Қолдану көрсеткіштері
Көздің бактериялық инфекциясымен немесе тобрамицинге сезімтал және кортикостероидтармен емдеу көрсетілген көптеген басқа антибиотиктерге төзімді көздің бактериялық инфекциясының даму қаупімен қатар жүретін ересектер мен 2 жастан асқан балалардағы көздің қабыну аурулары:
көздің алдыңғы сегментінің қабыну жағдайлары
көздің алдыңғы сегментінің созылмалы увеиттері
мөлдір қабықтың химиялық заттармен, радиациямен немесе термиялық күйіктермен, сондай-ақ бөгде заттардың енуі нәтижесінде зақымдануы (қарсы көрсеткіштерді ескере отырып).
Құрамында кортикостероидтар бар офтальмологиялық жақпамай тек офтальмологиялық тексеруден кейін тағайындалуы керек. Антибиотиктерді дұрыс қолдану бойынша ресми ұсыныстарды ескеру қажет.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- аминогликозидтерге аса жоғары сезімталдық
- белдемелі теміреткі вирусымен шақырылған ауруларды қоспағанда, шешекке, желшешекке және мөлдір қабық пен конъюнктиваның басқа да вирустық ауруларына қарсы вакцинация
- көз құрылымдарының зеңдік аурулары немесе көздің емделмеген паразиттік инвазиялары
- көздің микобактериялық инфекциялары
- мөлдір қабықтан бөгде затты асқындырмай алып тастағаннан кейін қолдану
- мөлдір қабықтың беткейлік эпителийімен шектелген инфекциялар немесе зақымданулар
- эпителиальді герпестік кератит