксипропилметилцеллюлоза, тальк, макрогол 6000, титанның қостотығы Е171, темірдің (III) сары тотығы Е172.

Белсенді заттың дозасы:

830 мг

Дәрілік түрі:

Қабықпен қапталған таблеткалар, 830 мг Фармакотерапиялық тобы Сүйек-бұлшықет жүйесі. Сүйек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Сүйектің құрылымы мен минералдануына әсер ететін препараттар. Сүйектің құрылымы мен минералдануына әсер ететін басқа препараттар. АТХ коды М05ВХ Қолданылуы шығу тегі әр түрлі остеопорозда сүйек сынықтарының жазылуын тездетуде жүктілік және бала емізу кезінде остеопенияны түзету және кальций-фосфор теңгерімін реттеуде

Қаптамадағы саны:

40 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

шығу тегі әр түрлі остеопорозда

сүйек сынықтарының жазылуын тездетуде

жүктілік және бала емізу кезінде остеопенияны түзету және кальций-фосфор теңгерімін реттеуде

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары

сезімталдық

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер және гемодиализдегі

пациенттерге

- гиперкальциемия, гиперкальциурия

- кальций нефролитиазы немесе тіндер кальцификациясы

- ұзаққа созылған иммобилизация

- 18 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Сарысуда немесе несепте кальций деңгейі жоғары болған жағдайда дозаны тиісінше түзету керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Ұсынылмайтын біріктірілімдер

Тиазидті диуретиктер: несепте кальцийдің шығарылуының төмендеуімен байланысты гиперкальциемия қаупі.

{0>Combinations requiring special precautions for use<}100{>Пайдаланылуы сақтықпен жүзеге асырылатын біріктірілімдері <0} при использовании

Жүрек гликозидтері: ырғақтың бұзылу қаупі. Клиникалық мониторинг және қажет болған жағдайда ЭКГ және сарысудағы кальций деңгейінің мониторингі ұсынылады.

Тетрациклиндер: хелаттардың пайда болуына байланысты тетрациклиндердің ішек сіңірілуінің төмендеу қаупі. Олардың тиісті мәліметтері арасында 2 сағаттан кем емес аралық талап етіледі.

Құрамында темір мен мырыш бар препараттар: хелаттардың пайда болуына байланысты құрамында темір мен мырыш бар препараттардың ішек сіңуінің төмендеу қаупі. Олардың тиісті мәліметтері арасында 2 сағаттан кем емес аралық талап етіледі.

Бисфосфонаттар: хелаттардың пайда болуына байланысты бисфосфонаттардың төмендеу қаупі Олардың тиісті мәліметтері арасында 2 сағаттан кем емес аралық талап етіледі.

Хинолондар: бір мезгілде қолданғанда хелаттардың түзілуіне байланысты хинолондардың ішек сіңірілуінің төмендеу қаупі. Олардың тиісті мәліметтері арасында 2 сағаттан кем емес аралық талап етіледі.

Глюкокортикоидтар: бір мезгілде қолданғанда кальцийдің ішек сіңірілуінің төмендеу қаупі. Олардың тиісті мәліметтері арасында 2 сағаттан кем емес аралық талап етіледі.

Стронций: бір мезгілде қолданғанда стронцийдің ішек сіңірілуінің төмендеу қаупі. Олардың тиісті мәліметтері арасында 2 сағаттан кем емес аралық талап етіледі.

Қалқанша безінің гормондары: левотироксиннің ішек сіңуінің төмендеу қаупі. Олардың тиісті мәліметтері арасында 2 сағаттан кем емес аралық талап етіледі.

Эстрамустин: құрамында кальций бар препараттармен бір мезгілде тағайындағанда, пероральді қабылдаған кезде эстрамустиннің сіңуінің бұзылу қаупі. Олардың тиісті мәліметтері арасында 2 сағаттан кем емес аралық талап етіледі.

