Показания к применению
В1 және В6 дәрумендерінің тапшылығы туындатқан клиникалық айқын жүйелі неврологиялық ауруларды емдеу.
В1 және В6 дәрумендерінің тапшылығы туындатқан клиникалық айқын жүйелі неврологиялық ауруларды емдеу.
препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
жүктілік және лактация кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Витаксон® препаратын ұзақ қабылдау (6 айдан астам уақыт бойы) нейропатияның дамуына әкелуі мүмкін. Үлкен дозаларда пиридоксин қолданып ұзақ емдеу нейроуыттылық әсерлеріне әкелуі мүмкін, егер пиридоксиннің шамадан тыс дозаларын тұтыну олар пайда болғаннан кейін дереу тоқтатылса, әсері қайтымды болады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
5-фторурацилдің қатысуымен тиамин белсенділігі жойылмайды, өйткені 5-фторурацил тиаминнің фосфорлануын тиаминпирофосфатына тежейді.
В6 дәруменінің емдік дозалары левоподаның (L-dopa) әсерін төмендетеді. Сондай-ақ, пиридоксин әсерін төмендететін циклосерин, Д-пеницилламин, эпинефрин, норэпинефрин, сульфонамидтермен өзара әрекеттесуі болуы мүмкін. Пиридоксин антагонистерін (мысалы, гидралазин, изониазид, D-пеницилламин, циклосерин), алкогольді бір мезгілде қолдану және эстрогені бар оральді контрацептивтерді ұзақ уақыт қолдану В6 дәруменінің тапшылығына әкелуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препарат құрамында В1 (бенфотиамин-майда еритін В1 дәруменінің туындысы) және В6 дәрумендері болғандықтан, оны жүктілік және бала емізу кезінде қолдануды емдеуші дәрігер пайда / қаупін мұқият бағалағаннан кейін ғана жүргізу керек.
Жүктілік
Жүктілік кезінде В1 дәруменінің тәуліктік дозасы - 1,2 мг екінші триместрде, 1,3 мг үшінші триместрде ұсынылады; В6 дәруменінің тәуліктік дозасы - 1,9 мг жүктіліктің төртінші айынан бастап ұсынылады. Жүктілік кезінде бұл дозаларды В1 және В6 дәрумендерінің тапшылығы расталған жағдайда ғана арттыруға болады және ұсынылғаннан асып түсетін дозаларды енгізу қауіпсіздігі тексерілмегендіктен, Витаксон® препаратын жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды.
Бала емізу
Лактация кезеңінде ұсынылатын В1 дәруменінің тәуліктік дозасы - 1,3 мг, В6 дәруменінің ұсынылатын тәуліктік дозасы - 1,9 мг.
В1 және В6 дәрумендері ана сүтіне енеді, В6 дәруменінің жоғары дозалары сүт өндіруге кедергі келтіруі мүмкін, осыған байланысты препаратты лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Фертильділігі
В1 және В6 дәрумендерінің фертильділікке клиникалық әсері туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді. Арнайы сақтық шараларын сақтау қажет емес.

Дозалау режимі
Ересек пациенттер. Емнің ұзақтығы
Басқа нұсқаулар болмаған кезде ересектер тәулігіне 1 таблетка Витаксон® препаратын қабылдайды. Жедел фазадағы аурулар жағдайында, дәрігермен кеңескеннен кейін, доза тәулігіне 3 рет 1 таблеткаға дейін ұлғайтылуы мүмкін.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар мен жасөспірімдер
Балаларда қолдану туралы деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Әдеттегі доза ұсынылады, дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін ұсынылатын доза бойынша жеткілікті деректер жоқ.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Емдеу ұзақтығы
Тәулігіне 3 рет 1 таблетка режиміндегі емдеу курсының ұзақтығы 4 аптадан аспауы тиіс, одан әрі В6 дәруменінің шамадан тыс түсуімен байланысты нейропатияның даму қаупін төмендету үшін қабылдау санын тәулігіне 1 рет 1 таблеткаға дейін азайтқан жөн.
Енгізу әдісі мен жолы
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды жеткілікті мөлшерде сұйықтықпен іше отырып, тұтастай жұту керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Бенфотиаминді емдік тұрғысынан дұрыс қолданған кезде артық дозаланудың байқалу ықтималдығы аз.
Дегенмен, тіпті дәруменінің жоғары дозаларын В6 ( ˃ 1 г/тәулігіне) қысқа мерзімді қолданудың өзі нейроуыттылық бұзылыстарына әкелуі мүмкін, тәулігіне 100 мг доза препаратты ұзақ уақыт - 6 айдан астам қабылдаған кезде нейропатияға да әкелуі мүмкін.
Артық дозалану әдетте сенсорлық полинейропатия түрінде көрінеді, кейде атаксиямен қатар жүреді. Препараттың өте жоғары дозалары құрысуды тудыруы мүмкін. Жаңа туылған нәрестелер мен сәбилерде күшті седативті әсері, қысымның төмендеуі және тыныс алу жүйесінің бұзылуы (диспноэ, апноэ) болуы ықтимал.
Емі:
Егер дене салмағына 150 мг/кг асатын мөлшердегі пиридоксин гидрохлоридінің шамадан тыс жоғары дозалары қабылданса, құстырту және белсендірілген көмір қабылдау ұсынылады. Құстырту препаратты қабылдағаннан кейінгі алғашқы 30 минутта анағұрлым тиімді, қарқынды терапия шаралары қажет болуы мүмкін.
Балалар
Препаратты кездейсоқ қолданған жағдайда емдеуді тағайындау үшін дәрігерге жүгіну керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкердің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігердің кеңесіне жүгініңіз.
10 таблеткадан жарықтан қорғайтын ақ пигменттелген поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
3 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от
Ваша выгода до: 1410₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Алматы:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
6390₸
4980₸
1410₸