daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Шымкенте қаласындағы Феркайл Ампуласы 50 Мг/мл 2 Мл №10 | Laboratories STEROP

Шымкенте қаласындағы Феркайл Ампуласы 50 Мг/мл 2 Мл №10 | Laboratories STEROP

Өндіруші:

Laboratories STEROP

Өндіруші ел:

Бельгия

Белсенді заттың дозасы:

50 мг/мл

Дәрілік түрі:

Инъекцияға арналған ерітінді, 50 мг/мл

Қаптамадағы саны:

10 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Тек ересектер мен 14 жастан асқан балалар үшін.

Феркайл® темір тапшылығын емдеу үшін келесі жағдайларда көрсетілген:

- темір препараттарының пероральді қолдану үшін тиімсіздігі немесе

жағымсыздығы

- темірді оның депосына жылдам тасымалдаудың клиникалық қажеттілігі.

Темір тапшылығы диагнозы тиісті зертханалық зерттеулерге негізделуі тиіс (мысалы, сарысулық ферритин, сарысулық темір, трансферрин, гипохромдық эритроциттердің қанығуы).

Қарсы көрсеткіштер

- темір декстранына немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары

сезімталдық

- парентеральді енгізуге арналған  басқа темір препараттарына белгілі

күрделі аса жоғары сезімталдық

- темір тапшылығынан туындамаған анемия (мысалы, гемолитикалық

анемия)

- темірдің шамадан тыс артық болуы немесе оның шығарылуының

бұзылуы (гемохроматоз, гемосидероз)

- декомпенсацияланған бауыр циррозы және гепатит

- жедел немесе созылмалы инфекция, өйткені темірді парентеральді

қабылдау бактериялық немесе вирустық инфекцияларды өршітуі мүмкін

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Парентеральді енгізілетін темір препараттары күрделі және потенциальді фатальді анафилаксиялық/анафилактоидты реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциясын туындатуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық реакциялары парентеральді темір кешендерінің бұрын зиянсыз дозаларынан кейін хабарланды.

Коунис синдромына (миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін коронарлық артериялардың жедел аллергиялық түйілуі) дейін үдеген аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарламалар болды .

Дәріге аллергияны қоса, анамнезінде ауыр демікпесі, экземасы немесе басқа да атопиялық аллергиясы бар пацинеттерді қоса, аллергиясы белгілі пациенттер үшін қауіп жоғары.

Сондай-ақ иммундық немесе қабыну жағдайлары (мысалы, жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит) бар пациенттерде парентеральді темір кешендеріне аса жоғары сезімталдық реакцияларының жоғарғы қаупі бар.

Препаратты тек анафилаксиялық реакцияларды бағалауға және басқаруға үйренген медицина қызметкері жедел қолжетімді болғанда, толық реанимация үшін жағдайлар қамтамасыз етілген ортада ғана енгізу керек. Әрбір пациент әрбір препарат инъекциясынан кейін кемінде 30 минут ішінде жағымсыз әсерлерге қатысты қадағалануы тиіс. Егер қабылдау кезінде аса жоғары сезімталдық реакциялары немесе төзімсіздік белгілері байқалса, емдеуді дереу тоқтату керек.

Кардио-респираторлық реанимацияға арналған заттар, сондай-ақ инъекцияға арналған ерітінді түріндегі адреналин 1:1000 қоса алғанда, жедел анафилаксиялық/анафилактоидты реакциялармен жұмыс істеуге арналған жабдық қолжетімді болуы тиіс. Қажет болса антигистаминдік препараттармен және/немесе кортикостероидтармен қосымша ем тағайындау керек.

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік

Феркайл® препаратының жүкті әйелдерге талапқа сай және тиісті түрде бақыланатын сынақтары жүргізілген жоқ. Жүктілік кезінде қолданар алдында қаупін/пайдасын мұқият бағалау қажет және егер бұл қажет болмаса, жүктілік кезінде қолдануға болмайды .

Құрамында темір бар дәрілік заттарды парентеральді енгізгеннен кейін ұрықтың құрсақішілік брадикардиясы пайда болуы мүмкін. Бұл жай-күй әдетте өтпелі және анасындағы аса жоғары сезімталдық реакциясының салдары болып табылады. Парентеральді темір препараттарын жүкті әйелдерге енгізу кезінде болашақ баланы мұқият қадағалап отыру керек.

Жүктіліктің бірінші триместрінде пайда болатын темір тапшылығы анемиясы көптеген жағдайларда пероральді темір препараттарымен емделеді.

Егер емдеудің пайдасы ана үшін де, шарана үшін де ықтимал қауіптен асып түседі деп есептелсе, Феркайл® препаратымен емдеу екінші және үшінші триместрмен шектелуі тиіс.

Бала емізу

Темір-декстран кешені адамның емшек сүтімен бөлінетін-бөлінбейтіні белгісіз. Емшекпен емізу кезінде препаратты қолданбаған дұрыс.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері бойынша зерттеулер жоқ.

Көлемі

2 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыФеркайл ампуласы 50 мг/мл 2 мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube