daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Сорбилакт Инфузияға Арналған Ерітінді 200 Мл | Юрия-Фарм ООО

Алматы қаласындағы Сорбилакт Инфузияға Арналған Ерітінді 200 Мл | Юрия-Фарм ООО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Мөлдір түссіз сұйықтық.

Өндіруші:

Юрия-Фарм ООО

Өндіруші ел:

Украина
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

ерітіндінің гиперосмолярлығы есебінен уыттануды азайту, қышқыл-сілті жағдайын түзету үшін

жарақаттық, геморрагиялық және күйік шоктары кезінде гемодинамиканы жақсарту үшін

операциядан кейінгі ішек парезінде

бүйрек-бауыр функциясының жедел жеткіліксіздігінде (бастапқы кезеңінде)

бассүйекішілік қысымның жоғарылауында

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

алкалоз

сусыздану

миға қан құйылу

тромбоэмболия

жүрек-қантамыр декомпенсациясы

III дәрежелі артериялық гипертензия

бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы

жүректің декомпенсацияланған ақаулары

өкпенің ісінуі

анурия, олигурия

жүктілік және лактация кезеңі

тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы

балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттар үшін тасымалдағыш-еріткіш ретінде қолданылмайды.

Үйлесімсіздігі

Сорбилакт препаратын құрамында фосфат және карбонат бар ерітінділермен араластыруға болмайды.

Арнайы сақтандырулар

Препарат қышқыл-сілті жағдайының және қан электролиттерінің, бауырдың функционалдық жағдайының және артериялық қысымның көрсеткіштерін бақылай отырып қолданылады.

Калькулезді холециститтен зардап шегіп жүрген науқастарға абайлап қолданылады.

Препарат қан мен несептің осмолярлығын, сондай-ақ қышқыл-сілті жағдайын ескере отырып қолданылады.

Қант диабетімен ауыратын науқастарға Сорбилакт препаратын енгізуді қандағы глюкоза мөлшерін бақылаумен жүргізу қажет.

Педиатрияда қолдану

Балаларда қолдану мүмкіндігіне зерттеу жүргізілмеген, деректер жоқ.  

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүкті әйелдерде, бала емізу кезеңіндегі әйелдерде Сорбилакт препаратын қолдану мүмкіндігіне зерттеу жүргізілмеген, деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат тек қана стационар жағдайларында қолданылады.

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Сорбилакт ересектерге минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен вена ішіне (в/і) тамшылатып енгізіледі. Қажет болса, минутына 30 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізу арқылы сынама жасағаннан кейін препаратты сорғалатып енгізуге болады. 15 тамшы енгізгеннен кейін препаратты енгізу тоқтатылады, ал 3 минут өткен соң реакция болмаса, Сорбилакт вена ішіне сорғалатып енгізіледі.

Ересектерге

Жарақаттық, күйіктен болатын және геморрагиялық шоктар кезінде

200-600 мл-ден (кг дене салмағына 3-10 мл) бір рет және 200-400 мл-ден қайталап, алдымен вена ішіне сорғалатып, одан кейін вена ішіне тамшылатып енгізеді.

Бауырдың жедел жеткіліксіздігінде

200 мл дозада (кг дене салмағына 3,5 мл) күнделікті немесе күнара вена ішіне тамшылатып енгізеді.

Бүйректің жедел жеткіліксіздігінде

200–400 мл (кг дене салмағына 2,5-6,5 мл) бір реттік дозада вена ішіне тамшылатып немесе вена ішіне сорғалатып (8-12 сағат өткен соң 200 мл дозада қайталап) енгізеді.

Операциядан кейінгі ішек парезінің профилактикасы үшін

150–300 мл (кг дене салмағына 2,5-5,0 мл) бір реттік дозада вена ішіне тамшылатып енгізеді; хирургиялық шарадан кейін алғашқы 2-3 тәулік ішінде әр 12 сағат сайын препараттың қайталанатын 200 мл инфузияларын жасауға болады.

Операциядан кейінгі парездерді емдеу үшін

200-400 мл дозада (кг дене салмағына 3,5-6,5 мл) ішек моторикасы қалыпқа түскенше әр 8 сағат сайын вена ішіне тамшылатып енгізеді.

Бассүйекішілік қысым көтерілгенде

дене салмағына 5-10 мл/кг дозада алдымен вена ішіне сорғалатып, одан кейін вена ішіне тамшылатып (минутына 60-80 тамшы) енгізеді.

Елеулі дегидратация кезінде Сорбилакт препаратының венаішілік инфузияларын тек вена ішіне тамшылатып (тәулігіне 200 мл ерітіндіден асырмай) жүргізу қажет.

Енгізу әдісі мен жолы

Вена ішіне (в/і).

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: препаратты енгізу дереу тоқтатылған жағдайда, өздігінен басылатын алкалоз, сусыздану, кейде коллапс, сусыздану (диурез күшеюі есебінен) құбылыстары туындайды. Енгізу жылдамдығын арттырғанда тахикардия, артериялық қысымның жоғарылауы, ентігу, бас ауыруы, төс артының және іштің ауыруы дамуы мүмкін.

Емі: препараттың инфузиясын тоқтату қажет. Физиологиялық реакцияларға мониторинг жүргізу және организмнің өмірлік функцияларын сақтау керек. Емі симптоматикалық.

Артық дозалану

Шығарылу түрі

Резеңке тығындармен тығындалған және алюминий қалпақшалармен немесе алюминий-пластик қалпақшалармен  қаусырылған шыны бөтелкелерге 200 немесе 400 мл препараттан ​құйылады.

Бөтелкелер жылу ұстағыш үлбірмен тарттырылады.

Жылу ұстағыш үлбірмен тарттырылған бөтелкелер медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкесінше санымен бірге жәшіктерге салынады.

Бөтелке мен жәшікке өздігінен желімденетін заттаңбалар жапсырылады.

Қорғаныш элементтерін жапсыруға жол беріледі.

Топтық және тасымалдайтын ыдыс МЕМСТ 17768-90 сәйкес.

Сақтау шарттары

25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

200 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыСорбилакт инфузияға арналған ерітінді 200 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
3225

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 252

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Алматы:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

3477

3225

252

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube