daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Варфарин Таблеткалары 2,5 Мг №100 | Белмедпрепараты ОАО

Қоймада жоқ
Алматы қаласындағы Варфарин Таблеткалары 2,5 Мг №100 | Белмедпрепараты ОАО
Сипаттама:

Ақ түсті, жалпақ цилиндрлі, сызығы және ойығы бар таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Варфарин

Өндіруші:

Белмедпрепараты ОАО

Өндіруші ел:

Республика Беларусь

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар - лактоза моногидраты, кальций гидрофосфаты дигидраты, повидон К-25, магний стеараты, жүгері крахмалы. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ түсті, жалпақ цилиндрлі, сызығы және ойығы бар таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

2,5 мг

Қаптамадағы саны:

100 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

ревматизмдік жүрек ауруына және жүрекше фибрилляциясына шалдыққан пациенттердегі жүйелі эмболияны алдын-алуда.

веноздық тромбозды және өкпе эмболиясын емдеуде және алдын-алуда.

жүректің протезделген клапандары бар пациенттерде тромбоэмболиялық асқынуларды алдын-алуда.

транзиторлы церебральді ишемиялық шабуылды емдеуде және алдын-алуда.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

варфаринге немесе дәрілік препараттың кез келген басқа қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

геморрагиялық инсульт

клиникалық маңызды қан кету

ауыр қан кету қаупін болдырмау үшін ауқымды операциялық араласымдардан кейін 72 сағат ішінде

босанғаннан кейін 48 сағат ішінде

жүктілік (жүктіліктің бірінші және үшінші триместрі)

өзара әрекеттесу кезінде қан кету қаупі жоғарылайтын дәрілік заттарды қолдану.

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Қан кету

Натрий варфарині ауыр немесе өлімге әкелетін қан кетуді тудыруы мүмкін. Қан кету көбіне бірінші айда туындайды. Қан кету қаупінің факторларына антикоагуляцияның жоғары қарқындылығы (ХҚҚ >4'0), ≥ 65 жас, анамнездегі ХҚҚ өзгергіштігінің жоғары дәрежесі, анамнездегі асқазан-ішектен қан кету, бақыланбайтын артериялық гипертензия, цереброваскулярлық аурулар, анемия, қатерлі жаңа түзілімдер, жарақаттар, бүйрек жеткіліксіздігі, белгілі бір генетикалық факторлар, қатар жүретін препараттарды қабылдау және варфаринмен ұзақ мерзімді емделу жатады. Варфарин қабылдайтын барлық пациенттерге ХҚҚ тұрақты мониторгісін жүргізу қажет. Бұл ретте қан кетудің даму қаупі жоғары пациенттерге ХҚҚ мониторингісін жиі жүргізіп, ХҚҚ-тың талап етілетін мәндеріне қол жеткізу үшін варфарин дозасын мұқият түзету және клиникалық жағдайға қарай ем ұзақтығын қысқарту керек. Алайда, терапевтік ауқымда ХҚҚ сақтау қан кету қаупін жоймайды. Дәрілік препараттар, тамақтану режимінің өзгеруі және басқа факторлар натрий варфаринімен емделу кезінде қол жеткізілетін ХҚҚ деңгейіне әсер етеді. Шөптік препараттарды қоса, басқа препараттарды қабылдауды бастағанда немесе қабылдауды тоқтатқанда немесе басқа дәрілік препараттардың дозалары өзгерген кезде ХҚҚ-қа мониторингті жиі жүргізу қажет. Пациенттер қан кету қаупін азайту жолдары туралы хабарлы болып, қан кету белгілері мен симптомдары байқалғанда дереу дәрігерге хабарлауы керек.

Тіндер некрозы

Натрий варфарині некрозды және/немесе сирек кездесетін, бірақ ауыр жағымсыз реакция (<0,1%) болатын тері немесе басқа тіндердің гангренасын тудыруы мүмкін. Некроз жергілікті тромбозбен байланысты болуы мүмкін және әдетте натрий варфаринімен емдеуді бастағаннан кейін бірнеше күн ішінде пайда болады. Ауыр дәрежелі некроздың дамуы жағдайында некротикалық тіндерді кесу және алып тастау немесе зақымдалған тіндерді, аяқ-қолды, сүт безін немесе жыныс мүшесін ампутациялау арқылы емдеу туралы хабарланды. Некроздың негізгі аурудан туындағанын анықтау үшін мұқият клиникалық бағалауды жүргізу қажет. Әртүрлі емдеу әдістеріне қарамастан, некрозды емдеудің бірде-бір емі бірдей тиімді болып саналмады. Некроз дамыған жағдайда натрий варфаринімен емді тоқтату керек. Егер антикоагулянттық емді жалғастыру қажет болса, баламалы препараттарды қарастыру керек.

Кальцифилаксия

Бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы бар пациенттерде және бүйрек жеткіліксіздігі болмағанда өлімге алып келетін және ауыр кальцифилаксия немесе кальций-уремиялық артериолопатия туралы хабарланды. Кальцифилаксия анықталған жағдайда тиісті терапияны бастау және варфаринді қабылдауды тоқтату туралы мәселені қарастырып, баламалы антикоагулянттық емді қарастыру керек.

Бүйректің жедел зақымдануы

Шумақтықтардың құрылымдық тұтастығы бұзылған немесе анемнезінде бүйрек ауруы бар пациенттерде натрий варфаринін қабылдау кезінде шамадан тыс антикоагуляция мен гематурия эпизодтарына байланысты бүйрек жедел зақымдалуы мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде антикоагуляцияны жиі бақылау ұсынылады.

Жүйелік атероэмболдар және холестерин микроэмболдары

Натрий варфаринімен антикоагулянттық ем атероматозды түйіндақтар эмболиясының босауын күшейтуі мүмкін. Жүйелік атероэмболалар мен холестеринді микроэмболиялар эмболизация орнына байланысты әртүрлі белгілермен және симптомдармен көрініс алуы мүмкін. Көбіне зақымданатын ішкі мүшелер – бүйрек, содан кейін ұйқы безі, көкбауыр мен бауыр болып табылады. Кейбір жағдайлар некрозға немесе өлімге ұласты. Табан микроэмболиясынан туындайтын жеке синдром «күреңітіп кеткен аяқ башпайлары синдромы» деген атаумен белгілі. Осы синдром пайда болған кезде натрий варфаринімен емдеуді тоқтату керек. Антикоагулянттық емді жалғастыру қажет болса, баламалы препараттарды қарастыру керек.

ГИТ және ТСГИТ бар пациенттеріндегі аяқ-қол ишемиясы, некроз және гангрена

Натрий варфаринін гепаринмен индукцияланған тромбоцитопениясы (ГИТ) және тромбоз синдромымен (ТСГИТ) гепаринмен индукцияланған тромбоцитопениясы бар пациенттерге бастапқы ем ретінде қолданбаңыз. Аяқ-қол ишемиясы, некроз және гангрена жағдайлары ГИТ және ТСГИТ бар пациенттерде гепаринмен ем тоқтатылып, варфаринмен емді бастаған немесе жалғастырған кезде пайда болды. Кейбір пациенттерде салдар зардап шеккен аймақты ампутациялауға және/немесе өлім жағдайына ұшыратты. Натрий варфаринімен емдеуді тромбоциттер саны қалыпқа келгеннен кейін қарастыруға болады.

Механикалық жүрек клапандары бар жүкті әйелдерде қолдану

Натрий варфаринін жүкті әйелге қолдану шаранаға зиянын келтіруі мүмкін. Жүктілік кезінде Натрий варфаринін қолдану қарсы көрсетілгенмен, Натрий варфаринін қолданудың ықтимал пайдасы тромбоэмболияның жоғары қаупімен механикалық жүрек клапандары бар жүкті әйелдер үшін қауіптен асып түсуі мүмкін. Жеке жағдайларда натрий варфаринін қабылдауды бастау немесе жалғастыру туралы шешімді белгілі бір пациенттің денсаулық жағдайына қатысты нақты қауіптер мен артықшылықтарды, сондай-ақ соңғы медициналық ұсыныстарды ескере отырып, пациентпен талқылау керек. Жүктілік кезіндегі натрий варфаринінің әсері туа біткен ақаулардың (варфарин эмбриопатиясы және фетоуыттылық), шарананың өлуіне алып келген қан кетудің, сондай-ақ өздігінен түсік түсіру және шарананың құрсақішілік өлу қаупінің жоғарылауының жалпы танылған көрінісін тудырады. Егер бұл препарат жүктілік кезінде қолданылса немесе пациент осы препаратты қабылдау кезінде жүкті болса, пациент шаранаға ықтимал қауіп туралы хабарлы болуы керек.

Жоғары қаупі бар басқа клиникалық жағдайлар

Келесі клиникалық жағдайларда натрий варфаринімен емдеу қаупі артуы мүмкін:

орташадан ауыр бауыр жеткіліксіздігіне дейін;

жұқпалы аурулар немесе ішек флорасының бұзылуы (мысалы, спру, антибиотикалық терапия);

тұрақты катетерді қолдану;

ауыр немесе орташа гипертензия;

С протеині арқылы антикоагулянттық реакцияның жетіспеушілігі: натрий варфарині табиғи антикоагулянттардың, С протеинінің және S протеинінің синтезін төмендетеді. Тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған С протеинінің немесе оның S протеин кофакторы тапшылығы варфаринді қолданғаннан кейін тіндердің некрозымен байланысты болды. Натрий варфаринімен емдеу басында 5-7 күн ішінде гепаринмен қатар жүретін антикоагулянттық емді жүргізу осы пациенттерде тіндер некрозының жиілігін төмендетуі мүмкін;

көз хирургиясы: катаракта хирургиясы кезінде натрий варфаринін қолдану көру қабілетіне қауіп төндіретін операциялық геморрагиялық асқынуларға емес, өткір инеге және жергілікті анестезияның блокадасына байланысты болған кішігірім асқынулар санының айтарлықтай өсуімен қатысты болды. Натрий варфаринін тоқтату немесе оны төмендету ауыр тромбоэмболиялық асқынуларға әкелуі мүмкін болғандықтан, көзбұршаққа операция секілді көзге салыстырмалы түрде неғұрлым аз инвазивті және күрделі операцияны жасамас бұрын варфаринді тоқтату туралы шешім артықшылықтармен салыстырылған антикоагулянттық ем қаупіне негізделуі керек;

нағыз полицитемия;

васкулит;

қант диабеті.

ХҚҚ-қа әсер ететін эндогендік факторлар

ХҚҚ реакциясының жоғарылауына келесі факторлар жауап беруі мүмкін: диарея, бауыр функциясының бұзылуы, дұрыс тамақтанбау, стеаторея немесе К дәруменінің тапшылығы.

ХҚҚ төмендеуіне келесі факторлар себеп болуы мүмкін: К дәруменін тұтынудың жоғарылауы немесе тұқым қуалайтын варфаринге резистенттілік.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Варфариннің емдік индексі тар және бірқатар дәрілік заттар осы антикоагулянтпен өзара әрекеттеседі. Пациенттер қандай да бір препаратпен емді бастағанға дейін, онымен емді тоқтатқан немесе оны ауыстырған кезде емдеуші дәрігермен кеңесуге тиісті екендігі туралы хабардар болуы тиіс. Егер варфаринмен өзара әрекеттесу туралы ақпарат болмаған жағдайда өзара әрекеттесулер мүмкіндігін қарастыра отырып, қосымша мониторингті жүргізу керек.

Дәрілік заттар фармакодинамикалық және/немесе фармакокинетикалық механизм бойынша варфаринмен өзара әрекеттесуі мүмкін.

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі

Варфаринмен бір мезгілде қолдануға болмайтын дәрілік заттар

Тромбозды емдеу немесе алдын-алу кезінде пайдаланылатын препараттарды немесе гемостазға жағымсыз әсер ететін басқа препараттарды қатар пайдалану варфариннің фармакологиялық әсерін ұлғайтып, қан кету қаупін арттыруы мүмкін.

Стрептокиназа және альтеплаза секілді фибринолитикалық препараттар варфарин қабылдаған пациенттерге қарсы көрсетімді.

Мынадай дәрілік заттарды қолданбау керек немесе клиникалық және зертханалық мониторинг жиілігін арттырумен сақтықпен енгізу керек:

клопидогрел

СЕҚҚЗ (аспиринді және ЦОГ-2 селективті коксибтерді қоса)

сульфинпиразон

бивалирудин, дабигатран секілді тромбин тежегіштері

дипиридамол

фракцияланбаған гепариндер және гепарин туындылары, төмен молекулалы гепариндер

фондапаринукс, ривароксабан

эптифибатид, тирофибан және абциксимаб секілді II b/III a гликопротеин рецепторларының антагонистері

простациклин

СКҚСТ және НКҚСТ антидепрессанттары

гемостазды, коагуляцияны немесе тромбоциттердің функционалды белсенділігін тежейтін басқа препараттар.

Варфаринмен аспириннің төмен дозаларын бір мезгілде қолданғанда асқазан-ішектен қан кету қаупі артады. Тромбозды алғашқы емдеу кезінде варфарин гепаринмен бір уақытта ХҚҚ қажетті ауқымында болғанға дейін тағайындалуы мүмкін.

Метаболикалық өзара әрекеттесу

Варфарин әртүрлі CYPP450 цитохромдарымен метаболизденетін энантиомерлердің қоспасы болып табылады. R-варфарин негізінен CYP1A2 және CYP3A4, S-варфарин – CYP2C9 метаболизденеді. Варфариннің тиімділігі негізінен S-варфариннің арқасында пайда болады.

Осы ферменттермен метаболизденетін дәрілік заттар фермент үшін варфаринмен бәсекелеседі немесе қан кету қаупін әлеуетті арттыратын варфариннің плазмадағы және ХҚҚ-тағы концентрациясын жоғарылата отырып, оның белсенділігін тежейді. Мұндай препараттарды бір мезгілде тағайындағанда варфарин дозасын азайту немесе қосымша мониторингті жүргізу қажет болуы мүмкін.

Сондай-ақ варфаринді тиімділіктің төмендеуіне әлеуетті түрде әкелуі мүмкін қан плазмасындағы және ХҚҚ-ғы варфарин концентрациясы төмендеуі мүмкін осы жолмен метаболизденетін дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда қарама-қарсы жағдай туындауы мүмкін. Осындай препараттарды бір мезгілде тағайындағанда варфарин дозасын арттыру немесе қосымша мониторингті жүргізу қажет болуы мүмкін.

Өзара әрекеттесу механизмі белгілі дәрілік заттардың аздаған саны бар, алайда ХҚҚ-тан клиникалық әсері айнымалы болып байқалады, бұл жағдайларда емді бастау және тоқтату кезінде күшейтілген мониторингті жүргізу ұсынылады.

Сондай-ақ, пациент осы біріктірілімде тұрақты болғанға дейін метаболикалық тежегіштің немесе индуктордың дозасын тоқтату немесе төмендету кезінде сақ болу керек.

Төменде варфаринмен өзара әрекеттесуі клиникалық маңызға ие болатын дәрілік заттар көрсетілген

Варфариннің әсерін күшейтетін дәрілік заттар

аллопуринол, капецитабин, эрлотиниб, дисульфирам, азолды зеңге қарсы дәрілер (кетоконазол, флуконазол және т. б.)

омепразол, парацетамол (ұзақ мерзімді тұрақты тұтыну), пропафенон, амиодарон, тамоксифен, метилфенидат

зафирлукаст, фибраттар, статиндер (көбінесе флувастатинмен астасқан правастатин емес)

эритромицин, сульфаметоксазол, метронидазол.

Варфариннің әсерін тежейтін дәрілік заттардың мысалдары

Барбитураттар, примидон, карбамазепин, гризеофульвин, оральді контрацептивтер, рифампицин, азатиоприн, фенитоин.

Айнымалы әсері бар дәрілік заттардың мысалдары

Кортикостероидтар, невирапин, ритонавир.

Басқа дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кең ауқымды антибиотиктер K дәруменін өндіретін ішек микрофлорасына әсер ете отырып, варфариннің әсерін арттыра алады. Сол секілді, орлистат К дәруменінің сіңуін, холестирамин мен сукральфат варфариннің сіңуін төмендетуі мүмкін.

Глюкозамин мен варфарин қабылдаған пациенттерде ХҚҚ жоғарылауы туралы хабарланды. Бұл біріктірілімді қолдану ұсынылмайды.

Өсімдіктен жасалған өнімдермен өзара әрекеттесу

Құрамында шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum) және варфарин бар өсімдік дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану варфарин тиімділігінің төмендеу қаупіне байланысты қарсы көрсетілген.

Көптеген басқа өсімдіктен жасалған дәрілік заттар варфариннің метаболизміне әсер етуі мүмкін, алайда мұндай өзара әрекеттесулердің көпшілігі дәлелденбеген. Дәрілік шөптерді немесе варфаринмен тағамдық қоспаларды қолдануды болдырмау керек және пациенттер қосымша мониторингтің қажет болуына байланысты мұндай препараттарды қабылдайтындығын дәрігерге хабарлауы керек.

Алкоголь

Алкогольдің көп мөлшерін қабылдау варфариннің әсерін тежеп, ХҚҚ арттыруы мүмкін. Керісінше, алкогольді үнемі тұтыну варфарин метаболизмін қоздыруы мүмкін. Алкогольді шамалы тұтынуға рұқсат етіледі.

Тағаммен және тағамдық қоспалармен өзара әрекеттесу

Жеке жағдайлар көп жағдайда ХҚҚ ұлғаюына немесе қан кетуіне әкелетін варфарин мен мүкжидек шырыны арасындағы ықтимал өзара әрекеттесуді көрсетеді. Пациенттерге варфарин мен мүкжидек өнімдерін бір мезгілде қабылдаудан аулақ болу ұсынылады. Варфарин мен кәдімгі мүкжидек шырынын қабылдайтын кез келген пациент үшін ХҚҚ-ты жоғары бақылау мен мониторингтеуді жүргізу керек.

Шектеулі деректер грейпфрут шырыны варфаринді қабылдайтын кейбір пациенттерде ХҚҚ орташа жоғарылауын туындатуы мүмкін екенін көрсетеді.

Бауыр, брокколи, брюссель қырыққабаты және жасыл жапырақты көкөністер секілді кейбір тағамдарда К дәрумені көп. Рационда кенеттен болған өзгерістер антикоагулянттық әсерге ықпал ету мүмкін. Тамақтану рационына қандай да бір елеулі өзгерістерді енгізбес бұрын пациенттерге медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы хабарлау керек.

Варфариннің глюкозаминдермен ықтимал өзара әрекеттесуі туралы шектеулі деректер бар, бірақ К дәруменінің пероральді антагонистерімен глюкозаминді қолдану кезінде ХҚҚ көрсеткішінің жоғарылауы хабарланды. Осылайша, К дәруменінің пероральді антагонистерін қабылдайтын пациенттер глюкозаминмен емді бастау немесе тоқтату кезінде бақылануы тиіс.

Зертханалық тесттер

Гепариндер мен данапароид протромбин уақытын ұзартуы мүмкін, сондықтан енгізу арасында мен тест жүргізу алдында жеткілікті уақыт аралығы сақталуы керек.

Арнайы ескертулер

Варфарин дәрілік препараты құрамында лактоза моногидраты бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер осы препаратты қабылдамауы тиіс.

Генетикалық бұзылулар туралы ақпарат

Генетикалық құбылмалылық, әсіресе CYP2C9 және VKORC1 ферменттеріне қатысты генетикалық құбылмалылық варфариннің қажетті дозаларына едәуір әсер етуі мүмкін. Егер полиморфизмнің осы түрлерімен тұқымдастық бірлестік белгілі болса, ерекше сақ болу керек.

Қалқанша безінің аурулары

Варфарин метаболизмінің деңгейі қалқанша безінің функционалдық жағдайына байланысты. Осыған байланысты гипер- және гипотиреозы бар пациенттерді варфаринмен емдеу алдында мұқият тексеру керек.

Дозаны өзгерту қажет болуы мүмкін басқа жағдайлар

Келесі жағдайлар варфарин таблеткаларының артық әсеріне ықпал етуі және дозаны төмендету қажеттілігін туғызуы мүмкін:

дене салмағының төмендеуі

жедел ауру

шылым шегуді тоқтату.

Келесі жағдайлар варфарин таблеткаларының әсерін азайтып, дозаны жоғарылатуды талап етуі мүмкін:

дене салмағының жоғарылауы

диарея

құсу.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Балалар мен жасөспірімдердің бірде-бір жас тобында натрий варфариніне барабар және жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген, балаларға тиімді дозасы, қауіпсіздігі мен тиімділігі белгісіз. Педиатрияда натрий варфаринін қолдану ересектерге арналған деректер мен нұсқауларға, сондай-ақ обсервациялық зерттеулер мен пациенттер тізілімдеріндегі қолжетімді шектеулі педиатриялық деректерге негізделген.

Натрий варфаринімен ем алып жүрген балалар мен жасөспірімдер жасындағы пациенттер жарақатқа әкелуі мүмкін кез-келген әрекеттен немесе спортпен шұғылданудан аулақ болу керек. Нәрестелер мен балалардағы гемостаз жүйесінің дамуы тромбоз физиологиясының өзгеруіне және антикоагулянттарға реакцияға әкеледі.

Балалардағы варфарин дозасы пациенттің жасына байланысты өзгереді: мақсатты ХҚҚ– ты сақтау үшін килограммға миллиграммдағы доза әдетте нәрестелерде ең жоғары болса, жасөспірімдерде ең төмен болады.

Варфаринге деген қажеттілік жасқа, қатар жүретін препараттарды қолдануға, диетаға және бар ауруға қарай өзгеруіп тұруына байланысты мақсатты ХҚҚ жету және ұстап тұру әсіресе балаларда қиын болуы мүмкін, сондықтан ХҚҚ жиі анықтау ұсынылады.

Қан кету жиілігі пациенттердің популяциясына және балалар мен пациенттер тізіліміне қатысты обсервациялық зерттеулер жүргізілген клиникалық медициналық орталыққа байланысты өзгерді. Емшек сүтімен қоректенетін нәрестелер варфарин терапиясына сезімтал болған кезде балалар қоспасын қоса, К дәрумені қосылған қоректі қабылдайтын нәрестелер мен балалар варфарин терапиясына төзімді болуы мүмкін.

Егде жастағы пациенттер

Талдау үшін деректері қолжетімді болған бақыланатын клиникалық зерттеулерге қатысқан натрий варфаринімен емделген 65 жастан асқан пациенттердің жалпы саны 1885 құраса (24,4%), 75 жастан асқан пациенттер саны 185 (2,4%) құраған. Осы пациенттер мен жас пациенттер арасында тиімділік пен қауіпсіздікте жалпы айырмашылықтар байқалмады, бірақ бұл жағдайда кейбір егде жастағы пациенттердің сезімталдығын жоққа шығаруға болмайды.

60 жастан асқан пациенттерде варфариннің антикоагулянттық әсеріне ХҚҚ реакциясы күтілгеннен жоғары. Натрий варфарині бақылауда болмайтын егде жастағы пациенттерге қарсы көрсетімді. Кез келген жағдайда немесе қан кетудің даму қаупі бар кез келген физикалық жағдайда егде жастағы пациенттерге натрий варфаринін тағайындаған кезде қан кетуді жиі бақылау керек. Егде жастағы пациенттерде натрий варфаринінің төменгі бастапқы және демеуші дозаларды тағайындауды қарастырған жөн.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр функциясының бұзылуы қан ұю факторларының синтезін бұзу және варфарин метаболизмін төмендету арқылы варфаринге сезімталдықты арттыруы мүмкін. Пациенттердің осы тобына варфаринді қолданған кезде қан кетуді жиі бақылау қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек клиренсі варфариннің антикоагулянттық белсенділігіне аздап әсер етеді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Варфарин қабылдаған бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ХҚҚ-ты жиі бақылау қажет.

Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану.

Жүктілік

Қауіптер жиынтығы

Варфарин тромбоэмболия қаупі жоғары және Натрий варфаринін қабылдаудың пайдасы қауіптен асып түсетін механикалық жүрек клапандары бар жүкті әйелдерді қоспағанда жүкті әйелдерге қарсы көрсетімді. Натрий варфарині шаранаға зиян тигізуі мүмкін. Жүктіліктің бірінші триместрінде варфариннің әсері әсерге тартылған ұрпақтың шамамен 5% -да бірқатар туа біткен ақауларды тудырды. Бұл деректер барабар және жақсы бақыланатын зерттеулерде жиналмағандықтан, туа біткен ақаулардың бұл жиілігі бақылау тобындағы немесе жалпы АҚШ тұрғындары арасындағы аурудың болжамды жиілігімен салыстыруға барабар негіз болып табылмайды және іс жүзінде байқалған жиілікті көрсетпеуі мүмкін. Жүкті әйелге варфаринді тағайындау шаранаға пайда мен ықтимал қауіптер бағаланғаннан кейін ғана жасалуы керек.

Жүктіліктің қолайсыз нәтижелері ананың денсаулығына немесе дәрі-дәрмектерді қолдануға қарамастан пайда болады. Аталған популяция үшін ауыр туа біткен ақаулар мен түсіктердің болжамды фондық қаупі белгісіз. АҚШ-тың жалпы популяциясында клиникалық расталған жүктілікте ауыр туа біткен ақаулар мен түсік түсірудің болжамды фондық қаупі сәйкесінше 2% - дан 4% - ға дейін және 15% - дан 20% - ға дейін.

Клиникалық пайымдаулар

Шаранаға/жаңа туған нәрестеге жағымсыз реакциялары

Адамдарда Варфарин плацента арқылы өтеді және оның шарана плазмасындағы концентрациясы анадағы осындай мәндерге жақындайды. Жүктіліктің бірінші триместрінде варфариннің әсері әсерге тартылған ұрпақтың шамамен 5% -да бірқатар туа біткен ақауларды тудырды. Варфарин эмбриопатиясы нүктелі эпифиздермен немесе оларсыз мұрын гипоплазиясымен (нүктелік хондродисплазия) және өсудің тежелуімен (туған кездегі дененің төмен салмағын қоса) сипатталады. Сондай-ақ орталық жүйке жүйесі мен көздің патологиялары, соның ішінде корпус мүйізгекті дененің агенезиясымен, Дэнди-Уокердің мальформациясымен, мишықтың ортаңғы сызығының атрофиясымен сипатталатын және көру жүйкесінің атрофиясымен сипатталатын вентральді ортаңғы сызықтың дисплазиясымен сипатталатын дорсальді ортаңғы сызықтың дисплазиясы туралы хабарланды. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде варфаринге ұшыратылғаннан кейін ақыл-ой кемістігі, соқырлық, шизенцефалия, микроцефалия, гидроцефалия және жүктіліктің басқа да қолайсыз нәтижелері туралы хабарланды.

Лактация

Қауіптер жиынтығы

Варфарин шектеулі жарияланған зерттеуден варфаринді қабылдаған аналардың емшек сүтінде болған жоқ. Емшек сүтімен қоректенетін нәрестедегі қан кетуді қоса, елеулі жағымсыз реакциялар мүмкіндігіне байланысты емшек сүтімен емізудің даму мен денсаулыққа пайдасын, сондай-ақ ананың натрий варфариніне клиникалық қажеттілігін және натрий варфаринінің емшек сүтімен емізетін әйелге варфаринді тағайындамас бұрын емшек сүтімен қоректенетін нәрестеге немесе негізгі ана жағдайына кез келген ықтимал жағымсыз әсерлерді бағалау керек.

Клиникалық пайымдаулар

Емшек сүтімен қоректенетін жаңа туған нәрестелерде көгерудің пайда болуын немесе қан кетуді бақылау қажет.

Клиникалық деректер

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, емізетін 15 ананың емшек сүтінде варфарин анықталмады. Емшек сүтімен қоректенетін жаңа туған толық мерзімді 15 нәрестенің 6-да протромбин уақыты күтілетін диапазонда болды. Протромбин уақытының мәндері қалған жаңа туған 9 нәрестеден алынған жоқ. Шала туылған нәрестелердегі әсерлер бағаланбаған.

Жүктілікке тест

Натрий варфарині шаранаға зиян тигізуі мүмкін.

Варфаринді қолданар алдында репродуктивті жастағы әйелдер жүктілік тестісін өткізуі керек.

Контрацепция

Репродуктивті жастағы әйелдерге ем кезінде және натрий варфаринінің соңғы дозасын қабылдағаннан кейін кем дегенде 1 ай бойына контрацепцияның тиімді әдістерін қолдану қажеттілігі туралы кеңес беру керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Варфарин автомобильді басқару және басқа да ықтимал қауіпті механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер етпейді.

Қарсы көрсеткіштер

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Екі немесе бес пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Алматы қаласындағы «Варфарин таблеткалары 2,5 мг №100» бағасының өзгеру диаграммасы

040080012001600200012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-05
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыВарфарин таблеткалары 2,5 мг №100 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube