daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Микосан Инфузияға Арналған Ерітінді 200 Мг 100 Мл | Химфарм АО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Түссіз немесе сәл боялған мөлдір ерітінді Шығарылу түрі және қаптамасы 100 мл препараттан полиэтилен бөтелкелерге құйылады. Препараты бар әр бөтелкеге заттаңба жапсырылады. Әр бөтелке медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. Препараты бар қорапшалар картон қораптарға салынады. Қорапшаға салмай қаптауға рұқсат етіледі: ерітіндісі бар бөтелкелер медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтар саны бөтелкелердің санына қарай салынады.

Халықаралық атауы:

Флуконазол

Өндіруші:

Химфарм АО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий хлориді, 0.05 М натрий гидроксиді ерітіндісі, 0.5 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Түссіз немесе сәл боялған мөлдір ерітінді Шығарылу түрі және қаптамасы 100 мл препараттан полиэтилен бөтелкелерге құйылады. Препараты бар әр бөтелкеге заттаңба жапсырылады. Әр бөтелке медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. Препараты бар қорапшалар картон қораптарға салынады. Қорапшаға салмай қаптауға рұқсат етіледі: ерітіндісі бар бөтелкелер медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтар саны бөтелкелердің санына қарай салынады.

Белсенді заттың дозасы:

200 мг 100 мл

Дәрілік түрі:

Инфузияға арналған ерітінді 200 мг/100 мл, 100 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт.

Нұсқаулық

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 200 мг флуконазол

қосымша заттар: натрий хлориді, 0.05 М натрий гидроксиді ерітіндісі,

0.5 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Түссіз немесе сәл боялған мөлдір ерітінді

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препараттан полиэтилен бөтелкелерге құйылады.

Препараты бар әр бөтелкеге заттаңба жапсырылады.

Әр бөтелке медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде

бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Препараты бар қорапшалар картон қораптарға салынады.

Қорапшаға салмай қаптауға рұқсат етіледі: ерітіндісі бар бөтелкелер

медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген

нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады, медициналық

қолдану жөніндегі нұсқаулықтар саны бөтелкелердің санына қарай

салынады.

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерде емдеу үшін

- криптококтық менингитте

- кокцидиоидомикозда

- инвазиялық кандидозда

- шырышты қабықтардың кандидозында, соның ішінде орофарингеальді кандидозда, өңеш кандидозында, кандидурияда және тері - шырышты қабықтың созымалы кандидозында

- ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозында (тіс протездерін қолданумен байланысты), ауыз қуысының гигиенасын сақтау немесе жергілікті ем жеткіліксіз болған жағдайда

Ересектерде профилактика үшін

- қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде криптококтық менингиттің қайталануларында

- қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозының қайталануларында

- ұзаққа созылған нейтропениясы бар пациенттерде (гемобластоздары бар, химиотерапия жүргізіліп жатқан пациенттер, немесе гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясы жүргізіліп жатқан пациенттер) кандидоздық инфекциялардың профилактикасы үшін

Мерзіміне жетіп туған нәрестелерді, сәбилер мен мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді емдеу үшін

- шырышты қабықтардың кандидозында (орофарингеальді кандидозда және өңеш кандидозында)

- инвазиялық кандидозда

- криптококтық менингитте

- қайталанулар қаупі жоғары балаларда криптококтық менингиттің қайталануының алдын алу мақсатындағы демеуші ем ретінде

- иммунитеті әлсіреген пациенттерде кандидоздық инфекциялардың профилактикасы.

Емдеуді өсірінділік және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін бастауға болады, алайда, аталған нәтижелер алынғаннан кейін зеңге қарсы емді тиісінше түзету керек.

Зеңге қарсы дәрілерді тиісінше пайдалану жөніндегі жергілікті ресми нұсқаулықтарды ескеру қажет.

Қарсы көрсеткіштер

флуконазолға, құрылымы флуконазолға ұқсас азолдық заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

тәулігіне 400 мг және одан көп дозада ұзақ қолдану аясында терфенадинді бір мезгілде қабылдау

QT аралығын ұзартатын немесе Р450 цитохромының (CYP3A4 изоферментінің) қатысуымен метаболизденетін цизаприд, астемизол, эритромицин, пимозид, хинидин және амиодарон сияқты дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау

жүктілік және лактация кезеңі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Бастың түкті бөлігінің дерматофитиясы

Флуконазолдың балаларда бастың түкті бөлігінің дерматофитиясын емдеуде қолданылуын зерттеулер, тиімділігі жағынан оның гризеофульвиннен асып түспейтіндігін көрсетті: емнің жалпы сәттілігі 20 %-дан аз болды. Бұдан Микосан® препаратын бастың түкті бөлігінің дерматофитиясын емдеу үшін қолданбаған дұрыс деген тұжырым шығады.

Криптококкоз

Микосан® препаратының басқа аумақтардағы криптококкозды (мысалы, өкпе мен терінің криптококкозын) емдеу үшін тиімділігі туралы дәлелденген деректер жеткіліксіз, сондықтан препаратты дозалау жөнінде нұсқау беру мүмкін емес.

Терең эндемиялық микоздар

Эндемиялық микоздардың паракокцидиоидомикоз, тері - лимфа споротрихозы және гистоплазмоз сияқты басқа түрлерін емдеу үшін Микосан® препаратының тиімділігі туралы дәлелденген деректер шектеулі, сондықтан мұндай жағдайларда препаратты дозалау жөнінде нұсқаулар жоқ.

Кандидоз

Зерттеулер C. albicans-тен өзгелерінен Candida штаммдары инфекцияларының басым түсетіндігін көрсетті. Олар көбінесе флуконазолға төзімділігін (мысалы, C. krusei және C. auris) немесе сезімталдығының төмендігін (C. glabrata) танытады. Флуконазолмен емдеу тиімсіз болған жағдайда, ондай инфекциялар зеңге қарсы баламалы емді қажет етуі мүмкін. Дәрігерлерге Candida алуан түрлерінің флуконазолға резистенттілігінің таралуын ескеру ұсынылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде Микосан® препаратын сақтықпен қолдану керек.

Бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі

Кетоконазол бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігін туғызатындығы белгілі, және ол сирек болса да, флуконазолды қолданғанда да байқалуы мүмкін. Преднизалонмен бір мезгілде емдеген кездегі бүйрекүсті бездері қыртысының жеткіліксіздігіне қатысты ақпарат.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Микосан® сақтықпен қолдану керек.

Сирек жағдайларда флуконазолды қолдану негізінен, қатарлас ауыр аурулары бар науқастарда ауыр гепатоуыттылықпен, соның ішінде өліммен қатар жүреді. Флуконазолмен байланысты гепатоуыттылық жағдайларында жалпы тәуліктік дозасымен, емнің ұзақтығымен, пациенттердің жынысымен немесе жас шамасымен қандай да бір айқын өзара байланыстылық байқалған жоқ. Флуконазолдың гепатоуыттылығы, әдетте, қайтымды сипатта болған және емдеуді тоқтатқаннан кейін басылған.

Бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің ауытқулары бар пациенттер флуконазолмен емделу кезінде бауырдың күрделірек зақымданулары дамуының алдын алу мақсатымен тұрақты қадағалауда болуы тиіс.

Емдеуші дәрігер пациенттерді бауыр үшін ауыр салдарларының өзіне тән симптомдарынан (астения, анорексия, үнемі жүрек айнуы, құсу және сарғаю) хабардар етуі тиіс. Флуконазолды қабылдауды дереу тоқтату керек, ал пациент дәрігерге жүгінуі керек.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Кейбір азолдарды, соның ішінде флуконазолды қолданғанда, электрокардиограммада QT аралығы ұзарған жағдайлар орын алған. Флуконазол ішкі түзету калий өзекшелерінің (Ikr) ағымын бәсеңдету арқылы QT аралығының ұзаруын туғызады. Басқа дәрілік препараттар (амиодарон сияқты) туғызған QT аралығының ұзаруы P450 (CYP)3A4 цитохромының тежелуі есебінен күшеюі мүмкін. Тіркеуден кейін қадағалау барысында, Микосан® қабылдаған пациенттерде QT аралығының ұзаруы мен полиморфты қарыншалық тахикардияның (torsades de pointes) өте сирек жағдайлары тіркелген. Аталған жағдайлардың ішінде жүректің құрылымдық ауруы, электролиттердің бұзылулары және жағдайға ықпал етуі мүмкін қатарлас препараттар сияқты көптеген қатарлас қауіп факторлары бар, науқасы ауыр пациенттер туралы хабарлар болды. Гипокалиемиясы және жүректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер өмірге қауіп төндіретін қарынша аритмиялары мен torsades de pointes туындау қаупінің жоғарылауына бейім. Аритмияға ізашар болуы ықтимал жағдайлары бар пациенттерге Микосан® препаратын сақтықпен тағайындау керек. QT аралығын ұзартатындығы белгілі және P - 450 CYP3A4 цитохромының көмегімен метаболизденетін басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Галофантрин

Галофантрин ұсынылған емдік дозасында QT аралығын ұзартады және CYP3A4 субстраты болып табылады. Сондықтан, флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Тері реакциялары

Флуконазолмен емдеген кезде сирек жағдайларда пациенттерде Стивенс -Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты терінің эксфолиативтік реакциялары дамыған. ЖИТС-ке шалдыққан пациенттер көптеген дәрілік препараттарға теріде ауыр реакциялардың дамуына бейімірек келеді. Егер беткейлік зең инфекциясынан емделіп жүрген пациентте флуконазолдың әсеріне жатқызуға болатын бөртпе пайда болса, бұл дәрілік препаратпен емдеуді тоқтату керек. Инвазиялық/жүйелі зең инфекциялары бар пациенттерде бөртпе туындаған жағдайда, оларды мұқият қадағалау және буллездік зақымданулар немесе полиморфты эритема дамыған жағдайда флуконазолды тоқтату керек.

Флуконазолды қолданғанда эозинофилиямен және жүйелі көріністермен жүретін жүретін дәрілік реакция (DRESS) дамығаны туралы хабарланды.

Аса жоғары сезімталдық

Анафилаксиялық реакцияның сирек жағдайлары тіркелген.

P - 450 цитохромы

Флуконазол CYP2C9 изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 изоферментінің орташа тежегіші, сондай-ақ, CYP2C19 изоферментінің тежегіші болып табылады. Микосан® препаратын емдік ауқымы тар, CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттері арқылы метаболизденетін дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерді қадағалау керек.

Терфенадин

Тәулігіне 400 мг-ден аз дозалардағы флуконазол мен терфенадинді бір мезгілде қолдануды емдеуші дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізу керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды

Цизаприд: флуконазол мен цизапридті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде жүрек тарапынан жағымсыз құбылыстар жағдайлары, соның ішінде, көп формалы қарыншалық пароксизмалық тахикардия жағдайлары тіркелді. Флуконазолды тәулігіне бір рет 200 мг-ден және цизапридті күніне төрт рет 20 мг-ден бір мезгілде қолдану цизапридтің қан плазмасындағы деңгейлерінің елеулі жоғарылауына және QTс аралығының ұзаруына алып келеді. Флуконазол мен цизапридті бір мезгілде қолдануға болмайды.

Терфенадин: флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада қолданғанда QTс аралығының ұзарғаны байқалмаған. Флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан көп дозаларда қабылдау терфенадиннің плазмадағы деңгейлерінің едәуір жоғарылауына алып келеді. 400 мг және одан көп дозалардағы флуконазол мен терфенадинді бір мезгілде қолдануға болмайды. Тәулігіне 400 мг-ден аз дозалардағы флуконазол мен терфенадинді бір мезгілде қолдануды дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізу керек.

Астемизол: флуконазол мен астемизолды бір мезгілде қолдану астемизол клиренсінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Астемизолдың плазмалық концентрацияларының жоғарылауы QT аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда, көп формалы қарыншалық пароксизмалық тахикардияның туындауына алып келуі мүмкін. Флуконазол мен астемизолды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Пимозид: флуконазол мен пимозидті бір мезгілде қолдану пимозид метаболизмінің тежелуіне алып келуі мүмкін. Пимозидтің плазмадағы концентрацияларының жоғарылауы QT аралығының ұзаруына, және сирек жағдайларда, көп формалы қарыншалық пароксизмалық тахикардияға әкеп соқтыруы мүмкін. Флуконазол мен пимозидті бір мезгілде қолдануға болмайды.

Хинидин: флуконазол мен хинидинді бір мезгілде қолдану хинидин метаболизмінің тежелуіне алып келуі мүмкін. Хинидинді қолданғанда QT аралығы ұзарған жағдайлар және көп формалы қарыншалық пароксизмалық тахикардияның сирек жағдайлары байқалған. Флуконазол мен хинидинді бір мезгілде қолдануға болмайды.

Эритромицин: флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қолдану ықтимал кардиоуыттылығының (QT аралығының ұзаруы, көп формалы қарыншалық пароксизмалық тахикардия) және соның салдары ретінде, кенеттен жүрек ауруынан өлудің қаупін арттырады. Флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қолдануға болмайды.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды

Галофантрин: флуконазол CYP3A4 изоферментіне тежегіштік әсеріне байланысты, галофантриннің плазмалық концентрациясын арттыруы мүмкін. Флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану ықтимал кардиоуыттылығының (QT аралығының ұзаруы, көп формалы қарыншалық пароксизмалық тахикардия) және соның салдары ретінде, кенеттен жүрек ауруынан өлудің қаупін арттырады. Препараттардың бұл біріктірілімінен аулақ болу керек.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану сақтықты қажет етеді

Амиодарон: Флуконазол мен амиодаронды бір мезгілде қолдану QT аралығының ұзаруына алып келуі мүмкін. Флуконазол мен амиодаронды бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда, әсіресе флуконазолды жоғары дозаларында (800 мг) қолданғанда сақтық таныту керек.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану сақтықты және олардың дозасын түзетуді қажет етеді

Басқа дәрілік препараттардың флуконазолға әсері

Рифампицин: флуконазол мен рифампицинді бір мезгілде қолдану AUC мәндерінің 25 %-ға төмендеуіне және флуконазолдың жартылай шығарылу кезеңінің 20 %-ға қысқаруына алып келеді. Рифампицинді бірге қабылдап жүрген пациенттерге флуконазолдың дозасын артыру керек.

Флуконазолды тамақпен, циметидинмен, антацидтермен немесе кейіннен сүйек кемігін ауыстырып салу кезінде организмді жаппай сәулелендірумен бірге пероральді қабылдау флуконазолдың сіңуінің клиникалық тұрғыдан елеулі нашарлауына алып келмейді.

Гидрохлортиазид: гидрохлортиазид пен флуконазолдың бірнеше дозасын бір мезгілде қолдану, қан плазмасындағы флуконазол концентрациясын 40 %-ға арттырған. Сонымен қатар, диуретиктерді бір мезгілде қолданғанда флуконазолды қабылдау режимін өзгертулер қажет емес.

Флуконазолдың басқа дәрілік препараттарға ықпалы

Флуконазол P – 450 цитохромы - CYP2C9 және CYP3A4 изоферменттерінің орташа тежегіші болып табылады. Сонымен қатар, флуконазол CYP2C19 изоферментінің күшті тежегіші болып табылады. Сондай-ақ, CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 ферменттері арқылы метаболизденетін және флуконазолмен бір мезгілде қолданылатын басқа құрамдастарының плазмадағы концентрациясының жоғарылау қаупі бар. Сондықтан аталған препараттарды сақтықпен біріктіру керек, және пациенттер дәрігердің мұқият қадағалауында болуы тиіс. Флуконазолдың жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығына байланысты, оның ферменттерге тежегіштік әсері осы препаратпен емдеу тоқтатылғаннан кейін 4 - 5 күнге созылады.

Аброцитиниб: флуконазол (CYP2C19, 2C9, 3A4 тежегіші) әсер етуші зат аброцитинибтің әсер ету деңгейін 155% - ға арттырды. Аброцитинибті флуконазолмен бірге қолданған кезде аброцитинибтің дозасын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілгендей түзету керек.

Алфентанил: флуконазол (400 мг) мен вена ішіне алфентанилді (20 мкг/кг) бір мезгілде қолдану барысында, CYP3A4 изоферментінің тежелуіне байланысты алфентанилдің AUC10 2 есе жоғарылауы мүмкін. Алфентанилдің дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Амитриптилин, нортриптилин: флуконазол амитриптилин мен нортриптилиннің әсерін күшейтеді. 5 - нортриптилиннің және (немесе) S - амитриптилиннің концентрациясын қатарлас емді бастар алдында және одан кейін бір аптадан соң өлшеуге болады. Қажет болған жағдайда, амитриптилиннің немесе нортриптилиннің дозасын түзету керек.

Амфотерицин В: флуконазол мен амфотерицин B бір мезгілде қолдану келесі нәтижелерді көрсетеді: C. albicans туғызған жүйелі инфекциялар кезінде зеңге қарсы әлсіз аддитивтік әсері, Cryptococcus neoformans туғызған бассүйекішілік инфекция кезінде өзара әрекеттесуінің болмауы, Aspergillus fumigatus туғызған жүйелі инфекция кезінде екі препараттың антагонизмі.

Антикоагулянттар: флуконазолды варфаринмен бірге қабылдағанда протромбин уақытының ұзаруымен қатар жүретін қан кетулер (қанталаулар, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) тіркелген. Микосан® препаратымен және варфаринмен қатарлас емдеу кезінде CYP2C9 изоферменті арқылы варфарин метаболизмінің тежелетіндігіне байланысты протромбин уақыты 2 есе ұзаруы мүмкін. Кумариндік немесе индандиондық антикоагулянттарды флуконазолмен бірге қабылдағанда, протромбин уақытын бақылау керек. Антикоагулянттың дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Бензодиазепиндер (әсері қысқа) (мысалы, мидазолам, триазолам): мидазолам мен флуконазолды ішке қабылдағаннан кейін мидазолам концентрацияларының едәуір жоғарылағаны және психомоторлық әсерлерінің күшейгені байқалады. 200 мг дозадағы флуконазол мен 7,5 мг дозадағы мидазоламды бір мезгілде қолдану мидазоламның AUC мәнінің және жартылай шығарылу кезеңінің 3,7 және 2,2 есе ұлғаюына алып келеді. 200 мг дозадағы флуконазол мен 0,25 мг дозадағы триазоламды бір мезгілде қолдану триазоламның AUC мәні мен жартылай шығарылу кезеңінің 4,4 және 2,3 есе артуына алып келеді. Флуконазол мен триазоламды бір мезгілде қолданғанда триазолам әсерінің күшейгені мен ұзарғаны байқалады. Флуконазолды бензодиазепиндермен бір мезгілде қолданған жағдайда, қажеттілігіне қарай бензодиазепиннің дозасын азайту керек.

Карбамазепин: Флуконазол карбамазепиннің метаболизмін тежейді және соңғысының сарысудағы концентрациясын 30 %-ға арттырады. Карбамазепиндік уыттылықтың даму қаупі бар. Карбамазепиннің концентрациясының немесе әсерінің көрсеткіштеріне байланысты дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары: кальций өзекшелерінің кейбір антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденеді. Флуконазол кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелі әсерін едәуір арттыруы мүмкін. Жағымсыз әсерлеріне жиі мониторинг жүргізу ұсынылады.

Целекоксиб: флуконазолмен (тәулігіне 200 мг) және целекоксибпен (200 мг) қатарлас емдеу кезінде, целекоксибтің Cmax және AUC сәйкесінше 68 % және 134 %-ға артады. Целекоксибтің флуконазолмен біріктірілген дозасының жартысы қажет болуы мүмкін.

Циклофосфамид: циклофосфамид пен флуконазолды біріктіріп емдеу қан сарысуындағы билирубин мен креатинин деңгейлерінің жоғарылауына алып келеді. Аталған біріктірілімді пайдаланғанда сарысудағы билирубин мен креатинин концентрациясының жоғарылауы қаупіне ерекше көңіл бөлу керек.

Фентанил: фентанил мен флуконазолдың өзара әрекеттесуінен туындауы ықтимал өлімнің бір жағдайы анықталды. Флуконазол фентанилдің элиминациясын едәуір тежейді. Фентанил концентрациясының жоғарылауы тыныс алудың жеткіліксіздігіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Пациенттерді тыныстың тарылуы мүмкіндігіне қатысты мұқият қадағалау керек. Фентанилдің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Гидроксиметилглутарил - кофермент A - редуктаза (ГМГ-КоA-редуктаза) тежегіштері: флуконазол CYP3A4 арқылы метаболизденетін аторвастатин және симвастатин сияқты, немесе CYP2C9 арқылы метаболизденетін, флувастатин сияқты ГМГ-КоA-редуктаза тежегіштерімен бір мезгілде тағайындалған кезде миопатияның және қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозының (рабдомиолиз) даму қаупі жоғарылайды. Қатарлас емдеу қажет болған жағдайда, дәрігер науқасты миопатия және рабдомиолиз симптомдарының пайда болуын қадағалауы тиіс, сондай-ақ, организмдегі креатинкиназа деңгейін бақылау жүргізілуі тиіс. Егер креатинкиназа деңгейінің едәуір жоғарылауы байқалса, немесе егер миопатия немесе рабдомиолиз диагнозы қойылса, немесе оларға күдік болса ГМГ-КоA-редуктаза тежегіштерін қабылдауды тоқтату керек.

Ибрутиниб: флуконазол сияқты CYP3A4 орташа тежегіштері, ибрутинибтің плазмадағы концентрациясын арттырады және уыттылық қаупін жоғарылатуы мүмкін. Егер біріктірмеуге болмайтын болса, тежегіш пайдаланылған кезде ибрутинибтің дозасын күніне бір рет 280 мг (екі капсулаға) дейін азайту және мұқият клиникалық мониторингті қамтамасыз ету керек.

Ивакафтор: муковисцидоз кезінде трансжарғақшалық өткізгіштік реттегіші генінің (CFTR) стимуляторы ивакафтормен бір мезгілде қолдану, ивакафтордың әсер ету деңгейін 3 есе, ал гидроксиметил - ивакафтордың (M1) әсер ету деңгейін - 1,9 есе арттырған. Флуконазол және эритромицин сияқты, CYP3A орташа тежегіштерін бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге ивакафтордың дозасын тәулігіне бір рет 150 мг дейін төмендету ұсынылған.

Олапариб: флуконазол сияқты CYP3A4 орташа тежегіштері, олапарибтің қан плазмасындағы концентрациясын арттырады; бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер аталған препараттарды біріктірмеуге болмайтын болса, олапарибтің дозасын тәулігіне екі рет 200 мг дейін шектеу керек.

Иммуносупрессорлар (мысалы, циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус)

Циклоспорин: флуконазол циклоспориннің концентрациясы мен AUC мәнін едәуір арттырады. Флуконазол (тәулігіне 200 мг дозада) мен циклоспоринді (тәулігіне 2,7 мг/кг дозада) бір мезгілде қолданғанда циклоспориннің AUC мәнінің 1,8 есе жоғарылағаны байқалған. Препараттардың бұл біріктірілімін, циклоспориннің дозасын концентрациясына байланысты азайта отырып пайдалануға болады.

Эверолимус: сәйкесінше in vivo және in vitro зерттеулер жүргізілмегендігіне қарамастан, CYP3A4 ферментін тежейтіндігіне байланысты флуконазол қан сарысуындағы эверолимус концентрациясын арттыруы мүмкін деп есептеледі.

Сиролимус: флуконазол сиролимус метаболизмінің CYP3A4 және Р - гликопротеин арқылы тежелуі жолымен сиролимустің плазмалық концентрациясын арттырады деп болжанады. Бұл біріктірілімді сиролимустің дозасын әсеріне және концентрациясы көрсеткіштеріне байланысты түзете отырып пайдалануға болады.

Такролимус: ішекте CYP3A4 ферментінің тежелуі салдарынан такролимус метаболизмінің тежелетіндігі себепті, флуконазол пероральді қолданылғандағы такролимустың қан сарысуындағы концентрациясын 5 есеге дейін арттыруы мүмкін. Такролимусты вена ішіне қолданғанда елеулі фармакокинетикалық өзгерістер байқалмаған. Такролимус деңгейлерінің жоғарылауы нефроуыттылықтың дамуына алып келген. Пероральді қолданған кезде такролимустың дозасын оның концентрациясына байланысты азайту керек.

Лозартан: флуконазол лозартанмен емдеу кезінде орын алатын, лозартанның өзінің, ангиотензин II рецепторлары антагонизмінің көп бөлігіне жауапты белсенді метаболитіне (Е 3174) метаболизмін тежейді. Пациенттердің артериялық қысымын тұрақты түрде бақылап отыру керек.

Луразидон: флуконазол сияқты орташа CYP3A4 тежегіштері қан плазмасындағы луразидон концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Егер бір мезгілде қолдануды болдырмау мүмкін болмаса, луразидон дозасын луразидонға арналған препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілгендей етіп азайту керек

Метадон: флуконазол қан сарысуындағы метадон концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Метадонның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП):

Флурбипрофенмен монотерапиямен салыстырғанда, флуконазолмен бір мезгілде тағайындалғанда флурбипрофеннің Cmax пен AUC 23% және 81%-ға жоғарылайды. Сол сияқты, флуконазол ибупрофеннің рацемиялық қоспасымен (400 мг) бір мезгілде тағайындалғанда, соңғысымен монотерапиясымен салыстырғанда, фармакологиялық тұрғыдан белсенді изомерінің (S - (+) - ибупрофен) Cmax пен AUC 15% және 82%-ға жоғарылайды.

Флуконазол CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа ҚҚСП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелі әсерін арттыруы мүмкін. ҚҚСП-мен байланысты жағымсыз әсері мен уыттылығын жиі мониторингілеу ұсынылады. ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Фенитоин: флуконазол фенитоиннің бауырдағы метаболизмін тежейді. 200 мг дозадағы флуконазол мен 250 мг дозадағы фенитоинді вена ішіне бір мезгілде бірнеше рет қолдану фенитоиннің AUC24 мәндерінің 75 %-ға және Cmin 128 %-ға жоғарылауына алып келген. Бір мезгілде қолданғанда, фенитоиннің уыттылық көріністерінің алдын алу үшін, фенитоиннің қан сарысуындағы концентрациясының деңгейлері тексерілуі тиіс.

Преднизон: бауыр трансплантацясынан кейінгі, преднизонмен ем қабылдаған пациентте флуконазолмен үш айлық емді тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті бездері қыртысының жедел жеткіліксіздігі дамыған жағдай анықталды. Тоқтату CYP3A4 ферменті белсенділігінің артуына алып келген деп шамаланады, бұл өз кезегінде преднизон метаболизмінің күшеюін туғызған. Флуконазолмен және преднизонмен ұзақ уақыт бойы ем қабылдап жүрген пациенттерде флуконазолды тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті бездері қыртысы жеткіліксіздігінің дамуын қадағалау керек.

Рифабутин: флуконазолмен бір мезгілде қолдану рифабутиннің қан сарысуындағы AUC шамасының 80 %-ға дейін жоғарылауына алып келеді. Флуконазол мен рифабутин бір мезгілде тағайындалған науқастарда увеит дамыған жағдайлар туралы хабарланды, және аталған препараттармен біріктіріп емдеген жағдайда рифабутиннің уыттылық көріністерінің симптомдарына көңіл бөлу керек.

Саквинавир: CYP3A4 ферментінің қатысуымен бауырдағы саквинавирдің метаболизмінің тежелетіндігіне, сондай-ақ, P-гликопротеин тежелуіне байланысты, флуконазол ферменттердің қатысуымен саквинавирдің AUC және Cmax мәндерін шамамен 50 %-ға және 55 %-ға арттырады. Саквинавирмен/ритонавирмен өзара әрекеттесуі зерттелмеген және одан да айқынырақ болуы мүмкін. Саквинавирдің дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Сульфонилмочевина препараттары: флуконазол бір мезгілде қабылданғанда пероральді сульфонилмочевина препараттарының (мысалы, хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңін ұзартады. Қандағы глюкозаны жиі бақылап отыру және сульфонилмочевинаның дозасын сәйкесінше азайту ұсынылады.

Теофиллин: флуконазолды 14 күн бойы 200 мг-ден қабылдау теофиллин клиренсінің орташа жылдамдығының 18 %-ға төмендеуіне алып келеді. Теофиллиннің артық дозалануы симптомдарын дер кезінде анықтау мақсатында, флуконазол мен теофиллинді жоғары дозаларында қабылдап жүрген науқастарды, немесе теофиллиннің уытты әсер ету қаупі жоғары науқастарды мұқият қадағалау қажет; ондайлар пайда болған жағдайда, емдеуді тиісінше өзгерту керек.

Тофацитиниб: CYP3A4 орташа тежелуіне және CYP2C19 күшті тежелуіне алып келетін дәрілік препараттармен (мысалы, флуконазолмен) бір мезгілде тағайындағанда тофацитинибтің экспозициясы жоғарылайды. Сол себепті, аталған препараттармен бірге тағайындағанда тофацитинибтың дозасын күніне бір рет 5 мг дейін азайту ұсынылады.

Толваптан: CYP3A4 орташа тежегіші болып табылатын флуконазолмен бірге қолданғанда CYP3A4 тежегіші, толваптан экспозициясы елеулі артады (AUC - 200%-ға, Cmax - 80%-ға), бұл арада жағымсыз реакциялардың, атап айтқанда, айқын диурез, сусыздану және бүйректің жедел жеткіліксіздігінің пайда болу қаупі едәуір артады.

Толваптанды флуконазолмен бір мезгілде қолданған жағдайда толваптан дозасын оның қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес азайту керек және пациентті толваптанға байланысты кез-келген жағымсыз реакциялардың пайда болуы тұрғысында жиі бақылау керек

Қабіршөп алкалоидтары: флуконазол қабіршөп алкалоидының (мысалы, винкристин және винбластин) плазмадағы деңгейлерін жоғарылатуы және CYP3A4 тежегіштік әсеріне байланысты - нейроуыттылығына алып келуі мүмкін.

А дәрумені: бір клиникалық жағдайдың сипаттамасында транс-ретиной қышқылы (A дәруменінің қышқылдық түрі) мен флуконазолды біріктіріп емдеуден толық өткен пациентте, ОЖЖ тарапынан бассүйекішілік идиопатиялық гипертензия түріндегі жағымсыз әсерлердің дамығаны анықталған, ол флуконазолды тоқтатқаннан кейін жоғалып кеткен. Бұл біріктірілімді пайдалануға болады, бірақ ОЖЖ-мен байланысты жағымсыз әсерлерді анықтау мақсатында пациенттерді қадағалап отыру керек.

Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші): пероральді вориконазол (1-ші күні әр 12 сағат сайын 400 мг, содан соң 2,5 күн бойы әр 12 сағат сайын 200 мг) мен пероральді флуконазолды (1-ші күні 400 мг, содан соң 4 күн бойы әр 24 сағат сайын 200 мг) бір мезгілде қолдану вориконазолдың концентрациясы мен AUC орташа алғанда, сәйкесінше 57%-ға (90% СА: 20%, 107%) және 79%-ға (90% СА: 40%, 128%) жоғарылауына алып келген. Вориконазол мен флуконазолды кез келген дозасында бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Флуконазолдан кейін бірден вориконазолды қолданған жағдайда, вориконазолды қолданумен байланысты жағымсыз реакцияларды мониторингілеуді жүзеге асыру ұсынылады.

Зидовудин: флуконазол зидовудиннің Cmax пен AUC 84% және 74%-ға арттырады, оған зидовудинді пероральді қолданғанда оның клиренсінің шамамен 45%-ға төмендеуі түрткі болады. Флуконазолмен біріктіріп емдеуден кейін зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 128%-ға ұзарады. Бұл біріктірілімді қабылдап жүрген пациенттер зидовудинді қабылдаумен байланысты жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында қадағалануы тиіс. Зидовудиннің дозасын азайту қажет болуы мүмкін.

Азитромицин: дені сау 18 субъект қатысқан ашық рандомизацияланған үш факторлы айқаспалы зерттеуде флуконазолдың бір реттік 800 мг пероральді дозасының фармакокинетикасына азитромициннің 1200 мг пероральді дозасының әсері, сондай-ақ, флуконазолдың азитромицин фармакокинетикасына әсері бағаланды. Флуконазол мен азитромицин арасында елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер анықталмады.

Пероральді контрацептивтер: 50 мг флуконазолдың дозасы гормондар деңгейіне ешқандай елеулі әсер бергені байқалмады, ал тәуліктік 200 мг дозасында, этинилэстрадиол мен левоноргестрелдің AUC (концентрация-уақыт қисығы астындағы ауданы) 40% және 24%-ға жоғарылаған. Осылайша, флуконазолды жоғарыда көрсетілген дозаларда бірнеше рет қолдану ұрықтануға қарсы біріктірілген пероральді препараттардың тиімділігіне әсер етпейді.

Арнайы сақтандырулар

Қосымша заттар

Бұл дәрілік препараттың құрамында 100 мл-де 900.0 мг натрий хлориді бар. Препаратты натрий тұтынылуы шектелген диета тағайындалған пациенттерде қолданғанда осыны ескеру керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Обсервациялық зерттеудің нәтижелері жүктіліктің бірінші триместрі кезінде флуконазолды қабылдап жүрген әйелдерде өздігінен болатын аборттар қаупінің жоғарылағанын көрсетті.

Аналары кокцидиоидомикоздан емделу үшін флуконазолды үш немесе одан да көп ай бойы жоғары (күніне 400-800 мг) дозаларда қабылдаған, жаңа туған нәрестелердегі көптеген даму ақаулары жағдайлары (брахицефалияны, құлақ жарғағының дисплазиясын, алдыңғы еңбегінің шамадан тыс үлкеюін, жамбасының қисаюын, иық-шынтақ синостозын қоса) сипатталған. Аталған жағдайлардың флуконазолды қабылдаумен себеп-салдарлық байланыстылығы айқын емес.

Флуконазол стандартты және жоғары дозаларында, қысқа мерзімді емдеуде де, ұзақ уақыт қолданғанда да, өмірге қауіп төндіруі ықтимал инфекциялар жағдайларын қоспағанда, жүктілік кезінде пайдаланылмауы тиіс.

Флуконазол емшек сүтіне өтеді және емшек сүтіндегі концентрациясы қан плазмасындағыға ұқсас концентрацияға жетеді. Флуконазолдың стандартты 150 мг немесе одан аз дозасын бір рет қабылдағаннан кейін бала емізуді жалғастыруға болады.

Бірақ флуконазолды бірнеше рет қолданғаннан кейін немесе көп дозасын қабылдағаннан кейін бала емізу ұсынылмайды.

Флуконазолды тағайындау үшін клиникалық көрсетілімдерімен бірге, сәбидің денсаулығы мен дамуы үшін емшек емудің артықшылықтарын және сәбиде кез келген ықтимал жағымсыз әсерлердің дамуы немесе анасындағы қатарлас патологияның сәби денсаулығына әсер етуі мүмкіндігін ескеру керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пациенттерге препаратты қолдану кезінде бас айналуының немесе құрысулардың дамуы мүмкіндігі туралы ақпарат беру керек. Ондай симптомдар дамыған жағдайда көлік құралдарын басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу ұсынылмайды.

Сақтық шаралары

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Флуконазолдың тәуліктік дозасы зең инфекциясының сипаты мен ауырлығына тәуелді. Препаратты қайталап қабылдауды қажет ететін инфекциялар кезінде, емдеуді белсенді зең инфекциясының клиникалық немесе зертханалық белгілері жойылғанға дейін жалғастыру керек. Емдеуді мерзімінен бұрын тоқтату инфекцияның қайталануына алып келуі мүмкін.

Ересектер

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері болмаған жағдайда, препаратты әдеттегі дозасында қолданады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бір рет қабылдағанда дозасын өзгерту қажет емес. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (балаларды қоса) препаратты бірнеше рет қолданғанда, осы көрсетілім үшін ұсынылатын тәуліктік дозасына байланысты 50 мг-ден 400 мг дейінгі бастапқы дозасын енгізу керек, содан кейін бастапқы жүктемелік дозасынан кейін қабылданатын тәуліктік дозасын (көрсетіліміне байланысты) келесі кестеге сәйкес белгілейді:

Тұрақты түрде диализ жүргізілетін пациенттер әр диализден кейін ұсынылатын дозасының 100 %-ын қабылдауы тиіс. Диализ жүргізілмейтін күні пациентке креатинин клиренсіне байланысты түзетілген дозасы тағайындалады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Флуконазолды бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені, пациенттердің аталған санатында флуконазолдың қолданылғаны туралы ақпарат жеткіліксіз.

Балалар

Балалардағы ең жоғарғы дозасы тәулігіне 400 мг-ден аспауы тиіс.

Ересектердегі осындай инфекциялар кезіндегі сияқты, емдеуді белсенді зең инфекциясының клиникалық немесе зертханалық белгілері жойылғанға дейін жалғастыру керек.

Бүйрек функциясы бұзылған, балалар жасындағы пациенттерге арналған дозалары ересектердегісіне сәйкес келеді және жоғарыда «Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер» бөлімінде көрсетілген. Бүйрек функциясы бұзылған балалардағы флуконазол фармакокинетикасы зерттелген жоқ.

28 күндігінен бастап сәбилер және 12 жасқа дейінгі балалар

Жасөспірімдер (12 жастан 18 жасқа дейін)

Пациенттің жас шамасы мен жыныстық тұрғыдан жетілуіне байланысты, дәрігер қандай (ересектерге немесе балаларға арналған) дозалау режимі қолайлырақ болып табылатындығына баға беруі тиіс. Клиникалық деректер, ересектердегіге қарағанда, балаларда флуконазолдың клиренсі жоғарырақ екенін көрсетіп отыр. Ересектердегі 100, 200 және 400 мг дозалары салыстырымды жүйелі экспозициясының алынуымен балалардағы 3, 6 және 12 мг/кг дозаларына сәйкес келеді.

Мерзіміне жетіп туған нәрестелер (0-ден 27 күнге дейін)

Жаңа туған нәрестелерде флуконазолдың шығарылуы баяу жүреді.

Мерзіміне жетіп туған нәрестелерге арналған дозасы жөніндегі фармакокинетикалық деректер тым аз.

Енгізу әдісі және жолы

Микосан® препараты венаішілік инфузиялар (инфузияға арналған ерітінді) жолымен енгізуге арналған. Вена ішіне енгізуден пероральді қабылдау тәсіліне немесе керісінше көшкен кезде, тәуліктік дозасын өзгерту қажет емес.

Дәрігер жас шамасына, дене салмағына сәйкес анағұрлым қолайлы дәрілік түрі мен дозасын тағайындауы тиіс.

Препараттың венаішілік инфузиясын енгізудің жылдамдығы 10 мл/минуттан аспауы тиіс. Микосан® препараты инфузияға арналған ерітінді түрінде шығарылады, оның әсер етуші заты натрий хлоридінің 9 мг/мл (0,9 %) ерітіндісінде ерітілген; 200 мг препараттың әр құтысында (көлемі 100 мл) 15 ммоль Na+ және C1- иондары болады. Микосан® сұйылтылған тұзды ерітінді түрінде қолжетімді болғандықтан, натрий немесе сұйықтық тұтынылуын шектеу қажет пациенттер үшін енгізілетін сұйықтық мөлшерін ескеру керек.

Вена ішіне енгізуге арналған Микосан® келесі ерітінділермен үйлесімді:

- глюкозаның 5 % және 20 % ерітіндісі

- Рингер ерітіндісі

- Хартман ерітіндісі

- калий хлоридінің глюкозадағы ерітіндісі

- натрий бикарбонатының 4,2 % және 5 % ерітіндісі

- аминазиннің 3,5 % ерітіндісі

- натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісі

- Диалафлекс (перитонеальді диализге арналған 6,36 % ерітіндісі)

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Флуконазолмен артық дозалану жөнінде хабарламалар алынды.

Симптомдары: елестеулер және параноидты мінез-құлық.

Емі: симптоматикалық демеуші ем жүргізу және қажет болған жағдайда асқазанды шаю керек.

Флуконазол негізінен несеппен шығарылады, сондықтан қарқынды диурез препараттың шығарылуын жеделдетуі мүмкін. 3 сағатқа созылатын гемодиализ сеансы флуконазолдың плазмадағы деңгейін шамамен 50%-ға төмендетеді.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғанда қажет болатын шаралар

Ұмытылған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну жөнінде нұсқаулар

Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Жиі

- бас ауыруы

- іштің ауыруы, құсу, диарея, жүрек айнуы

-аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

- бөртпе

Жиі емес

- анемия

- тәбеттің төмендеуі

- ұйқышылдық, ұйқысыздық

- құрысулар, бас айналуы, парестезиялар, дәм сезудің бұзылуы

- бас айналуы

- іш қату, диспепсия, метеоризм, ауыздың құрғауы

- холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы

- тұрақты дәрілік эритеманы қоса дәрі-дәрмектік дерматит, есекжем, қышыну, қатты терлеу

- миалгия

- қатты қажу, дімкәстік, астения, қызба

Сирек

- агранулоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения, нейтропения

- анафилаксия

- гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гипокалиемия

- тремор

- көп формалы қарыншалық пароксизмалық тахикардия, Q–T аралығының ұзаруы

- бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлық некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлық зақымданулар

- уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел

жайылған экзантемалық пустулез, эксфолиативтік дерматит, ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, алопеция

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

- эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен жүретін дәрілік реакция (DRESS синдромы)

Балалар жасындағы пациенттер

Балалар жасындағы пациенттердегі клиникалық зерттеулер кезінде тіркелген жағымсыз реакциялардың, сондай-ақ, зертханалық көрсеткіштердің қалыптан ауытқуларының сипаты мен жиілігі ересек пациенттердегі осындайлармен салыстырымды.

Артық дозалану

Шығарылу түрі

100 мл препараттан полиэтилен бөтелкелерге құйылады.

Препараты бар әр бөтелкеге заттаңба жапсырылады.

Әр бөтелке медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде

бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Препараты бар қорапшалар картон қораптарға салынады.

Қорапшаға салмай қаптауға рұқсат етіледі: ерітіндісі бар бөтелкелер

медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген

нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады, медициналық

қолдану жөніндегі нұсқаулықтар саны бөтелкелердің санына қарай

салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

100 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМикосан инфузияға арналған ерітінді 200 мг 100 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube