Қолдану көрсеткіштері
- Пациенттерде операциядан кейінгі қабынуды емдеуде және катаракта экстракциясынан кейінгі ауыруды азайтуда
- Пациенттерде операциядан кейінгі қабынуды емдеуде және катаракта экстракциясынан кейінгі ауыруды азайтуда
- препараттың компоненттеріне, сондай-ақ басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға аса жоғары сезімталдық
- бронх демікпесі ұстамалары, есекжем және жедел ринит симптоматикасы бар пациенттерде олар ацетилсалицил қышқылы мен басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдау кезінде күшейеді
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Көзге операциядан 24 сағат бұрын және офтальмологиялық операциядан кейін 14 күн ішінде жергілікті ҚҚСП қолдану мөлдір қабық тарапынан жағымсыз реакциялардың туындау қаупін және ауырлық дәрежесін арттыруы мүмкін.
Жергілікті ҚҚСП пайдалану кератиттің дамуына әкелуі мүмкін. Кейбір сезімтал пациенттерде ұзақ уақыт жергілікті ҚҚСП қолдану эпителий жыртылуын, мөлдір қабықтың жұқаруын, мөлдір қабық эрозиясын, мөлдір қабықта ойық жараның түзілуін немесе мөлдір қабық тесілуін туындатуы мүмкін. Осы жағымсыз құбылыстар көру қабілетінен айрылу қаупін төндіруі мүмкін. Мөлдір қабық эпителийінің жыртылу белгілері бар пациенттер препаратты пайдалануды дереу тоқтатып, мөлдір қабық күйі қалыпқа түскенше дәрігер қадағалауында болуы тиіс.
ҚҚСП пайдалану, әсіресе, жергілікті кортикостероидтармен бірге қолдану кезінде жазылу үдерісін баяулатуы мүмкін.
Пациентттер ҚҚСП пайдалану кезінде жазылу үдерісінің баяулауы мүмкін екені жөнінде ескертілген болуы тиіс.
Унибром препаратын қолдану кезінде пациенттер жанаспалы линзаларды пайдаланбауы тиіс. Қолданар алдында жанаспалы линзаларды шешіп, препаратты тамызудан кейін кемінде 15 минут күте тұру керек.
Пациенттер тамшылатқыштың ұшына тиіспеу және оларды кез келген беткейге тигізбеу керектігі туралы ескертілген болу керек, бұл құтының ішіндегісінің ластануына әкелуі мүмкін.
Сақтықпен
Препарат құрамындағы натрий сульфиті сезімтал адамдарда анафилаксиялық шок, демікпе ұстамаларын қоса, аллергиялық реакция туғызуы мүмкін. Сульфиттерге сезімталдық анамнезінде бронх демікпесі және аллергиялық реакциялары бар тұлғаларда жоғарылайды.
Унибром препаратын қолдану кезінде ацетилсалицил қышқылына, фенилацетил қышқылының туындыларына, сондай-ақ басқа ҚҚСП-ға айқаспалы сезімталдықтың даму мүмкіндігі бар. Бұрын осы препараттарға сезімталдық анықталған тұлғаларды емдеу кезінде сақтық шарасын қадағалау қажет.
Унибром құрамында бензалконий хлориді болғандықтан, жиі немесе ұзақ уақыт қолданғанда мұқият бақылау қажет.
Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіретіні белгілі. Жұмсақ жанаспалы линзалармен жанасудан аулақ болу керек және оларды Унибром препаратымен емдеу кезінде тағуға болмайды.
Бензалконий хлориді көздің тітіркенуін, нүктелік және/немесе уытты ойық жаралы кератопатияны тудыратыны хабарланды.
ҚҚСП тромбоциттер агрегациясының бұзылуы нәтижесінде қан кету уақытын ұзартуы мүмкін. Офтальмологиялық операциялармен біріктіріп жергілікті ҚҚСП қолдану көз тіндерінің қанталауын (соның ішінде көздің алдыңғы камерасында) ұлғайтуы мүмкін. Унибром анамнезінде қан кетуге бейімділік баяндалған пациенттерде немесе егер қанның ұю уақытын ұзартуы мүмкін басқа дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттерде абайлап пайдаланылуы тиіс.
Сирек жағдайларда Унибром препаратын тоқтатқаннан кейін қабыну реакцияларының өршуі байқалды, мысалы, катарактаны алып тастау операциясынан кейін макулярлы ісіну түрінде.
Хирургиялық офтальмологиялық араласулардан кейінгі асқынулары, мөлдір қабық денервациясы, мөлдір қабық эпителийінің ақаулары, қант диабеті, көздің беткейлік аурулары (мысалы, «құрғақ көз» синдромы), ревматоидты артрит немесе қысқа уақыт аралығында қайта жасалған хирургиялық араласулары болған пациенттерде жергілікті ҚҚСП қолдану тәжірибесі мөлдір қабық тарапынан жағымсыз реакциялардың жоғары даму қаупі болуы мүмкін.
Балаларда қолдану
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Препаратты басқа офтальмологиялық препараттармен: α-адреномиметиктер, β-адреноблокаторлар, карбоангидраза тежегіштері, мидриатиктермен бір мезгілде қолдануға болады. Осы орайда препараттар кемінде бес минут үзіліспен қолданылуы тиіс.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды (препаратты балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген).
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік кезінде бромфенак 0.09% көзге тамызатын дәріні қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген. Егер ана үшін күтілетін пайда шарана үшін ықтимал қауіптен асып кетсе, препаратты жүктілік кезінде қолдану мүмкін.
Жүктіліктің кеш кезеңінде препаратты тағайындаудан аулақ болу керек.
Лактация кезінде әйелдерде қолданған кезде сақ болу керек.
Фертильділік
Егер пациент жүктіліктің болуын жоспарласа немесе болжаса және бромфенак 0.09% офтальмологиялық ерітіндісін қолданса, дәрігерге дереу хабарлау керек. Унибромды тек дәрігердің бақылауымен бала көтеруге қабілетті әйелдерде қолдануға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне мардымсыз әсер етеді. Препаратты енгізуден кейін көру қысқа мерзімді бұлыңғырлануы мүмкін, сондықтан автокөлік жүргізуге және механизмдерді басқаруға кіріспес бұрын көру қабілеті толық қалпына келгенше күте тұруға кеңес беріледі.

Дозалау режимі
Ересектер
Катаракта экстракциясында: емдеу операциядан 1 күн бұрын басталады және операциядан кейінгі кезеңнің алғашқы 14 күнінде жалғасады (операция күнін қосқанда).
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
65 жастан асқан пациенттерде қолдану
Препаратты қабылдау режимі жас пациенттерден өзгеше емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Конъюнктивалық қалтаға инстилляциялау.
Тамшылатқыштың ұшы мен құтының ішіндегісін ластамау үшін құтының тамшылатқышының ұшын көзге немесе кез келген басқа бетке тигізбеу керек.
Қолданғаннан кейін құтыны қақпақпен тығыз жабу ұсынылады.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Катаракта экстракциясында: күніне бір рет бір тамшыдан.
Емдеу ұзақтығы
Катаракта экстракциясында: емдеу операциядан 1 күн бұрын басталады және операциядан кейінгі кезеңнің алғашқы 14 күнінде жалғасады (операция күнін қосқанда).
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары:
Артық дозалану жағдайлары анықталған жоқ.
Емі:
Артық дозаланған жағдайда көзіңізді жылы сумен шайыңыз. Кесте бойынша келесі дозаға дейін көзді қайта тамызу керек.
Препаратты кездейсоқ ішке қабылдағанда препараттың асқазандағы концентрациясын азайту үшін дереу көп мөлшерде сұйықтық ішу қажет.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Препаратты қабылдауды өткізіп алған жағдайда дәріні нұсқаулықта көзделген дозада мүмкіндігінше тезірек қолдану керек. Егер препаратты қолданудағы рұқсаттама 24 сағатқа жақындаса, препаратты өткізіп алған дозаны өтеу үшін дозаны екі есе арттырмай, келесі белгіленген уақытта қолдану керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну ұсынылады
5 мл препараттан сақтандырғыш сақинасымен жабдықталған, бұралып жабылатын қорғағыш қалпақшасы және тамшылатқыш-тығыны бар пластик құтыға құйылады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 4 аптадан артық емес.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 448₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Алматы:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
4053₸
3605₸
448₸