Қолдану көрсеткіштері
Родинир микроорганизмдердің сезімтал штаммдарынан туындаған ауырлығы жеңіл және орташа деңгейдегі инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген.
Препаратқа төзімді бактериялардың дамуын төмендету үшін және цефдинир мен басқа бактерияға қарсы дәрілердің тиімділігі үшін цефдинирді тек қана емдеу немесе оларды сезімтал микроорганизмдер туындатқаны расталған немесе негізді болжанған инфекцияларды болдырмау үшін қолданған жөн. Қоздырғышы және оның сезімталдығы туралы ақпарат бар болса бактерияға қарсы емді таңдаған немесе өзгерткен кезде оны ескерген жөн. Мұндай деректер болмаған кезде бактерияға қарсы емдеуді таңдаған кезде патогенді микроорганизмдер айналымының жергілікті ерекшеліктерін және бактерияға қарсы дәрілерге төзімділіктің даму моделін ескеру қажет.
Ересектер мен жасөспірімдер (13 жас және одан жоғары)
- Haemophilus influenzae (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса), Haemophilus parainfluenzae (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса), Streptococcus pneumoniae (тек пенициллинге сезімтал штаммдар) және Moraxella catarrhalis (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса) туындатқан ауруханадан тыс пневмония;
- Haemophilus influenzae (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса), Haemophilus parainfluenzae (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса), Streptococcus pneumoniae (тек пенициллинге сезімтал штаммдар) және Moraxella catarrhalis (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса) туындатқан созылмалы бронхиттің асқынуы;
- Haemophilus influenzae (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса), Streptococcus pneumoniae (тек пенициллинге сезімтал штаммдар) және Moraxella catarrhalis (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса) туындатқан жедел гайморит;
- Streptococcus pyogenes туындатқан фарингит/тонзиллит.
Ескерту: жұтқыншақтан S. pyogenes эрадикациясы кезінде цефдинир тиімді. Алайда цефдинирді S. pyogenes туындатқан фарингиттен/тонзиллиттен кейін жедел ревматизмдік қызбаның профилактикасы үшін қолдану зерттелген жоқ. Тек қана бұлшықет ішіне қолданылатын пенициллин ревматизмдік қызбаның профилактикасы үшін тиімділікті көрсетті.
- Staphylococcus aureus (β-лактамазаны өндіретін штаммдарды қоса) және Streptococcus pyogenes туындатқан терінің және тері құрылымының асқынбаған инфекциялары.