Арнайы ескертулер

Кальций

Д дәруменін бірге енгізуді қан сарысуындағы және несептегі кальций құрамын қатаң бақылаумен жүргізу керек.

Сарысуда немесе несепте кальций деңгейі жоғары болған жағдайда дозаны тиісінше түзету керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге сарысудағы және несептегі кальций деңгейін үнемі тексеріп отыру ұсынылады. Жоғары дозаларды қабылдаудан және (немесе) Остеогенонды ұзақ қолданудан аулақ болу керек.

Ұзақ емделу және (немесе) бүйрек жеткіліксіздігі кезінде несептегі кальций мөлшерін бақылау қажет, егер несептегі кальций мөлшері ересектерде 7,5 ммоль / 24 сағ (300 мг / 24 сағ) жетсе, емдеуді азайту немесе тоқтату қажет.

Анамнезінде кальций нефролитиазы бар пациенттерге ұсынылады:

- жалпы қабылданған алдын алу шараларын ұстану (су, тұз, жануарлардың ақуыздары),

- Остеогенонмен қамтамасыз етілетін кальций дозасын тәулігіне 500 мг-ға дейін шектеу,

- тәуліктік дозасы 1,5 г кальцийден аспайтын етіп кальций қабылдауды тағаммен бейімдеу,

- Д дәруменін бір мезгілде қабылдаудан аулақ болу.

Фосфор

Бүйректің орташа жеткіліксіздігінен зардап шегетін пациенттерге сарысулық фосфорға мониторинг жүргізу ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде дәрігердің кеңесінен кейін қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Остеогенонның көлік жүргізу және механизмдерді пайдалану қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Остеогенонді ересектерге тағайындайды.

остеопорозда: 2-4 таблеткадан тәулігіне 2 рет;

жүктілік және бала емізу кезеңінде кальций-фосфор теңгерімін түзетуде: тәулігіне 1-2 таблетка;

ересектерде сынықтардың қатар жүретін емінде: тәулігіне 1-2 таблетка.

Енгізу әдісі және жолы

Пероральді.

Таблеткаларды аздаған су мөлшерімен іше отырып, жұтады және ас ішу кезінде қабылдаған дұрысырақ.

Емдеу ұзақтығы

Курстың ұзақтығы анықталған диагнозға байланысты және оны дәрігер белгілейді.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Остеогенон препаратымен артық дозалануы екіталай.

Сипатталған симптомдар мен емдеу кальций тұздарына жатады. Артық дозалану шегіне тәулігіне 2 000 мг-ден жоғары кальций тұтынған кезде қол жеткізіледі.

Симптомдар: клиникалық симптомдар негізінен гиперкальциемиямен байланысты және ерекше емес, соның ішінде шөлдеу, полиурия, полидипсия, жүрек айнуы, құсу, дегидратация, гипертензия, вазомоторлық бұзылулар, іш қату, тәбеттің жоғалуы, аритмия, әлсіздік, нефрокальциноз, нефролитиаз, сүйек ауыруы немесе психикалық өзгерістер.

Емі: кальций препараттарын қабылдауды тоқтату және клиникалық және биологиялық симптомдардың ауырлығына байланысты стандартты емдеуге плазмадағы электролиттердің бұзылуын түзетумен регидратация кіреді. Қажет болған жағдайда диуретиктермен және (немесе) кортикостероидтармен және (немесе) бисфосфонаттармен және (немесе) кальцитонинмен фармакологиялық емдеуді бастайды.

Кейбір пациенттерге перитонеальді диализ немесе гемодиализ қажет болуы мүмкін.

Жанама әсерлері

Жиілігі белгісіз

гиперкальциемия (жоғары дозалармен ұзақ емдеу жағдайында)

жүрек айнуы

іштің ауыруы

іш қату

бөртпе

қышыну

гиперкальциурия (жоғары дозалармен ұзақ емдеу жағдайында)

Шығарылу түрі

10 таблеткадан ПВХ/ПВДХ және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

4 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыОстеогенон таблеткалары 830 мг №40 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube