daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Меропенем 1 Г № 1 Құты | Красфарма

Алматы қаласындағы Меропенем 1 Г № 1 Құты | Красфарма

Халықаралық атауы:

Меропенем

Өндіруші:

Красфарма

Өндіруші ел:

Россия

Белсенді ингредиент:

қосымша зат: натрий карбонаты-0.208 г Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ түстен ақшыл сарғыш түсті реңкке дейінгі ұнтақ. Қалпына келтірілген ерітінді-көрінетін механикалық қосылыстардан бос.

Белсенді заттың дозасы:

1 г

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер мен 3 ай және одан үлкен жастағы балалардағы инфекцияларды емдеу:

- ауыр пневмонияда, оның ішінде ауруханаішілік және ӨЖЖ-астасқан пневмонияда

- муковисцидоз кезінде бронх-өкпе инфекцияларында

- несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында

- құрсақ қуысының асқынған инфекцияларында

- босану кезіндегі және босанғаннан кейінгі инфекцияларда

- терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында

- жедел бактериялық менингитте

Егер қызба бактериялық инфекцияға байланысты болса, Меропенем препаратын нейтропениясы бар пациенттерде қолдануға болады.

Меропенем жоғарыда аталған инфекциялардың кез келгеніне байланысты немесе болжамды байланысты бактериемияларды емдеу үшін қолданылады.

Препаратты тағайындау кезінде бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану бойынша ресми нұсқаулықтардың ұсыныстарын ескеру қажет.

Қарсы көрсеткіштер

меропенемге немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

карбапенемдер класына жататын басқа антибиотикке аса жоғары сезімталдық

кез-келген басқа бета-лактамдық антибиотикке (соның ішінде, пенициллиндер мен цефалоспориндерге) айқын аса жоғары сезімталдық (мысалы, анафилаксиялық реакциялар, терінің ауыр реакциялары).

жүктілік

3 айға дейінгі балаларға (пациенттердің осы тобы үшін тиімділік пен қауіпсіздік зерттелмеген).

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Терапияның дозалары мен ұзақтығы инфекцияның түріне, ауырлығына және клиникалық реакцияға байланысты белгіленуі керек.

Кейбір инфекцияларды емдеу үшін, атап айтқанда, аз сезімтал қоздырғыштар (мысалы, Enterobacteriaceae, Pseudomonas aeruginosa, Acinetobacter spp.) немесе өте ауыр инфекциялар кезінде ұсынылатын доза ересектер мен жасөспірімдерге тәулігіне 3 рет 2 г дейін және балаларға тәулігіне 3 рет 40 мг/кг дейін дозаны құрайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер қосымша дозаны түзетуді қажет етеді.

Ересектер мен жасөспірімдер

Ауыр пневмония, оның ішінде аурухана және ОЖЖ астасқан пневмонияда: әр 8 сағат сайын 0,5 г немесе 1,0 г.

Муковисцидоз кезінде бронх-өкпе асқынған инфекцияларында: әр 8 сағат сайын вена ішіне 2,0 г.

Несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында: әр 8 сағат сайын 0,5 г немесе 1,0 г вена ішіне.

Құрсақ қуысының асқынған инфекцияларында: әр 8 сағат сайын 0,5 г немесе 1,0 г вена ішіне.

Босану кезіндегі және босанғаннан кейінгі инфекцияларда: әр 8 сағат сайын 0,5 г немесе 1,0 г вена ішіне.

Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында: әр 8 сағат сайын 0,5 г немесе 1,0 г вена ішіне.

Жедел бактериялық менингитте: әр 8 сағат сайын вена ішіне2,0 г.

Фебрильді нейтропения: әр 8 сағат сайын 1,0 г.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек функциясының бұзылуы

Креатинин клиренсі 51 мл/мин-ден төмен болған кезде ересектер мен жасөспірімдерге препараттың дозасын түзету қажет (төменде қараңыз). 2,0 г дозалау бірлігінде препараттың дозасын түзету жеткілікті зерттелмеген.

Шығарылу түрі

1.0 г белсенді зат сыйымдылығы 20 немесе 30 мл құтыда резеңке тығындармен герметикалық қапсырылған, алюминий немесе біріктірілген қалпақшалармен қаусырылған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон қорапшада.

50 құты және 5 медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Салмағы

1 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМеропенем 1 г № 1 құты дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube