daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Шымкенте қаласындағы Эмерон Таблеткалары 100 Мг №20 | Реплек Фарм Лтд Скопье

Шымкенте қаласындағы Эмерон Таблеткалары 100 Мг №20 | Реплек Фарм Лтд Скопье

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ашық-сары түсті, дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, бір жағында ойығы және бөлу сызығы бар бірдей таблеткалар. Шығарылу түрі және қаптамасы 10 таблеткадан поливинилдихлорид/поливинилхлоридті фольгадан және термолакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Международное наименование:

Нимесулид

Производитель:

Реплек Фарм Лтд Скопье

Страна производитель:

Республика Македония

Действующее вещество:

қосымша заттар: натрий диоктилсукцинаты, гидроксипропилцеллюлоза, лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, повидон, гидрогенделген майсана майы, магний стеараты, натрий крахмалгликоляты. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ашық-сары түсті, дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, бір жағында ойығы және бөлу сызығы бар бірдей таблеткалар. Шығарылу түрі және қаптамасы 10 таблеткадан поливинилдихлорид/поливинилхлоридті фольгадан және термолакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Дозировка активного вещества:

100 мг

Количество в упаковке:

20 шт.

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

- жедел ауырсынуларды емдеу

- бастапқы дисменорея

Эмерон препаратын екінші желідегі препарат ретінде ғана тағайындау қажет.

Нимесулидпен емдеу туралы шешім нақты пациент үшін барлық қауіптерді бағалау негізінде қабылдануы тиіс.

Противопоказания

- нимесулидке немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдауға бронх түйілуі, ринит, есекжем, мұрын полиптері түріндегі аса жоғары сезімталдық көріністері

- анамнезінде нимесулидке гепатоуытты реакциялар

- басқа әлеуетті гепатоуытты дәрілерді бір мезгілде қабылдау

- алкоголизм, есірткіге тәуелділік

- алдыңғы ҚҚСП емдеуден туындаған анамнездегі асқазан-ішектен қан кету немесе тесілуі

- анамнезінде белсенді немесе қайталанатын ойық жара ауруы/қан кету (екі немесе одан да көп эпизод)

- анамнезінде цереброваскулярлық қан кетулердің, басқа жерде орналасқан қан құйылулардың, сондай-ақ жоғары қанағыштықпен қатар жүретін аурулардың (оның ішінде ҚҚСП қабылдаумен байланысты) болуы

- қан ұюының күрделі бұзылулары

- ауыр жүрек жеткіліксіздігі

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин)

- бауыр жеткіліксіздігі

- суық тию немесе тұмау симптомдарының болуы

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі.

Взаимодействие

Қабынуға қарсы дозаларда (бір реттік доза түрінде≥ 1 г немесе жалпы тәуліктік доза түрінде ≥ 3 г) ацетилсалицил қышқылын қоса, нимесулидті және басқа ҚҚСП бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Құрамында нимесулид бар препараттарды кортикостероидтармен, антитромбоциттік препараттармен және серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау асқазан-ішек ойық жарасының немесе қан кетудің даму қаупін арттырады.

Варфаринді немесе ұқсас антикоагулянттарды, сондай-ақ ацетилсалицил қышқылын қолданатын пациенттерде нимесулидпен бір мезгілде қолданған кезде қан кетудің даму қаупі жоғары болады, сондықтан мұндай біріктірілім ұсынылмайды, ал қан ұюының бұзылуының ауыр түрлерінде оны қолдануға болмайды. Егер мұндай біріктірілімді болдырмау мүмкін болмаса, қанның ұю жүйесінің жағдайын үнемі бақылау қажет.

Нимесулид диуретиктер мен гипертензияға қарсы препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде нимесулид пен АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II антагонистерін немесе циклооксигеназа жүйесін басатын дәрілерді бір мезгілде тағайындағанда бүйрек функциясының нашарлауы және әдетте қайтымды болатын жедел бүйрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Бұл препараттарды бір уақытта қабылдау, әсіресе егде жастағы адамдарда сақ болуды қажет етеді. Пациенттер сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қабылдауы тиіс, ал бүйрек функциясын біріктірілген ем басталғаннан кейін мұқият бақылау керек.

Нимесулид фуросемидтің диурездік әсерін және натрийдің, аз дәрежеде калийдің шығарылуын уақытша төмендетуі мүмкін, сондықтан Эмерон мен фуросемид препаратын бір мезгілде қолданған кезде бүйрек немесе жүрек функциясы бұзылған пациенттерге ерекше сақтық қажет.

Нимесулид литийдің шығарылуын азайтуы мүмкін, бұл қан плазмасындағы литий деңгейінің жоғарылауына және оның уыттылығына әкеледі, сондықтан литийді Эмерон препаратымен бір мезгілде қолданғанда қандағы литий деңгейін жиі бақылау қажет.

Глибенкламидпен, теофиллинмен, варфаринмен, дигоксинмен, циметидинмен және антацидті препараттармен бір мезгілде қолданғанда клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Нимесулид CYP2C9 ферменттік жүйесінің белсенділігін басады. Осы ферменттің субстраты болып табылатын препараттарды нимесулидпен бір мезгілде қабылдаған кезде осы препараттардың плазмадағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін.

Эмерон препаратын метотрексатты қолданғанға дейін 24 сағат бұрын немесе қолданғаннан кейін 24 сағаттан соң тағайындаған кезде қандағы метотрексат деңгейінің ықтималды жоғарылауына және оның уытты әсерінің дамуына байланысты сақ болу қажет.

Циклоспориндермен бір мезгілде қолданғанда олардың бүйрекке уытты әсерінің жоғарылауы мүмкін.

Зерттеулер көрсеткендей, нимесулид толбутамид, салицил және вальпрой қышқылымен байланысқан жерлерден шығарылады. Алайда, оның плазмадағы деңгейіне ықтималды әсеріне қарамастан, осы өзара әрекеттесулердің клиникалық маңыздылығы анықталған жоқ.

Эмерон препаратымен емдеу кезінде гепатоуытты әсері бар препараттармен бір мезгілде қолданудан, сондай-ақ алкогольді шамадан тыс пайдаланудан аулақ болу керек, өйткені бұл заттар бауыр тарапынан жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттыруы мүмкін.

Кортикостероидтармен бір мезгілде қолданғанда асқазан-ішек жолының қан кетуінің/ойық жарасының даму қаупінің жоғарылауы байқалады.

Арнайы ескертулер

Жағымсыз әсерлердің даму қаупін төмендету үшін препаратты емдеу курсының ең аз ұзақтығымен ең аз тиімді дозада қолдану қажет. Препаратты ыстық түсіретін дәрі ретінде қолдану ұсынылмайды. Дене температурасының жоғарылауы және пациенттерде тұмауға ұқсас симптомдар пайда болған кезде Эмерон препаратын қабылдауды тоқтату қажет.

Егер препаратты қабылдағаннан кейін жағдай жақсармаса, емдеуді тоқтатып, емдеуші дәрігерге қаралу қажет.

Егде жастағы пациенттерде жүрек, бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы жиі байқалады, оларда ҚҚСП қабылдауға жағымсыз реакциялардың даму жиілігі (әсіресе, асқазан-ішек қан кетулері, ойық жаралар мен тесілулер) жоғары, бұл кейбір жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін, сондықтан мұндай жағдайларда дәрігердің қадағалауы ұсынылады.

Жүрек-қантамыр жүйесіне әсері: артериялық гипертензиясы немесе жеңіл немесе орташа айқын дәрежедегі іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Эмерон препаратын қолданған кезде ісінудің дамуымен организмде сұйықтықтың іркілуі мүмкін.

Кейбір ҚҚСП қолдану (әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ уақыт) артериялық тромбоздың (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) шамалы жоғары қаупін беруі мүмкін екендігі туралы деректер бар. Эмерон үшін мұндай қауіпті болдырмау үшін деректер жеткіліксіз. Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артерия ауруы және/немесе цереброваскулярлық аурумен анықталған жедел жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге Эмерон препараты пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана тағайындалуы мүмкін. Осындай тәсіл жүрек-қан тамырлары ауруларының (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті және темекі шегу) қауіп факторлары бар пациенттерді ұзақ емдеуді бастар алдында қолданылады.

Нимесулид тромбоциттер функциясына әсер етуі мүмкін болғандықтан, Эмерон препаратын геморрагиялық диатезі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Эмерон жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу үшін ацетилсалицил қышқылын алмастырмайды.

Асқазан-ішек жолына әсері: асқазан-ішектен қан кету, ойық жаралануы / тесілуі (кейде өліммен аяқталатын) емдеу кезеңінде кез келген уақытта, алдын алу симптомдарының пайда болуымен немесе оларсыз дамуы мүмкін. Бұрын асқазан-ішек жолдары тарапынан ұқсас эпизодтарының болуына байланысты емес. Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда, Эмерон препаратымен емдеуді шұғыл тоқтатып, емдеуші дәрігерге қаралу қажет.

Эмеронды анамнезінде пептидтік ойық жараның, асқазан-ішектен қан кетудің, ойық жаралы колиттің немесе Крон ауруының болуын қоса алғанда, асқазан-ішек бұзылыстары бар пациенттерде қолданбаған жөн, өйткені бұл аурулар өршуі мүмкін.

Асқазан-ішектен қан кетудің, ойық жараның немесе ойық жараның тесілуінің даму қаупі ҚҚСП дозасының ұлғаюымен, сондай-ақ анамнезде ойық жара болған кезде (әсіресе қан кетумен немесе тесілумен асқынған), сондай-ақ егде жастағы адамдарда жоғарылайды.

Ойық жараның немесе қан кетудің даму қаупін арттыруы мүмкін препараттарды, мысалы, пероральді кортикостероидтарды, варфарин сияқты антикоагулянттарды, серотонинді қайта қармайтын селективті тежегіштерді немесе аспирин сияқты антитромбоциттік дәрілерді бір мезгілде қабылдайтын пациенттер препаратты қабылдау кезінде сақ болу қажеттігі туралы хабардар етілуі тиіс.

Мұндай пациенттерді емдеуді ең аз тиімді дозадан бастаған жөн және қажет болған жағдайда қорғаныш қасиеттері бар дәрілік препараттармен (мысалы, мизопростолмен, протонды помпа тежегіштерімен) біріктірілген ем тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек.

Асқазан-ішек жолдарының уытты зақымдануы бар пациенттер, әсіресе қарттар, асқазан-ішек жолында пайда болатын кез-келген ерекше симптомдар туралы (әсіресе асқазан-ішектен қан кету) хабарлауы керек. Бұл әсіресе емдеудің бастапқы кезеңдерінде маңызды.

Бауырға әсері: бауыр функциясының айқын бұзылулары бар пациенттерде Эмерон препаратының метаболизмі бұзылуы, организмде препараттың жинақталуымен оның шығарылуы төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ, құрамында нимесулид бар препараттарды қабылдау аясында бауыр функциясының орташа айқыннан ауырға дейін, оның ішінде өлімге дейін бұзылуы туралы хабарламалар бар. Осылайша, бауыр аурулары бар пациенттерге Эмеронды қолдану ұсынылмайды.

Эмерон қабылдайтын пациенттерде бауырдың зақымданғанын көрсететін симптомдар (мысалы, тәбеттің болмауы, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, қатты қажу, несептің күңгірттенуі) немесе бауырдың функционалдық сынамаларының аномалиялық нәтижелері пайда болған кезде препаратты қабылдауды тоқтатып, емдеуші дәрігерге қаралу қажет (бұл жағдайда болашақта нимесулид препараттарын қабылдау ұсынылмайды). Бауырдың зақымдануы туралы хабарланды (көп жағдайда қайтымды), тіпті препараттың қысқа мерзімді әсерінен кейін.

