Құрамы
1 г кремнің құрамында
белсенді зат - мометазон фуроаты 1 мг,
қосымша зат: цетомакрогал 1000, цетостеарил спирті, хлоркрезол, ақ вазелин, сұйық парафин, пропиленгликоль, натрий дигидрофосфаты, 1М фосфор қышқылы және/немесе 1 М натрий гидроксиді, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік біртекті жұмсақ консистенциялы бөгде қоспаларсыз крем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 г препараттан алюминий сықпаға салынады. Сықпаны кертігі және жарғақшаны тесуге арналған істігі бар полиэтилен қақпақшамен жабады.
Әрбір сықпаны қазақ және орыс тілдерінде жазылған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!