Показания к применению
• Ересектер мен 6 және одан жоғары жастағы балаларда маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринитті және қатар жүретін көз аурулары симптомдарын симптоматикалық емдеу.
• Ересектер мен 6 және одан жоғары жастағы балаларда маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринитті және қатар жүретін көз аурулары симптомдарын симптоматикалық емдеу.
әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
тыныс алу жолдарының емделмеген зеңдік, бактериялық немесе туберкулездік инфекциялары
6 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Мұрынның жергілікті әсерлері
Риалтрис мұрынның шырышты қабығының зақымдануымен бірге емделмеген оқшауланған инфекция болған жағдайда қолданылмауы тиіс.
Кортикостероидтардың жаралардың жазылуына тежейтін әсеріне байланысты жақында мұрнына хирургиялық араласу болған немесе мұрын жарақатын алған пациенттер толық сауыққанға дейін Риалтрис препаратын қолданбауы тиіс.
Антигистаминдік препараттарды интраназальді қолданғаннан кейін пациенттерде мұрын қуысының шырышты қабығында ойық жаралар және мұрын қалқасының тесілу жағдайлары туралы хабарланды. Интраназальді аэрозольді кортикостероидтарды қолданғаннан кейін мұрын қалқасының тесілуі туралы өте сирек хабарланды.
Кез келген ұзақ емдеудегі сияқты, Риалтрис препаратын бірнеше ай немесе одан да ұзақ уақыт пайдаланатын пациенттерді мұрынның шырышты қабығының ықтимал өзгерістерінің болу не болмауына үнемі тексеріп отыру керек. Егер мұрын немесе жұтқыншақта жергілікті зең инфекциясы дамыса, мұрынға арналған Риалтрис спрейімен емдеуді тоқтату немесе тиісті ем тағайындау қажет болуы мүмкін. Мұрын-жұтқыншақ тітіркенуінің сақталуы Риалтрис препаратын қабылдауды тоқтату үшін көрсетілім болуы мүмкін.
Көру қабілетінің бұзылуы
Интраназальді аэрозольді кортикостероидтарды қолданғаннан кейін көзішілік қысымның жоғарылау жағдайлары туралы өте сирек хабарланды.
Көрудің бұзылуы кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті (оның ішінде интраназальді, ингаляциялық және көзішілік) қолданғанда байқалуы мүмкін. Егер пациентте көрудің бұлыңғырлануы немесе көрудің басқа бұзылулары сияқты симптомдар пайда болса, жүйелі және жергілікті кортикостероидтарды қолданғаннан кейін хабарланған катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия (CSCR) сияқты сирек ауруларды қамтуы мүмкін көру бұзылыстарының ықтимал себептерін бағалау үшін пациентті офтальмологқа жіберу мүмкіндігін қарастыру керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Олопатадин:
Олопатадин плазма ақуыздарымен орташа байланысады (шамамен 55%). Бұл нәтижелер олопатадиннің бір мезгілде қабылданатын басқа препараттармен өзара әрекеттесуіне әкелуі екіталай екенін көрсетеді.
Мометазон фуроаты:
CYP3A тежегіштерімен (мысалы, кетоконазол, итраконазол, кларитромицин, атазанавир, индинавир, нелфинавир, саквинавир, ритонавир, құрамында кобицистат бар препараттар) бірге қолдану жүйелі кортикостероидтардың жағымсыз әсерлерінің даму қаупін арттырады деп күтілуде. Күтілетін пайда жүйелі кортикостероидтардың жағымсыз әсерлерінің даму қаупінің жоғарылауынан асатын жағдайларды қоспағанда, мұндай біріктірілімдерден аулақ болу керек және бұл жағдайда пациенттерді жүйелі кортикостероидтардың жағымсыз әсерлерінің дамуына бақылау керек.
CYP3A4 күшті тежегіші кетоконазолды пероральді қабылдағаннан кейін плазмада ингаляциялық мометазон фуроатының орташа концентрациясының жоғарылауы және плазмадағы кортизол деңгейінің төмендеуі байқалды.
Риалтрис препаратын алкогольмен немесе орталық жүйке жүйесінің басқа да депрессанттарымен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек, өйткені қырағылықтың қосымша төмендеуі және орталық жүйке жүйесі функциясының қосымша нашарлауы байқалуы мүмкін.
Дәрілік-тағамдық өзара әрекеттесуі
Тамақ өнімдерімен өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.
Дәрілік-өсімдік өзара әрекеттесуі
Өсімдік тектес дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.
Зертханалық тесттермен өзара әрекеттесуі
Зертханалық зерттеулермен өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.
Дозалау режимі
Ересектер мен жасөспірімдер (12 жас және одан асқан): ұсынылатын доза күніне екі рет (таңертең және кешке) әр танауға 2 бүркуді құрайды.
Балалар (6-дан 11 жасқа дейін): ұсынылатын доза күніне екі рет (таңертең және кешке) әр танауға 1 бүркуді құрайды.
Мұрынның аллергиялық симптомдарының жеңілдеуі Риалтрис препаратын қолданғаннан кейін 10 минут ішінде байқалады. Алайда, Риалтрис препараты әсерінің толықтығы оны пайдаланудың жүйелілігіне байланысты болғандықтан, пациенттерге мұрын ингаляциясын жүйелі уақыт аралығында орындау қажеттігі туралы нұсқау беру керек.
Препарат 56 немесе 120 дозадан дозалағыш құрылғымен, мүштікпен және қорғау қалпақшасымен жабдықталған ПЭВП-дан жасалған құтыға салынады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Тік қалпында қорғау қалпақшасымен 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от
Ваша выгода до: 731₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Алматы:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
7381₸
6650₸
731₸