Эмерон препаратымен емдеу кезеңінде бауырға уытты әсер ететін препараттарды, басқа анальгетиктерді немесе ҚҚСП-ны бір мезгілде қолданудан және алкогольді тұтынудан аулақ болу ұсынылады. Егер Эмерон препаратын қолдану кезеңінде тұмауға немесе суық тиюге ұқсас симптомдар дамыса, препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет.

Бүйрек функциясы бұзылған науқастарда қолдану: бүйрек жеткіліксіздігі және жүрек ауруы бар пациенттерде Эмерон препаратын қолданған кезде сақ болу керек, өйткені нимесулид бүйрек жұмысының нашарлауына әкелуі мүмкін. Аурудың өршуі жағдайында емдеуді тоқтату керек.

Терінің аллергиялық реакциялары: Нимесулидті қолданған кезде дәрілік бөртпелердің болуы мүмкіндігі жайлы ескертілді. ҚҚСП-ға ауыр тері реакцияларының өте сирек жағдайлары туралы мәліметтер бар, олардың кейбіреулері өлімге әкелуі мүмкін (мысалы, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз). Пациенттер емдеудің басында, көбінесе емдеудің бірінші айында осы реакциялардың даму қаупіне көбірек ұшырайды. Эмеронды тері бөртпесінің, шырышты қабықтың зақымдануының және аллергиялық реакцияның басқа белгілерінің алғашқы белгілерінде тоқтату керек.

Эмерон препаратын қабылдар алдында емдеуші дәрігермен кеңесу керек. Бекітілген дәрілік бөртпе түріндегі аллергиялық реакциялар (мысалы, дөңгелек немесе сопақша дақтар, терінің қызаруы және ісінуі сияқты), күлдіреуік (есекжем), қышыну пайда болған жағдайда Эмерон препаратын қолдануды дереу тоқтатып, бұл туралы өзінің емдеуші дәрігеріне хабарлау керек.

Қосымша заттар: Эмерон препаратының құрамында лактоза бар, сондықтан оны сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактоза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге тағайындауға болмайды.

Әр дәрілік заттың құрамында натрийдің мөлшері бір ммольден (23 мг) аз болып келеді, яғни іс жүзінде құрамында натрий жоқ.

Егде жастағы пациенттер: әсіресе егде жастағы пациенттер ҚҚСП жағымсыз әсерлеріне, оның ішінде асқазан-ішек қан кетулеріне және тесілуіне, өлімге әкелуі мүмкін бүйрек функциясының, жүрек және бауыр функциясының бұзылуына бейім, сондықтан олар дәрігердің белсенді бақылауын қажет етеді.

Әйелдердегі фертильділікке әсері: нимесулидті қолдану әйелдің фертильділігін төмендетуі мүмкін және жүктілікті жоспарлау кезінде ұсынылмайды. Жүкті бола алмай жүрген немесе бедеулікке күдік бар әйелдерде Эмерон препаратын қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастыру қажет.

Педиатрияда қолдану:18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде: Эмерон препаратын жүктіліктің соңғы триместрінде қолдануға болмайды. Эмерон препаратын басқа ҚҚСП сияқты қолдану жүкті болуға тырысатын әйелдерге ұсынылмайды.

ҚҚСП қолдану жүктілікке немесе шарананың дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Препаратты жүктіліктің ерте кезеңінде қолданғаннан кейін, зерттеу нәтижелері түсік тастау, жүрек ақаулары және алдыңғы құрсақ жақтауы ақауларының жоғарылау қаупін көрсетеді. Дозаның жоғарылауымен және емдеу ұзақтығымен қауіп жоғарылайды деп саналады. Эмерон препаратын жүкті әйелдерде қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ.

Егер Эмерон препаратын жүкті болуға тырысатын әйел немесе жүктіліктің бірінші немесе екінші триместрінде қабылдаса, дозасы мен емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше төмен болуы тиіс.

Жүктіліктің үшінші триместрінде простагландин синтезінің барлық тежегіштері шаранада мыналарды туындатуы мүмкін:

жүрек-өкпе уыттылығы (артериялық түтіктің мерзімінен бұрын жабылуымен және өкпе артериясы жүйесіндегі гипертензиямен);

- қағанақ суының аздығы дамуымен бүйрек жеткіліксіздігіне дейін үдеуі мүмкін бүйрек функциясының бұзылуы.

Жүктіліктің соңында ана мен балада: қан кету уақытының ұзаруы мүмкін, тіпті өте төмен дозаларды қолданғанда да; босану ұзақтығының кідіруіне немесе ұзаруына әкеп соқтыратын жатырдың жиырылу қызметінің бәсеңдеуі, сондықтан Эмерон препаратын жүктіліктің үшінші триместрінде қолдануға болмайды.

Бала емізу: Эмерон препаратының емшек сүтімен шығарылатыны белгісіз, сондықтан оны бала емізетін аналарға қолдануға болмайды.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Ересектер: ішке 1 таблеткадан (100 мг) тәулігіне 2 рет. Ересектер үшін ең жоғары тәуліктік доза-200 мг.

Енгізу әдісі мен жолы

Таблеткаларды жеткілікті мөлшердегі сумен қабылдайды, дұрысы - тамақтан кейін.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсының ұзақтығы 5 күннен аспайды.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Жедел артық дозалану симптомдары: летаргия, ұйқышылдық, жүрек айнуы, құсу, эпигастрий аймағындағы ауырсыну. Демеуші емді жүргізу кезінде бұл симптомдар әдетте қайтымды болады. Асқазан-ішектен қан кету дамуы мүмкін, сирек жағдайларда артериялық қысымның жоғарылауы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, тыныс алудың бәсеңдеуі және кома. ҚҚСП емдік дозаларын қабылдаған кезде және олардың артық дозалануы кезінде анафилактоидты реакциялардың дамуы туралы хабарламалар бар.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмірді, осмостық іш жүргізетін дәрілерді қабылдау, қажет болған жағдайда симптоматикалық ем тағайындалады. Бауыр мен бүйрек функциясын бақылау керек. Арнайы антидот жоқ. Қан ақуыздарымен айқын байланысуына байланысты (97,5% дейін) диализ тиімді емес. Мәжбүрлі диурез, несептің сілтіленуі, гемодиализ немесе гемоперфузия препараттың қан ақуыздарымен байланысу деңгейінің жоғарылауы салдарынан тиімді болмауы мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға хабарласу бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу ұсынылады

Форма выпуска

10 таблеткадан поливинилдихлорид/поливинилхлоридті фольгадан және термолакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Условия хранения

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

График изменения цены на «Эмерон таблеткалары 100 мг №20» в Шымкенте

04008001200160012-0217-0222-0227-0204-0309-0314-0319-0324-0329-033-048-0413-0418-0423-0428-043-058-0513-0518-0523-0528-052-067-0612-0617-0622-0627-062-077-0712-0717-0722-0727-071-086-0811-0816-0821-0826-0831-085-0910-0915-0920-0925-0930-095-1010-1015-1020-10
Средняя цена
Минимальная цена

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаЭмерон таблеткалары 100 мг №20 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация
1930

от

Ваша выгода до: 71

i

Выгода за счет лучшего поиска:

Средняя цена в Шымкенте:

При заказе на Daribar от:

Ваша выгода до:

2001

1930

71

В корзину

Содержание

Кратко о товареСравнение цен в аптекаxАналогиИнструкцияДетали покупкиГрафик изменения цены на «Эмерон таблеткалары 100 мг №20» в Шымкенте

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube