Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 200 мг флуконазол
қосымша заттар: натрий хлориді, 0.05 М натрий гидроксиді ерітіндісі,
0.5 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз немесе сәл боялған мөлдір ерітінді
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл препараттан полиэтилен бөтелкелерге құйылады.
Препараты бар әр бөтелкеге заттаңба жапсырылады.
Әр бөтелке медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде
бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Препараты бар қорапшалар картон қораптарға салынады.
Қорапшаға салмай қаптауға рұқсат етіледі: ерітіндісі бар бөтелкелер
медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген
нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады, медициналық
қолдану жөніндегі нұсқаулықтар саны бөтелкелердің санына қарай
салынады.