daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Шымкенте қаласындағы Кеторол Таблеткалары 10 Мг №20 | Редди'с Лабораторис Лтд

Шымкенте қаласындағы Кеторол Таблеткалары 10 Мг №20 | Редди'с Лабораторис Лтд

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, зәйтүн түсті жасыл үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде нақышталған "S" жазуы және басқа жақ беті тегіс, диаметрі (8.20 ± 0.20) мм және қалыңдығы (3.50 ± 0.20) мм таблеткалар.

Международное наименование:

Кеторолак

Производитель:

Редди'с Лабораторис Лтд

Страна производитель:

Республика Индия

Действующее вещество:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (102 тип), желатинденген жүгері крахмалы, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты қабық құрамы: Опадри 03К51148 жасыл (гипрометилцеллюлоза (6срѕ), титанның қостотығы Е171, триацетин / глицерин, темірдің (III) сары тотығы Е172, FD & С №1 бояғышы (бриллиантты көк FCF, алюминий лагы 11-13 %) Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, зәйтүн түсті жасыл үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде нақышталған "S" жазуы және басқа жақ беті тегіс, диаметрі (8.20 ± 0.20) мм және қалыңдығы (3.50 ± 0.20) мм таблеткалар.

Дозировка активного вещества:

10 мг

Количество в упаковке:

20 шт.

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

- орташа және күшті айқындылық дәрежесіндегі жедел ауыру синдромын қысқа мерзімде басуда, сондай-ақ операциядан кейінгі кезеңде апиындық анальгетиктермен қажетті анальгезияда.

Противопоказания

- кеторолакқа немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға жоғары сезімталдық

- варфарин мен гепаринді қоса, антикоагулянттар қабылдау

- ацетилсалицил қышқылын қабылдау

- бронх демікпесінің, мұрын және мұрын маңы қойнауларының қайталанатын полипозының және ацетилсалицил қышқылы немесе басқа да ҚҚСП (оның ішінде анамнезде) толық немесе толық емес біріктірілімі

- ҚҚСП қабылдаудан туындаған есекжем, ринит (анамнезде)

- пиразолон қатарының дәрілік заттарын көтере алмау

- гиповолемия (оны туындатқан себептерге байланыссыз)

- расталған гиперкалиемия

- асқазан-ішек жолының өршу фазасындағы эрозиялық-ойық жаралы зақымдануы, асқазан-ішектен қан кету, соның ішінде анамнезде

- ішектің қабыну аурулары

- гипокоагуляция (оның ішінде гемофилия)

- қан түзудің бұзылуы

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин кем)

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі немесе бауырдың белсенді аурулары

- басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен бір мезгілде қолдану

- пробенецидпен бір мезгілде қабылдау

- пентоксифиллинмен бір мезгілде қабылдау

- қан кетудің жоғары даму қаупі (оның ішінде операциядан кейін)

- күмәнді немесе расталған цереброваскулярлық қан кету, геморрагиялық диатез,

- тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, лапп-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкозо-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға

- жүктілік, босану және лактация кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)

- кез келген күрделі операция алдында профилактикалық анальгетик ретінде.

- коронарлық шунттауда операциядан кейінгі ауыруды емдеу үшін.

Кеторолакты  қан кетудің жоғары қаупіне байланысты анестезияны демейтін премедикацияға арналған дәрі ретінде және хирургиялық операция кезінде ауыруды басу үшін қолдануға болмайды.

Кеторолак созылмалы ауыруды емдеу үшін қолданылмайды.

Взаимодействие

Кеторолак адамның плазма ақуыздарымен күшті байланысу дәрежесін көрсетеді (орта есеппен 99,2%), бұл ретте байланысуы концентрацияға тәуелді емес.

Мына дәрілік заттарды бірге қолдану ұсынылмайды:

Кеторолакты циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса, ASA = АСК (ацетилсалицил қышқылы, аспирин) негізіндегі басқа препараттармен немесе басқа ҚҚСД (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен) пайдалануға болмайды, себебі мұндай жағдайда ҚҚСД әсерімен байланысты күрделі жағымсыз реакциялардың индукциялау қаупі жоғары болуы мүмкін (қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімін қараңыз).

Кеторолак тромбоциттер агрегациясын тежейді, тромбоксан концентрациясын төмендетеді және қан кету ұзақтығын арттырады. Аспириннің ұзаққа созылған әсеріне қарағанда тромбоциттер функциясы кеторолакты қолдануды тоқтатқаннан кейін 24-48 сағат ішінде қалыпты жағдайға қайта келеді.

Варфарин сияқты антикоагулянттармен бірге кеторолакты қолдануға болмайды, себебі ҚҚСД мен антикоагулянттарды бірге қолдану антикоагуляциялық әсердің күшеюін туғызуы мүмкін (қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімін қараңыз).

Зерттеулер  кеторолак пен варфариннің немесе гепаринмен өзара әрекеттесуінің елеулі дәрежесін көрсетпесе де, кеторолак пен гемостазға әсер ететін емдік препараттарды, соның ішінде антикоагулянттардың (варфариннің) емдік дозаларын, гепариннің және декстрандардың профилактикалық төмен дозаларын (12 сағат сайын 2500-5000 бірлік) бір мезгілде пайдаланумен қан кетудің жоғары қаупі байланысты болуы мүмкін.

Қолда бар мәліметтер бойынша простагландиндер синтезін тежейтін кейбір дәрілік заттарды пайдаланғанда плазмада литий концентрациясының артуына әкелетін литийдің бүйректік клиренсінің тежелуі байқалады. Кеторолактың көмегімен емдеу барысында плазмада литийдің жоғары концентрациясының жағдайлары тіркелген.  

Қан плазмасында кеторолак концентрациясының және оның жартылай ыдырау кезеңінің артуы салдарынан пробенецидті кеторолакпен бір мезгілде қолдануға болмайды.

ҚҚСД мифепристонды қолданғаннан кейін сегіз-он екі күн ішінде пайдалануға болмайды, себебі ҚҚСД мифепристон әсерін бәсеңдетуі мүмкін.

Кеторолакты окспентифиллинмен бір мезгілде қолданғанда қан кетуге жоғары бейімділік туындайды.

Кеторолды басқа дәрілік заттармен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек:

Барлық ҚҚСД сияқты асқазан-ішек жолында ойық жаралану немесе қан кету дамуының жоғары қаупі салдарынан препаратты кортикостероидтармен бірге қолданғанда сақ болу керек (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз).

Тромбоцитке қарсы агенттер және серотонинді кері қармау селективті тежегіштері (SSRI=СИОЗС) ҚҚСД-мен біріктірілген жағдайда асқазан-ішектен қан кету дамуының қаупі жоғарылайды (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз).

Әдеби деректер бойынша простагландиндер синтезін тежейтін кейбір дәрілік заттар метотрексат клиренсін төмендетеді және осылайша оның уыттылығын арттыруы мүмкін.

Кеторолак трометамині дигоксиннің қан ақуыздарымен байланысуына әсер етпейді. In  vitro зерттеулер салицилаттың емдік концентрцияларында  (300 мкг / мл) кеторолактың байланысуы шамамен 99,2% -дан 97,5%-ға төмендегенін көрсетті, бұл қан плазмасында байланыспаған кеторолактың есептік екі есе ұлғаюын білдіреді. Дигоксиннің, варфариннің, ибупрофеннің, напроксеннің, пироксикамның, ацетаминофеннің (парацетамол), фенитоиннің және толбутамидтің емдік концентрациялары кеторолактың ақуыздармен байланысуына әсер етпейді.

Несеп айдайтын дәрілермен бірге қолдану диурездік әсердің төмендеуіне және ҚҚСД нефроуыттылық даму қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Барлық ҚҚСД сияқты препаратты нефроуыттылық дамуы қаупінің жоғарылауы салдарынан циклоспоринді қатар пайдаланғанда сақтықпен қолдану керек.

ҚҚСД такролимуспен бірге қолданған жағдайда нефроуыттылықтың даму қаупі бар.

ҚҚСД диуретиктер мен гипертензияға қарсы дәрілік заттардың әсерін төмендетуі мүмкін. ACE = АӨФ (ангиотензин өзгертуші фермент) тежегіштерін және/немесе ангиотензин II рецепторлары антагонистерін ҚҚСД-мен бірге қолданған кезде әдетте қайтымды болып табылатын жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде жоғары болуы мүмкін (мысалы, сусызданған пациенттерде немесе егде жастағы пациенттерде).

Демек, дәрілік заттардың біріктірілуі, әсіресе, егде жастағы адамдарда сақтықпен жүзеге асырылуы тиіс. Пациенттерге тиісінше (мүмкіндігінше нақты) доза есептелінуі тиіс, бұл ретте қатар жүретін емнің басында және кейінгі кезеңде ауық-ауық бүйрек функциясына мониторинг жүргізуге назар аудару керек.

ҚҚСД жүрек гликозидтерімен бірге қолданғанда жүрек жеткіліксіздігін ушықтыруы, GFR = ШСЖ (шумақтық сүзіліс жылдамдығы) төмендетуі және плазмада жүрек гликозидтері деңгейін арттыруы мүмкін.

Кеторолак операциядан кейінгі ауыруды жеңілдету үшін қолданылғанда қатар жүретін апиындық анальгезияға қажеттілікті төмендетіні көрсетілген.

Жануарларға жүргізілген деректер ҚҚСД хинолонды қатардағы антибиотиктерді қолданумен байланысты құрысулардың даму қаупін арттыруы мүмкіндігін көрсетті. Бір мезгілде ҚҚСД және хинолондар қабылдайтын пациенттерде құрысулар даму қаупінің жоғарылауын туындауы мүмкін.

ҚҚСД зидовудинмен бірге қолдану гематологиялық уыттылық қаупін арттырады. Зидовудинмен және ибупрофенмен бір мезгілде ем қабылдайтын HIV (+) = АИТВ гемофилиясы бар науқастарда гемартроз (буындар қуысында қанның жинақталуы) және гематомалар қаупінің жоғарылауын растайтын деректер бар.

Эпилепсияға қарсы препараттармен (фенитоин, карбамазепин) бірге қабылдағанда ұстамалар жиілігі артады. Психотроптық препараттармен (флуоксетин, тиотиксин, алпразолам) бір мезгілде қабылдағанда науқастарда елестеулер пайда болады.

Кеторол мен деполяризацияламайтын бұлшықет релаксанттарын бір мезгілде қабылдағанда науқастарда ентігу пайда болады.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Пайдалану туралы шешім қабылдағанға дейін Кеторол препаратын қолданудың потенциалды пайдасы мен қауіптерін мұқият қарастырып алу керек.

Кеторол инъекциясымен және Кеторол таблеткаларымен жалпы емдеу ұзақтығы жағымсыз реакциялардың жиілігі мен ауырлығының арту қаупіне байланысты 5 күннен аспауы тиіс.

- 18-ден 64 жасқа дейінгі пациенттер үшін

Кеторол таблеткаларын бір рет 20 мг (2 таблетка) қабылдайды, кейін күніне 40 мг асырмай күніне 4 рет 4-6 сағаттан кейін 10 мг (1 таблетка) қолданады.

- бүйрек жеткіліксіздігі бар және/немесе салмағы < 50 кг  ≥ 65 жастағы пациенттер үшін:

Кеторол таблеткаларын бір рет 10 мг (1 таблетка), кейін күніне 40 мг асырмай күніне төрт рет 4-6 сағаттан кейін 10 мг (1 таблетка) қолданады.

Ең төменгі тиімді дозаны пайдалану қажет.

4-6 сағат дозалау аралығын қысқартуға болмайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: абдоминальді ауырулар, жүрек айнуы, құсу, асқазанның және он екі елі ішектің пептидтік ойық жарасы, эрозиялы гастрит, бүйрек функциясының бұзылуы, метаболизмдік ацидоз. Асқазан-ішектен қан кету, жедел бүйрек жеткіліксіздігі сирек болса да болуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, адсорбенттерді енгізу (белсендірілген көмір), симптоматикалық ем.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгіну қажет.

Форма выпуска

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

5 қорапшадан топтық қаптамаға салынған.

Условия хранения

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаКеторол таблеткалары 10 мг №20 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Оценки и отзывы

Рейтинг товара
4.78/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
18 оценки
1
star
1
2
star
0
3
star
0
4
star
0
5
star
17
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
6 Мая 2024
Комментарий: Рақмет за качественное обслуживание и вашу пунктуальность.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
5 Мая 2024
Комментарий: Так сильно болел зуб после лечения. Идти в аптеку не было сил. Заказала обезболивающее, и оно очень быстро помогло. Благодарю! Всегда выбираю только ваши препараты!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
13 Апреля 2024
Комментарий: Аптека Садыхан как всегда на высоте, всё пришло очень быстро. Спасибо курьеру, вежливый.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
6 Марта 2024
Комментарий: Жақсы дәрі, бірақ кері әсері де бар. Рахмет тез бергеніңе.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
11 Января 2024
Комментарий: Единственное, что спасает от сильных болей - головных, спазматических по телу и каких-либо вообще других.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 Января 2024
Комментарий: Отлично обезболивает! Всё вовремя. Спасибо.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
9 Января 2024
Комментарий: Огромное спасибо!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
24 Октября 2023
Комментарий: Спасает от зубной боли, не так травит организм, как анальгин. Как раз можно дойти до кредита для дантиста. Вполне удобно выбрать время получения. Получили к 11.00. Спасибо Биосфере.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
19 Мая 2023
Комментарий: Благодарю, отличный препарат, эффективно снимает боль.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
16 Мая 2023
Комментарий: Отличное средство для обезболивания.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
8 Мая 2023
Достоинства: Прекрасно работает!
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
19 Апреля 2023
Комментарий: Цена, качество. Все супер, благодарю. Рекомендую.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
25 Марта 2023
Комментарий: Хорошо обезболивает.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
16 Февраля 2023
Комментарий: Таблетки помогают почти сразу, через 10-15 минут боль уходит.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 Января 2023
Комментарий: Недорогой и эффективный. Рекомендую.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
26 Октября 2022
Комментарий: Отличное средство, всегда помогает
empty star
filled star
empty star
empty star
empty star
empty star
25 Октября 2022
Недостатки: Ужасно воняют пластиком. Раньше такого не было, вкус даже изменился. Оказывается производство Индия.
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
20 Октября 2022
Достоинства: Эффективные таблетки, всегда их беру. Но сильно увлекаться ими тоже нельзя, сильные.

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube