daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Визаллергол Көз Тамшылары 0,2% 2,5 Мл | Сентисс Фарма Пвт.Лтд.

Алматы қаласындағы Визаллергол Көз Тамшылары 0,2% 2,5 Мл | Сентисс Фарма Пвт.Лтд.

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Түссізден сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Халықаралық атауы:

Олопатадин

Өндіруші:

Сентисс Фарма Пвт.Лтд.

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

(2 мг олопатадинге баламалы), қосымша заттар: бензалконий хлориді, повидон К-29/32, сусыз натрий гидрофосфаты, натрий хлориді, дисодий эдетаты, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Белсенді заттың дозасы:

0.2%

Дәрілік түрі:

Көзге тамызатын дәрі 0.2%

Қаптамадағы саны:

1 шт

Нұсқаулық

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат- 2,22 мг олопатадин гидрохлориді

(2 мг олопатадинге баламалы),

қосымша заттар: бензалконий хлориді, повидон К-29/32, сусыз натрий гидрофосфаты, натрий хлориді, дисодий эдетаты, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Қолдану көрсеткіштері

- аллергиялық конъюнктивитте көз қышынуын басу үшін.

Қарсы көрсеткіштер

- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 3 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және емшек емізу кезеңі.

Сақтық шаралары

Бұл препарат тек жергілікті офтальмологиялық қолдануға арналған. Бұл препарат инъекциялық немесе пероральді қолдануға арналмаған емес.

Арнайы нұсқаулар

Олопатадин гидрохлориді офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған аллергияға қарсы/антигистаминді препарат және жергілікті қолданылуына қарамастан жүйелі қан ағымына сіңуі мүмкін. Аса жоғары сезімталдықтың айқын реакциялары пайда болғанда препаратты қолдануды тоқтату керек.

Визаллерголды жанаспалы линзаларды қолданудан туындаған конъюнктивалық инъекцияны басу үшін қолдануға болмайды.

Препарат құрамында бензалконий хлориді бар, ол жұмсақ жанаспалы линзалармен сіңірілуі және көздің тітіркенуін туындатуы мүмкін. Инстилляция алдында жанаспалы линзаларды алып тастау керек және препаратты тамызғаннан кейін 15 минуттан соң ғана қайтадан салуға болады.

Офтальмологиялық өнімде консервант ретінде кеңінен қолданылатын бензалконий хлориді бірқатар зерттеулерге сәйкес нүктелік кератопатияға және / немесе уытты ойық жаралы кератопатияға себепкер болып табылады. Препарат құрамында бензалконий хлориді болғандықтан, жиі немесе ұзақ пайдаланғанда құрғақ көз синдромы бар пациенттердің, сондай-ақ мөлдір қабығы зақымдалған пациенттердің көзінің жай-күйіне мұқият мониторинг жүргізу қажет.

Бүйрек және бауыр патологиясы бар пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы адамдарда препарат дозасын түзету қажет емес.

Педиатрияда қолдану

Визаллергол препаратын 3 жастан асқан балаларда ересектердегідей дозаларда қолдануға болады. Олопатадинді 3 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі расталмаған.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдану бойынша жеткілікті тәжірибе жоқ

Жүктілік

Олопатадинді жүктілік кезінде және бала туатын жастағы, контрацепция құралдарын пайдаланып жүрмеген әйелдерге қолдану ұсынылмайды.

Лактация

Жаңа туған нәрестелер мен емшектегі балалар үшін қауіптілігін жоққа шығаруға болмайды. Визаллергол дәрілік препаратын емшек емізу кезінде қолдану ұсынылмайды

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Визаллергол көлік құралдарын, механизмдерді басқару мүмкіндігіне елеулі әсер етпейді. Егер тікелей инстилляциядан кейін көрудің бұлыңғырлығы байқалса, көру анықтығы қалпына келгенге дейін көлік құралдары мен механизмдерді басқарудан бас тарту қажет.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Ересектер

Визаллергол дәрілік препаратын зақымданған көзге (көздерге) күніне 1 рет 1 тамшыдан тамызады. Емдеу курсының ұзақтығы, қажет болған жағдайда 4 айға дейін созылуы мүмкін.

Балалар

Визаллергол препаратын 3 жастан асқан балаларда ересектердегідей бірдей дозада қолдануға болады

Енгізу әдісі және жолы

Көзге жергілікті қолдануға арналған

Препараттың микробтық контаминациясын болдырмау үшін құтының ұшын қабаққа, көз маңы аумағының терісіне және басқа беткейлерге тигізбеу керек. Препаратты қолданғаннан кейін қақпақты тығыз жабу керек.

Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі

Күніне 1 рет

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсының ұзақтығы, қажет болған жағдайда 4 айға дейін созылуы мүмкін.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары:жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.

Емі: көзге препараттың артық мөлшері тигенде көзді мол мөлшердегі 

жылы сумен шаю керек.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Егер бір дозаны өткізіп алсаңыз, онда емдеуді келесі дозаны әдеттегідей енгізе отырып одан әрі жалғастыру керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну ұсынылады

Артық дозалану

Симптомдары:жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.

Емі: көзге препараттың артық мөлшері тигенде көзді мол мөлшердегі 

жылы сумен шаю керек.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Егер бір дозаны өткізіп алсаңыз, онда емдеуді келесі дозаны әдеттегідей енгізе отырып одан әрі жалғастыру керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну ұсынылады

Жанама әсерлері

Жағымсыз құбылыстардың кездесу жиілігінің градациясы: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (>1/1,000-ден <1/100 дейін), сирек (>1/10,000-ден <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10,000), жиілігі белгісіз (кездесу жиілігін қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес).

Жиі

- қатты қажығыштық

- жанаспалы дерматит

- терінің ашытып-күйдіру сезімі

- терінің құрғауы

- мұрынның құрғауы

- көздің ауыруы

- көздің тітіркенуі

- «құрғақ» көз синдромы

- көздегі әдеттен тыс сезімдер

- бас ауыруы

- дисгезия

Жиі емес

- ринит

- мөлдір қабықтың эрозиясы

- мөлдір қабық эпителиінің ақауы

- нүктелі кератит

- кератит

- диагностикалық сынамалар жүргізу кезінде мөлдір қабық ақауы аймағында бояғыш пигменттің жинақталуы

- көзден бөліністердің шығуы

- көз қарығу

- көрудің бұлыңғырлануы

- көру өткірлігінің төмендеуі

- блефароспазм

- көздегі жайсыздық

- көздің қышуы

- конъюнктива фолликулезі

- конъюнктива тарапынан бұзылулар

- көзде бөгде денені сезіну

- жас ағу

- қабақ эритемасы

- қабақтың ісінуі

- конъюнктивалық инъекция

- қабақ тарапынан бұзылулар

- бас айналу

- гипестезия

Жиілігі белгісіз:

- астения

- өзін жайсыз сезіну

- дерматит

- эритема

- жүрек айнуы

- құсу

- диспноэ

- синусит

- мөлдір қабықтың ісінуі

- конъюнктиваның ісіну

- конъюнктивит

- мидриаз

- көру функциясының бұзылуы

- қабақтың шеттеріндегі қыртыстар

- ұйқышылдық

- аса жоғары сезімталдық

- беттің ісінуі

Өте сирек жағдайларда құрамында фосфаты бар тамшыларды мөлдір қабықтың қатарлас елеулі зақымдануы бар пациенттерде қолданғанда мөлдір қабықтың кальцификациясы дамыды.

Шығарылу түрі

Сыйымдылығы 5 мл, пластик ұштығы және бірінші ашылуы бақыланатын бұралатын қалпақшасы бар полиэтилен құтыларға 2.5 мл препараттан құйылған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

2°C-ден - 25°C-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі 28 күн.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

2,5 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Алматы қаласындағы «Визаллергол көз тамшылары 0,2% 2,5 мл» бағасының өзгеру диаграммасы

0500100015002000250012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-07
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыВизаллергол көз тамшылары 0,2% 2,5 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
1490

-ден

Сіздің үнемдеуіңіз: 829

i

Жақсы іздеудің арқасында пайда:

Орташа баға Алматы:

Daribar-дан тапсырыс бергенде:

Сіздің үнемдеуіңіз:

2319

1490

829

Себетке

Құрамы

Тауар туралы қысқашаНұсқаулықСатып алу мәліметтеріАлматы қаласындағы «Визаллергол көз тамшылары 0,2% 2,5 мл» бағасының өзгеру диаграммасы

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube