Қолдану көрсеткіштері
- гипертониялық криздерде (феохромоцитома кезіндегі гипертониялық кризді қоспағанда)
- артериялық гипертензияда (кешенді ем құрамында)
- гипертониялық криздерде (феохромоцитома кезіндегі гипертониялық кризді қоспағанда)
- артериялық гипертензияда (кешенді ем құрамында)
клонидинге немесе препараттың кез келген қосымша компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық;
артериялық гипотензия;
кардиогендік шок;
II және III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада;
айқын брадикардия;
синустық түйін әлсіздігінің синдромы;
жүректің ишемиялық ауыруы;
жуық арада болған миокард инфаркті;
ми қан айналымының бұзылуы (оның ішінде ми қантамырларының айқын атеросклерозы);
шеткергі қанайналымының ауыр бұзылулары;
бүйрек функциясының ауыр бұзылулары;
шеткергі артерияның облитерациялайтын ауруы (оның ішінде Рейно синдромы);
депрессия жағдайы;
үшциклдық антидепрессанттарды бір мезгілде қолдану;
жүктілік және лактация кезеңі;
18 жасқа дейінгі балалар.
Клофелин-Здоровье препаратын мыналармен бірге қолданған кезде:
орталық жүйке жүйесі қызметін төмендететін препараттармен – орталық жүйке жүйесіне депримирлеуші әсердің күшеюі мен депрессиялық бұзылулардың дамуы күшеюі мүмкін;
үшциклдық антидепрессанттармен, анорексигенді (фенфлураминді қоспағанда), симпатомиметикалық, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен және нифедипинмен – клонидиннің гипотензиялық әсерін төмендетеді;
вазодилататорлармен, диуретиктермен, гистаминге қарсы дәрілермен – клонидиннің гипотензиялық әсері күшейеді;
-адренблокаторлармен және жүрек гликозидтерімен - брадикардияны (жекелеген жағдайларда) немесе антривентикулярлық блокаданың даму қаупі артады;
атенололмен, пропранололмен – аддитивті гипотензиялық әсер, седативтік әсер дамиды және ауыз іші құрғайды;
гормональді контрацептивтермен, ішке қабылдағанда - клонидиннің седативтік әсері күшеюі мүмкін;
Паркинсон ауруы бар пациенттерде леводопамен және пирибедилмен – леводопа мен пиребидилдің тиімділігі төмендеуі мүмкін;
циклоспоринмен – циклоспориннің қандағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін;
глюкозамен - инсулин секрециясын төмендету есебінен қандағы глюкоза концентрациясы жоғарылауы мүмкін.
30 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан қазақ және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Тұтынушымен келісім бойынша пішінді ұяшықты қаптамаларды қазақ және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге гофрланған картон жәшікке қаптауға жол беріледі.
Топтық және көліктік ыдыс МемСТ 17768-90 сәйкес.
Түпнұсқалық қаптамада, 25С-ден аспайтын температурда сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.