daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Сермион Таблеткалары 30 Мг №30 | Pfizer PGM

Алматы қаласындағы Сермион Таблеткалары 30 Мг №30 | Pfizer PGM
Сипаттама:

Дөңгелек, екі беті дөңес, күңгірт сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Шығарылу түрі және қаптамасы 15 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий/поливинилдихлоридті фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Халықаралық атауы:

Ницерголин

Өндіруші:

Pfizer PGM

Өндіруші ел:

Соединённые Штаты Америки

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: кальций гидрофосфат дигидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы (Сермион® құрамында натрий бар «Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз), қабық: гидроксипропилметилцеллюлоза, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 6000, темірдің сары тотығы (Е172), силикон. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек, екі беті дөңес, күңгірт сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Шығарылу түрі және қаптамасы 15 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий/поливинилдихлоридті фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Белсенді заттың дозасы:

30 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Сермион препаратының әсер етуші заты нашарлауы немесе бұзылуы егде жастағы адамдарда байқалатын ми метаболизміне қолайлы әсер ететін қастауыш алкалоидының жартылай синтетикалық туындысы болып табылады.

Бұл әсер етуші зат (ницерголин) жүйке жасушалары арасындағы импульстардың берілуіне әсер ететін әртүрлі эндогендік хабаршылардың белгілі бір байланыс аймақтарымен байланысады. Осы хабаршылардың құрамының теңгерімсіздігі бұзылулардың дамуына әкелуі мүмкін. Сермион мидың бұзылған функцияларын қалпына келтіруге көмектеседі.

Сермион® мидың жасына байланысты және қан тамырлары когнитивтік бұзылыстарын симптоматикалық емдеуде демеуші ем дәрісі ретінде қолданылады.

Мұндай бұзылулар келесі жағдайлар түрінде көрінуі мүмкін:

назар аударудың және жадының бұзылуы

зейін қоюдың бұзылуы

апатия

жеке гигиенаны сақтамау

кенеттен шаршау немесе бас айналу

әлеуметтік өзара әрекеттесудің азаюы немесе болмауы (тұйықталу, саяқтық, өзін-өзі оқшаулау).

Сермион® препаратымен емдеуді бастар алдында сіздің дәрігеріңіз осы симптомдар спецификалық емдеуді талап ететін басқа да қосалқы аурулардан (емдік, психиатриялық немесе неврологиялық бейіндегі) туындамайтынына көз жеткізеді.

Қарсы көрсеткіштер

ницерголинге немесе осы дәрілік препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергияның болуы ("Қосымша мәліметтер" бөлімінде көрсетілген) және басқа да қастауыш алкалоидтары

жақында өткерген миокард инфарктісі

жедел қан кету

ортостаздық гипотензия (тұру кезінде бас айналу немесе естен тану)

ауыр брадикардия (баяу жүрек соғуы)

жүктілік кезеңі және емшекпен емізу

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Сермион® препаратын қолданар алдында келесі жағдайларда емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу қажет:

- несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы немесе подагра кезінде;

-гипертензия кезінде (препарат артериялық қысымның біртіндеп төмендеуіне әкелуі мүмкін)

- симпатомиметиктер деп аталатын препараттарды қолданғанда (жүрек ауруы мен төмен қан қысымын емдеу үшін қолданылады)

-серотонин 5-HT 2β рецепторларына қатысты агонистік әсері бар кейбір қастауыш алкалоидтарын қолдану фиброздың дамуымен қатар жүрді (мысалы, өкпе, жүрек, жүрек клапандары фиброзы және ретроперитонеальды фиброз). Кейбір қастауыш алкалоидтары мен олардың туындыларын ішке қабылдаған кезде жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы және шеткері тамырлардың тарылуы сияқты эрготизм симптомдарының пайда болуы туралы хабарланды. Препаратты тағайындайтын медицина мамандары осы кластағы препараттарды тағайындамас бұрын, қастауыш алкалоидтарының артық дозалануының белгілері мен симптомдары туралы білуі керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Егер сіз кез келген басқа препаратты қабылдап жүрсеңіз, жақында қабылдаған болсаңыз немесе қабылдауды жоспарласаңыз, дәрігерге немесе фармацевтке бұл туралы хабарлаңыз.

Екі немесе одан да көп дәрілік препараттарды қабылдау, егер олар әртүрлі уақытта қабылданса да, олардың өзара әрекеттесуіне әкелуі мүмкін.

Бұл дәрілік препараттардың әсері күшейтілуі немесе әлсіретілуі мүмкін, сол сияқты олар тудыратын жағымсыз әсерлердің қарқындылығы артуы немесе азаюы мүмкін.

Дәрігер сіз қандай дәрілік препараттарды қабылдайтыныңызды тексереді және қажет болған жағдайда оларды қабылдауды реттейді.

Сермион® артериялық қысымды төмендету үшін қолданылатын дәрілік препараттардың (бета-блокаторларды қоса алғанда) әсерін күшейтуі мүмкін.

Сермион® кейбір дәрілік препараттардың (симпатомиметикалық әсері бар препараттардың) тегіс бұлшықеттерге тамыр тарылтатын әсерін әлсіретуі мүмкін.

Сермион® ацетилсалицил қышқылының немесе қанды сұйылту үшін қолданылатын белгілі бір дәрілік препараттардың әсері нәтижесінде ұлғайған қанның ұю уақытын ұзартуы мүмкін

Сермион® метаболизмге және несеп қышқылының шығарылуына (подагра даму қаупі) әсер ететін басқа дәрілік препараттарды қабылдау кезінде сақтықпен қолдану қажет

Арнайы ескертулер

Сермион® препаратын тамақпен, сусындармен және алкогольмен қабылдау

Сермион® препаратын қабылдау кезінде, кез келген басқа дәрілік препараттарды қабылдау кезіндегідей алкоголь тұтынбаған жөн, себебі бұл болжай алмайтын әсер туындатуы мүмкін.

Сермион® препаратының құрамында натрий бар.

Бұл дәрілік препараттың бір реттік дозасының құрамы 1 ммоль натрийден (23 мг) аз, яғни ол натрийден бос препарат болып саналады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізетін болсаңыз, жүктімін деп күдіктенсеңіз немесе жүктілікті жоспарласаңыз, осы препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Препаратты қолдану үшін көрсетілімдерді назарға ала отырып ("Қолданылуы" бөлімін қараңыз), Сермион® препаратын жүкті әйелдерде және бала емізетін әйелдерде қолдану ықтималдығы аз. Жүктілік және бала емізу кезінде Сермион® препаратын, егер ана үшін күтілетін пайда шаранаға ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолдану керек.

Сермион® лактация кезінде қолдануға болмайды.

Репродуктивті функцияға әсерін сенімді түрде жоққа шығаруға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ескерту. Бұл дәрілік препарат сіздің реакцияңызға және автокөлік құралдарын басқару қабілетіңізге әсер етуі мүмкін.

Егер сіз кейде әлсіздік, бас айналу немесе шаршауды сезінсеңіз (әсіресе Сізде артериялық қысым төмен болса), көлік құралдарын басқару кезінде, механизмдермен жұмыс істеу кезінде және сенімді тірексіз жұмыс істеу кезінде ерекше сақ болыңыз.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Бұл препаратты әрдайым дәрігер ұсынғандай қабылдаңыз. Егер сіз препаратты қабылдауға күмәндансаңыз, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Дозалау режимі

Препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 1-2 таблетканы құрайды, бір таблетканы таңертең таңғы ас кезінде, ал екіншісін кешкі ас кезінде қабылдау керек. Егер дәрігер сізге тәулігіне бір ғана таблетка тағайындаса (мысалы, сізде бүйрек функциясының бұзылуы болса), оны таңертең таңғы ас кезінде қабылдаған дұрыс. Тамақтану кезінде таблеткаларды толығымен жұтып, аз мөлшерде су ішіңіз; таблеткаларды шайнауға болмайды.

Препараттың толық емдік әсері 4-6 аптадан кейін ғана дамитындықтан, оны ұзақ уақыт бойы қабылдау қажет.

Дәрігер Сермион® препаратымен емдеуді жалғастырудың орындылығын тиісті уақыт кезеңдері арқылы, бірақ кемінде 6 айда бір рет бағалайтын болады.

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Сермион 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Дәрігер Cізге қажетті дозаны тағайындайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дәрігер препаратты неғұрлым төмен дозада тағайындауы мүмкін (1 таблетка).

Емдеудің әсері біртіндеп артады. Бұл препарат әдетте ұзақ уақыт бойы қабылданатындықтан, емдеуші дәрігер тиісті уақыт кезеңдерінен кейін емдеуді жалғастыру керек пе, жоқ па, соны бағалайды

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар

Сіздің қан қысымыңыз төмендеуі немесе пульстің баяулауы мүмкін. Бұл жағдайда дереу дәрігермен кеңесу керек.

Әдетте арнаулы емдеу қажет емес; бірнеше минут жай ғана жату жеткілікті. Ерекше жағдайларда дәрігер қажетті шараларды қабылдайды.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Өткізіп алған дозаны қабылдаудың орнын толтыру үшін қос дозаны қабылдамаңыз. Таблетканы қабылдауды дәрігер нұсқауына сәйкес жалғастырыңыз.

Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау

Емдеуші дәрігермен кеңесусіз осы препаратты қабылдауды күрт тоқтатуға болмайды. Егер жағымсыз әсерлер пайда болса, дәрігер Сізбен оларды жою және алдын-алу бойынша ықтимал шараларды, сондай-ақ сізді емдеу үшін басқа препараттарды қолдану мүмкіндігін талқылайды.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

15 таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий/поливинилдихлоридті фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыСермион таблеткалары 30 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube