daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Текавир Таблеткалары 0,5 Мг №30 | HETERO LABS LIMITED

Алматы қаласындағы Текавир Таблеткалары 0,5 Мг №30 | HETERO LABS LIMITED
Сипаттама:

Екі жақ беті дөңес үш бұрыш пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде "J" өрнегі және басқа жақ бетінде "110" өрнегі бар таблеткалар (0.5 мг дозасы үшін). Екі жақ беті дөңес үш бұрыш пішінді, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде "J" өрнегі және басқа жақ бетінде "111" өрнегі бар таблеткалар (1 мг дозасы үшін).

Халықаралық атауы:

Энтекавир

Өндіруші:

HETERO LABS LIMITED

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: кальций карбонаты (тұндырылған) (Sturcal L), желатинделген крахмал (Starch 1500 LM), натрий кармеллозасы (Blanose CMC 7LF PH), соя полисахаридтері (Emcosoy STS IP), лимон қышқылының моногидраты (Emprove), натрий стеарилфумараты, қабықтың құрамы: Опадрай II Ақ 13В58802 (0.5 мг дозасы үшін) (ГПМЦ 2910/ Гипромеллоза 6 сР, титанның қостотығы (Е 171), макрогол/ПЭГ, полисорбат 80), Опадрай II Қызғылт 03В84566 (1 мг дозасы үшін) (ГПМЦ 2910/ Гипромеллоза 6 сР, титанның қостотығы (Е 171), макрогол/ПЭГ, темірдің қызыл тотығы (Е172))

Белсенді заттың дозасы:

0,5 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған 0.5 мг және 1 мг таблеткалар

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – сәйкесінше, 0.500 мг немесе 1.000 мг энтекавирге баламалы энтекавир моногидраты,

қосымша заттар: кальций карбонаты (тұндырылған) (Sturcal L), желатинделген крахмал (Starch 1500 LM), натрий кармеллозасы (Blanose CMC 7LF PH), соя полисахаридтері (Emcosoy STS IP), лимон қышқылының моногидраты (Emprove), натрий стеарилфумараты,

қабықтың құрамы: Опадрай II Ақ 13В58802 (0.5 мг дозасы үшін) (ГПМЦ 2910/ Гипромеллоза 6 сР, титанның қостотығы (Е 171), макрогол/ПЭГ, полисорбат 80), Опадрай II Қызғылт 03В84566 (1 мг дозасы үшін) (ГПМЦ 2910/ Гипромеллоза 6 сР, титанның қостотығы (Е 171), макрогол/ПЭГ, темірдің қызыл тотығы (Е172))

Қолдану көрсеткіштері

- Мына ересектердегі созылмалы В гепатитінде:

- бауырының компенсацияланған зақымдануы және вирустық репликациясы бар, сарысулық трансаминазалар (АЛТ немесе ACT) белсенділігінің деңгейі жоғарылаған және бауырда қабыну үдерісінің және/немесе фиброздың гистологиялық белгілері бар

- бауырдың декомпенсацияланған зақымданулары бар

Бауырдың компенсацияланған және декомпенсацияланған зақымданулары үшін тағайындау нуклеозидтерді қабылдамаған, ВГВ инфекциясына HBeAg оң және HBeAg теріс пациенттерге, ламивудин-резистентті В гепатиті бар пациенттерді есепке ала отырып, жүргізілген клиникалық сынақтардың деректеріне негізделген.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер ететін затқа немесе 6.1-бөлімде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзету бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер үшін ұсынылады. Ұсынылған дозаның түзетулері шектеулі деректердің экстраполяциясына негізделген және олардың қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық тұрғыдан бағаланбаған. Сондықтан вирусологиялық жауапты мұқият бақылау керек.

Гепатиттің асқынуы

Созылмалы В гепатитінің өздігінен асқынуы салыстырмалы түрде жиі кездеседі және сарысудағы АЛТ транзиторлы жоғарылауымен сипатталады. Вирусқа қарсы ем басталғаннан кейін сарысудағы AЛТ кейбір пациенттерде сарысудағы ВГВ ДНҚ деңгейінің төмендеуі ретінде ұлғаюы мүмкін.

Бауырдың декомпенсацияланған ауруы бар пациенттер

Бауырдың декомпенсацияланған ауруы бар пациенттерде лактоацидоз қаупі жоғары және гепаторенальды синдром сияқты бауырдың спецификалық жағымсыз құбылыстары болуы мүмкін. Сондықтан пациенттердің осы популяциясында клиникалық және зертханалық көрсеткіштерді мұқият бақылау керек.

Лактоацидоз және стеатозбен бірге ауыр гепатомегалия

Жүрек айну, құсу және іштің ауыруы сияқты жеңіл түрдегі асқазан-ішек симптомдары лактоацидоздың даму белгілері болуы мүмкін. Кейде өлімге әкелетін ауыр жағдайлар панкреатит, бауыр жеткіліксіздігі / бауыр стеатозы, бүйрек жеткіліксіздігі және сарысудағы лактаттың жоғарылауымен байланысты болды. Нуклеозид аналогтарын гепатомегалиямен, гепатитпен немесе бауыр ауруының басқа белгілі қауіп факторларымен кез келген пациентке (әсіресе толық әйелдерге) тағайындау кезінде сақ болу қажет. Бұл пациенттерді мұқият бақылау керек.

Резистенттілік және ламивудинмен емдеуге келмейтін пациенттер үшін ерекше сақтық шаралары

Ламивудинге төзімділікпен шартталған ВГВ полимеразасын ауыстыру энтекавирге төзімділікпен байланыстыларды (ETVr) қамтиды.

Балалар популяциясы

Энтекавирді осы пациенттерде, егер потенциалды пайда бала үшін потенциалды қауіпті (мысалы, тұрақтылығы) ақтайтын болса ғана қолдану керек. Кейбір бала жасындағы пациенттерге созылмалы белсенді В гепатитін ұзақ немесе тіпті өмір бойы емдеу қажет болуы мүмкін болғандықтан, энтекавирдің кейінгі емдеу нұсқаларына әсерін қарастыру қажет.

Бауыр реципиенттері

Циклоспорин немесе такролимус қабылдаған бауыр реципиенттерінде энтекавирмен емдеу алдында және кезінде бүйрек функциясын мұқият бағалау қажет.

С немесе D гепатитінің коинфекциясы

С немесе D гепатитімен коинфекцияланған пациенттерде энтекавирдің тиімділігі туралы деректер жоқ.

Адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ)/ВГВ коинфекцияланған, қатар жүретін антиретровирустық ем қабылдамайтын пациенттер Энтекавир бір мезгілде АИТВ тиімді емін қабылдамайтын АИТВ/ВГВ коинфекциясы бар пациенттерде бағаланбаған. АИТВ тұрақтылығының пайда болуы, жоғары белсенді антиретровирустық ем (HAART) алмаған АИТВ инфекциясы бар пациенттерде, энтекавир В гепатиті вирусының созылмалы инфекциясын емдеу үшін қолданылған кезде байқалды.

Бір мезгілде антиретровирустық ем қабылдайтын АИТВ / ВГВ коинфекциясы бар пациенттер

CD4 жасушаларының мөлшері төмен (<200 жасуша/мм3) АИТВ коинфекциясы бар пациенттер туралы шектеулі мәліметтер бар.

Жалпы мәліметтер

Пациенттер Текавирді қабылдау кезінде дәрігердің бақылауында болуы тиіс; жаңадан пайда болған кез келген симптомдарды немесе бір мезгілде қабылдауға арналған препараттарды емдеуші дәрігермен бірге талқылау қажет. Пациенттер кейбір жағдайларда препаратты қабылдауды тоқтатудың бауыр функциясының бұзылуын туындататындығынан хабардар болуы тиіс. Препаратты қабылдау сызбасын дәрігердің нұсқауымен өзгертіп отырған жөн.

Текавир препаратымен емдеуді бастағанға дейін, пациенттерге АИТВ-антиденеге тестіден өту ұсынылуы тиіс. Пациенттерге, егер олар АИТВ жұқтырған болса және АИТВ-ге жүргізілетін тиімді ем қабылдамаған болса, энтекавир АИТВ-инфекциясын емдеу үшін қабылданатын препараттарға АИТВ-нің резистенттілігін арттыруы мүмкін.

Сондай-ақ пациенттерді Текавир препаратымен емделген кезде жыныстық қатынас кезінде АИТВ-нің басқа адамдарға жұғу немесе қанмен жұғу қаупі бар екендігінен хабардар ету қажет. Сондықтан қорғанудың талапқа сай шараларын қолдану қажет.

Натрий

Текавир, 0.5 мг үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар құрамында 0,004 ммоль (немесе 0,106 мг) натрий бар.

Текавир, 1 мг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар құрамында 0,008 ммоль (немесе 0,212 мг) натрий бар.

Сақтық шаралары

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік

Жүкті әйелдерде энтекавирді қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Егер айқын қажеттілік болмаса, энтекавирді жүктілік кезінде қолданбаған жөн. Энтекавирдің анадан жаңа туған нәрестеге ВГВ берілуіне әсері туралы деректер жоқ. Сондықтан ВГВ неонатальды жұқтырудың алдын алу үшін тиісті емшаралар жүргізілуі керек.

Емшек емізу

Энтекавирмен емдеу курсы кезінде емшек емізуді тоқтатқан жөн. Дамып жатқан шарана үшін потенциалды қаупінің белгісіз екендігін ескеріп, бала туа алатын жастағы әйелдер тиімді контрацепциялық дәрілерді пайдалануы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Бас айналу, әлсіздік және ұйқышылдық көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін жиі жағымсыз әсерлер болып табылады.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Пациенттердің препаратты қабылдауына В гепатиті вирусын емдеу тәжірибесі бар дәрігерлердің жетекшілігімен рұқсат етіледі.

Бауырдың компенсацияланған зақымдануы бар пациенттерде энтекавирдің ұсынылатын дозасы күніне 1 рет 0.5 мг құрайды. Ламивудинге резистентті пациенттерге (яғни анамнезінде ламивудинмен емдеу аясында сақталған В гепатиті вирусы виремиясы бар пациенттерге немесе ламивудинге резистенттілігі айғақталған пациенттер) 1 мг энтекавирді күніне 1 рет тағайындау ұсынылады.

Бауырдың декомпенсацияланған ауруы

Бауырдың декомпенсацияланған ауруы бар ересек пациенттер үшін ұсынылатын доза-күніне бір рет 1 мг, оны аш қарынға қабылдау керек (тамақ ішкенге дейін немесе одан кейін 2 сағаттан артық).

Емдеу ұзақтығы

Емдеудің оңтайлы ұзақтығы белгісіз. Емдеуді тоқтатуды былайша қарастыруға болады:

• HBeAg оң ересек пациенттерде емдеу HBe сероконверсияға қол жеткеннен кейін (сарысудың бірізді үлгілерінде ең кемінде 3-6 ай анти-Hbe анықталуымен HBeAg жоғалуы және ДНҚ ВГВ жоғалуы) ең кемінде 12 ай ішінде немесе HBs сероконверсия сәтіне дейін немесе, егер тиімділігі жоғалған болса, жүзеге асырылуы тиіс

• теріс HBeAg бар ересек пациенттерде емдеу HBs сероконверсиясына дейін немесе тиімділігінің жоғалғаны анықталғанға дейін жүзеге асырылуы тиіс. 2 жылдан астам ұзақ емдеген кезде таңдап алынған емді жалғастыру пациент үшін қолайлы болып қалатынын растау үшін ұдайы қайта баға беріп отыру ұсынылады.

Бауырдың декомпенсацияланған ауруы немесе бауыр циррозы бар пациенттер үшін емдеуді тоқтату ұсынылмайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Балалар популяциясында қолайлы доза үшін энтекавирдің пероральді ерітіндісі немесе 0,5 мг энтекавирдің үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары бар.

Бала жасындағы пациенттерді емдеу туралы шешім жеке пациенттердің қажеттіліктерін мұқият қарауға және балаларды емдеудің қолданыстағы бағдарламасына, оның ішінде бастапқы гистологиялық ақпараттың маңыздылығына негізделуі керек. Вирусты үздіксіз еммен ұзақ мерзімді басудың пайдасы В гепатитінің резистентті вирусының пайда болуын қоса, ұзақ мерзімді емдеу қаупінен жоғары болуы тиіс.

Қан сарысуындағы AЛT көрсеткіші HbeAg - оң созылмалы В гепатитіне байланысты бауырдың компенсацияланған ауруы бар балалар жасындағы пациенттерді емдеу алдында кемінде 6 ай бойы; және HbeAg - теріс ауруы бар пациенттерде кемінде 12 ай бойы тұрақты жоғары болуы тиіс.

Дене салмағы 32,6 кг-ден аспайтын балалар жасындағы пациенттер күн сайынғы дозаны 0,5 мг бір таблеткадан немесе тамақ ішуге қарамастан 10 мл (0,5 мг) пероральді ерітіндіні қабылдауы тиіс. Пероральді ерітіндіні дене салмағы 32,6 кг-ден кем пациенттер қабылдауы керек.

Бала жасындағы пациенттер үшін емнің ұзақтығы

Емдеудің оңтайлы ұзақтығы белгісіз. Бала жасындағы пациенттер үшін қолданыстағы практикалық нұсқаулыққа сәйкес емдеуді тоқтатуды мынадай жағдайларда қарастыруға болады:

- Бала жасындағы HВeAg - оң пациенттерде емдеуді ВГВ ДНҚ–ның анықталмайтын деңгейіне жеткеннен және HBeAg сероконверсиясынан кейін (HBeAg жоғалуы және кемінде 3-6 айдан кейін қатарынан екі сынамада НВe-антигенге антиденені анықтау) немесе HBs сероконверсиясы басталғанға дейін немесе егер әсер етуі жоғалса, кемінде 12 ай жалғастыру керек. Емдеуді тоқтатқаннан кейін сарысуда AЛT мен ВГВ ДНҚ-ның деңгейін үнемі қадағалап отыру қажет.

- Бала жасындағы HBeAg - теріс пациенттерде емдеу В гепатитінің сероконверсиясына дейін немесе тиімділігі жоғалғанға дейін жүргізілуі керек.

Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы бар балалар жасындағы пациенттерде фармакокинетикасы зерттелмеген.

Егде жастағы пациенттер

Жас ерекшелігі негізінде дозаны түзетудің қажеті жоқ. Дозаны пациенттің бүйрек функциясына сәйкес түзету керек.

Жыныс және нәсіл: дозаны жыныс немесе нәсілге байланысты түзетудің қажеті жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Энтекавирдің клиренсі креатинин клиренсінің төмендеуімен бірге төмендейді. Дозаны түзету гемодиализдегі немесе амбулаторлық жағдайда созылмалы перитонеальді диализдегі (CAPD) пациенттерді қоса, креатинин клиренсі < 50 мл/мин пациенттер үшін ұсынылады. Кестедегі ақпаратқа сәйкес энтекавирдің пероральді ерітіндісін пайдалана отырып, күнделікті дозаны төмендету ұсынылады. Балама ретінде, егер пероральді ерітінді жоқ болса, доза дәрілік препаратты қабылдау арасындағы аралықтың ұлғаюымен түзетілуі мүмкін, бұл да кестеде көрсетілген. Ұсынылған дозаның түзетулері шектеулі деректердің экстраполяциясына негізделген және олардың қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық тұрғыдан бағаланбаған. Сондықтан вирусологиялық жауапты мұқият бақылау керек.

* < 0,5 мг энтекавирдің пероральді ерітіндісінің дозалары үшін ұсынылады.

** гемодиализ күндері, энтекавирді гемодиализден кейін қабылдау.

Шығарылу түрі

Тығыздығы жоғары полиэтилен контейнерге 30 немесе 90 таблеткадан салынған.

1 контейнерден медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыТекавир таблеткалары 0,5 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube