daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Виусид Ұнтағы 4,5 Г №90 | Каталисис

Алматы қаласындағы Виусид Ұнтағы 4,5 Г №90 | Каталисис

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Өзіне тән иісі бар сарғыш-ақ ұнтақ.

Өндіруші:

Каталисис

Өндіруші ел:

Королевство Испания

Белсенді заттың дозасы:

4,5 г

Дәрілік түрі:

Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 4,5 г

Қаптамадағы саны:

90 шт.

Нұсқаулық

Құрамы

Бір пакетиктің ішінде

белсенді заттар: глицирризин қышқылы 46,90 мг,

қосымша заттар: мальтодекстрин (мальтитол), лимон хош иістендіргіші (Brasil 162 А), жалбыз хош иістендіргіші (R 200 AN) натрий метилпарагидроксибензоаты (Е 219), неогесперидин, гуар шайыры.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар сарғыш-ақ ұнтақ.

Қолдану көрсеткіштері

Кешенді терапия құрамында:

- А, В, С гепатитінде

- герпестік инфекцияда (1 және 2 типті қарапайым герпес вирусы, адам папилломасы вирусы, Зостер герпесі)

- цитомегаловирустық инфекция

- астениялық жағдай

- АИТВ-инфекцияланған пациенттердегі оппортунистік инфекциялар

- тұмау және басқа ЖРВИ

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- созылмалы гепатит (барынша белсенділік)

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Педиатрияда қолдану

Балаларға дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Басқа дәрілік  препараттармен өзара әрекеттесуі

ВИУСИД препаратын келесі препараттармен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды:

В (В6, В12) тобының дәрумендерімен, фолий қышқылымен, А, С дәрумендерімен, глицинмен, кальций пантотенатымен, эссенциалемен және ВИУСИД компоненттерінің құрамына кіретін басқа да кешенді препараттармен.

Антиретровирустық препараттар: ацикловирмен, ганцикловирмен, ά – интерферонмен синергиялық әсер етеді, вирусқа қарсы препараттардың жанама әсерлерін азайтады.

ВИУСИДті глюкокортикостероидтармен бірге қолданғанда ВИУСИД дозасын азайту ұсынылады.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезінде дәрігермен кеңескеннен кейін қабылдау керек.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік жүргізу және жоғары зейінділікті талап ететін жұмыстарды істеу қабілетіне әсер етпейді.

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезінде дәрігермен кеңескеннен кейін қабылдау керек.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік жүргізу және жоғары зейінділікті талап ететін жұмыстарды істеу қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектерге

Цитомегаловирустық, қарапайым герпес вирусы, герпес Зостер, папилломавирустық инфекция сияқты жедел вирустық инфекцияларды емдеу кезінде 3 апта бойы күніне 2 рет 1 пакетиктен қабылдау ұсынылады.

А, В, С жедел вирустық гепатиті кезінде – 4 апта бойы күніне 2 рет 1 пакетиктен, содан кейін аптасына 3 рет күніне 1-2 пакетиктен, ұзақ (3 ай)

Гепатиттің созылмалы түрлерінде – 2-3 ай бойы күніне 1-2 пакетиктен.

Астениялық жағдайларда 2-3 апта бойы күніне 2 рет 1 пакетиктен қолданылады.

АИТВ-инфекцияланған пациенттерде оппортунистік инфекциялар кезінде – 1-2 ай бойы күніне 2 рет 1 пакетиктен, содан кейін аптасына 3 рет күніне 1-2 пакетиктен демеуші доза ретінде ұзақ.

Тұмаудың, ЖРВИ алдын алу және емдеу үшін - күніне 2 пакетиктен 7-10 күн.

Аллергиялық реакциялардың пайда болуын болдырмау үшін емдеу курсы басталғанға дейін ең аз дозаларда сынамалық тағайындауларды жүргізу қажет (¼пакетиктен күніне 2 рет 2-3 күн бойы).

Балаларға

Балалардың вирустық инфекциялары және ЖРВИ кезінде: 0-ден 3 жасқа дейін – 1/4 пакетиктен күніне 3 рет; 3-7 жастан бастап-1/3 пакетиктен күніне 3 рет; 7-12 жастан бастап - ½ пакетиктен күніне 3 рет.

Енгізу әдісі мен жолы

ВИУСИД ұнтағын қолданар алдында аз мөлшердегі (100 мл) суда ерітеді.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Артық дозалануы туралы деректер жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Сұрақ туындаған жағдайда дәрілік препаратты қабылдағанға дейін кеңес алуға дәрігерге жүгініңіз.

Артық дозалану

Артық дозалануы туралы деректер жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Сұрақ туындаған жағдайда дәрілік препаратты қабылдағанға дейін кеңес алуға дәрігерге жүгініңіз.

Жанама әсерлері

- тері бөртпесі түріндегі аллергиялық реакциялар

- бауыр трансаминазалары (АСТ, АЛТ) белсенділігінің жоғарылауы.

Шығарылу түрі

4,5 г препараттан 3 қабатты материалдан жасалған пакеттерге салынған: қағаз-алюминий фольга-полиэтилен.

90 пакетиктен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Салмағы

4,5 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыВиусид ұнтағы 4,5 г №90 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
620

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 28940

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Алматы:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

29560

620

28940

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтері

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube