daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Тобраменс Көз Жақпа 0,3% 5 Г | Balkanpharma-Razgrad AD

Алматы қаласындағы Тобраменс Көз Жақпа 0,3% 5 Г | Balkanpharma-Razgrad AD
Сипаттама:

Біртекті консистенциядағы ақтан ашық сары түске дейінгі жақпамай Шығарылу түрі және қаптамасы 5 г препараттан бұрандалы пластик қалпақшамен тығындалған, канюлясы бар лакталған алюминий сықпаларға салынған. 1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Халықаралық атауы:

Тобрамицин

Өндіруші:

Balkanpharma-Razgrad AD

Өндіруші ел:

Республика Болгария

Белсенді ингредиент:

- 1 жасқа дейінгі балалар Қолданған кездегі қажетті сақтық шаралары Ұштықтың немесе препараттың ықтималды ластануын болдырмау үшін сықпаның ұшын қабақтарға, оларды қоршаған беткейлерге немесе басқа жерлерге тигізуге болмайды. Сықпаны қолданғаннан кейін бірден жабу керек. Көзге жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілік препараттармен қатар емдеуді жүргізген кезде жағулар арасындағы кемінде 5 минуттық аралықты сақтау қажет. Көзге арналған жақпамай соңғы кезекте қолданылады. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі Препаратты жергілікті офтальмологиялық қолданғанда клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер сипатталған жоқ. Егер тобрамицинді жергілікті офтальмологиялық қолданумен бір мезгілде басқа жүйелі аминогликозидтер пайдаланылса, онда оның қан сарысуындағы жалпы концентрациясын мұқият бақылау керек.

Белсенді заттың дозасы:

0,3%

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- ересектерде және 1 жастан асқан балаларда тобрамицинге сезімтал бактериялар туғызған көздің және оның қосалқы аппаратының сыртқы инфекцияларын емдеу үшін.

Қарсы көрсеткіштер

- препараттың белсенді затына немесе кез келген қосымша компонентіне жоғары сезімталдық

- 1 жасқа дейінгі балалар

Қолданған кездегі қажетті сақтық шаралары

Ұштықтың немесе препараттың ықтималды ластануын болдырмау үшін сықпаның ұшын қабақтарға, оларды қоршаған беткейлерге немесе басқа жерлерге тигізуге болмайды. Сықпаны қолданғаннан кейін бірден жабу керек.

Көзге жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілік препараттармен қатар емдеуді жүргізген кезде жағулар арасындағы кемінде 5 минуттық аралықты сақтау қажет. Көзге арналған жақпамай соңғы кезекте қолданылады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препаратты жергілікті офтальмологиялық қолданғанда клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер сипатталған жоқ.

Егер тобрамицинді жергілікті офтальмологиялық қолданумен бір мезгілде басқа жүйелі аминогликозидтер пайдаланылса, онда оның қан сарысуындағы жалпы концентрациясын мұқият бақылау керек.

Өзара әрекеттесуі

Препаратты жергілікті офтальмологиялық қолданғанда клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер сипатталған жоқ.

Егер тобрамицинді жергілікті офтальмологиялық қолданумен бір мезгілде басқа жүйелі аминогликозидтер пайдаланылса, онда оның қан сарысуындағы жалпы концентрациясын мұқият бақылау керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Жеңіл және орташа дәрежедегі аурулар кезінде дәрілік препараттың аздаған мөлшері (ұзындығы 1,5 см жолақ) бір апта ішінде тәулігіне екі немесе үш рет ұсынылады.

Аурудың ауыр дәрежесінде дәрілік препараттың аз мөлшері (ұзындығы 1,5 см жолақ) алғашқы екі күн ішінде әрбір үш-төрт сағат сайын, содан кейін инфекция жазылғанға дейін күніне екі-үш рет ұсынылады.

Енгізу әдісі мен жолы

Зақымдалған көздің/көздердің конъюнктивалық қалтасына жергілікті жағу керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы инфекцияның түріне байланысты және екі күннен бірнеше аптаға дейін өзгеруі мүмкін.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: жағымсыз реакцияларға ұқсас болуы мүмкін (нүктелі кератит, эритема, көзден көп жас ағу, қабақтың ісінуі және қышынуы).

Емі: жергілікті артық дозаланғанда Тобраменс көзге арналған жақпамайын көзден (көздерден) салқын сумен шаю арқылы кетіруге болады. Кездейсоқ ішке қабылдаған кезде емдеу симптоматикалық және демеуші болуы тиіс.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Қатысты емес

Шығарылу түрі

5 г препараттан бұрандалы пластик қалпақшамен тығындалған, канюлясы бар лакталған алюминий сықпаларға салынған.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Сықпаны алғаш ашқаннан кейін сақтау мерзімі 25оС-ден аспайтын температурада 28 күн.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Салмағы

5 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыТобраменс көз жақпа 0,3% 5 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube