daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Шымкенте қаласындағы Фолий Таблеткалары 5 Мг №30 | Абди Ибрахим Глобал Фарм

Шымкенте қаласындағы Фолий Таблеткалары 5 Мг №30 | Абди Ибрахим Глобал Фарм
Сипаттама:

Жайпақ цилиндр тәрізді, сары түсті, бір жағында сызығы және екі жағында да ойығы бар дөңгелек таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Фолий қышқылы

Өндіруші:

Абди Ибрахим Глобал Фарм

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді заттың дозасы:

5 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- фолий қышқылының тапшылығынан туындаған мегалобластты анемия

- макроциттік гиперхромды анемия

- пострезекциялық анемия

- егде жаста байқалатын сидеробластты анемия

- дәрілік заттар және иондаушы радиация туындатқан анемия және лейкопения

- асқазан-ішек жолы ауруларымен (спру, мальабсорбция синдромы, персистирлеуші диарея, бауыр функциясының жеткіліксіздігі, бауырдың алкогольдік циррозы) байланысты анемия

- жүктілердің анемиясы

- шарананың жүйке түтігі ақауларының (анэнцефалия, гидроцефалия, ми жарығы, «қасқыр таңдай», «қоян жырық») дамуының, көпұрықты жүктіліктің, жүктілікті аяғына дейін көтере алмаудың профилактикасында

- лактация кезеңіндегі анемияның профилактикасы

- никотинге, алкогольге немесе дәрілерге тәуелділік аясындағы анемия

- фолий қышқылын антагонистермен (метотрексат, сульфаметаксазол – триметоприм біріктірілімі), құрысуға қарсы препараттармен (фенитоин, примидон, фенобарбитал) ұзақ уақыт емдеу

- полиневриттер және полинейропатиялар, оның ішінде алкогольді этиологиядағы

- фолий қышқылы тапшылығымен байқалатын үйлесімсіз немесе жеткіліксіз тамақтану.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға.

- пернициоздық анемия

- қатерлі жаңа түзілімдер

- кобаламин тапшылығы

- 12 жасқа дейінгі балалар

Өзара әрекеттесуі

Стероидты емес анальгетиктерді, құрысуға қарсы препараттарды (соның ішінде фенитоин және карбамазепин), эстрогендерді, пероральді контрацептивтерді ұзақ қабылдау фолий қышқылына деген қажеттілікті арттырады.

Фолий қышқылы фенитоиннің тиімділігін төмендетеді.

Антацидтер (оның ішінде Са2+, Al3+, Mg2+ препараттары), колестирамин, этил спирті, сульфасалазин және вальпрой қышқылы фолий қышқылының сіңуін азайтады.

Бактерияға қарсы дәрілер (хлорамфеникол және котримазол) фолий  қышқылының метаболизмін төмендетеді.

Метотрексат, пириметамин, триамтерен, триметоприм дигидрофолатредуктазаны тежейді және фолий қышқылының әсерін төмендетеді.

Арнайы сақтандырулар

Препарат құрамында лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге осы препаратты қабылдау ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде препарат ұсынылған дозаларда қабылдау көрсетілген.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Арнайы нұсқаулар

Препарат құрамында лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге осы препаратты қабылдау ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде препарат ұсынылған дозаларда қабылдау көрсетілген.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектерге:

Фолий қышқылының тапшылығынан туындаған мегалобластты анемияны емдеу үшін: тәулігіне 5 мг-ден 4 ай бойы, профилактикасы үшін - тәулігіне 2,5 мг-ден. Емдеу курсы 20-30 күн. Бір айдан соң емдеу курсын қайталау керек. Препаратты ұзақ қолдану В12 дәрумені препаратымен  (цианокобаламин) біріктіру ұсынылады.

- мальабсорбцияда, ішектің қабыну ауруларында және үйлесімсіз немесе жеткіліксіз тамақтану жағдайында макроциттік анемияның профилактикасы және емдеу үшін тәулігіне 15 мг-ден, спру ауруы бар пациенттерге – тәулігіне 5-15 мг-ден;

- шаранада жүйке түтігінің даму ақаулары профилактикасы үшін: болжамды жүктілікке дейін тәулігіне 5 мг және қабылдауды жүктіліктің I триместрі ішінде дәрігердің тағайындауымен жекелей жалғастыру

- созылмалы гемолиздік жағдайларда немесе бүйрек диализінде профилактика үшін: негізгі ауруға байланысты 1-7 күн сайын 5 мг

- үйлесімсіз немесе жеткіліксіз тамақтануға байланысты фолий қышқылы тапшылығының профилактикасы үшін тәулігіне 2,5 - 5  мг-ден.

Жоғарырақ демеуші дозалар алкоголизмнен зардап шегетін, сонымен қатар созылмалы инфекциялары бар және құрысуға қарсы препараттар қабылдайтын пациенттерге тағайындалуы мүмкін

Балаларға:

- 12 жастан бастап  тәулігіне ½ таблеткадан (2,5 мг).

Енгізу әдісі мен жолы

Таблеткалар ішке қолданылады

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Ұзақ қолданғанда В12 гиповитаминозы дамуы мүмкін. Уытты әсерге фолий қышқылын 300 мг және одан жоғары дозаларда бір сәтте қолданғанда жетеді.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату. Гемодиализ көмегімен шығарылады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Егер Сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Артық дозалану

Симптомдары: аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Ұзақ қолданғанда В12 гиповитаминозы дамуы мүмкін. Уытты әсерге фолий қышқылын 300 мг және одан жоғары дозаларда бір сәтте қолданғанда жетеді.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату. Гемодиализ көмегімен шығарылады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Егер Сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлорид үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

3 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан немесе қорапшалық картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыфолий таблеткалары 5 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube