Қолдану көрсеткіштері
Ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдерде омыртқаның жедел патологиясымен байланысты ауыратын бұлшықет түйілуінде қосымша терапия.

әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
шеткері салдану, бұлшықет гипотониясы
жүктілік
лактация кезеңі
контрацепцияны пайдаланбайтын бала туу жасындағы әйелдер
16 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін вазовагальді естен тану жағдайлары байқалды, сондықтан инъекциядан кейін пациент бақылануы керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Дәрілік өзара әрекеттесу туралы деректер жоқ.
Арнайы ескертулер
Тиоколхикозидті қолдануға байланысты постмаркетингтік есептерде бауыр тарапынан бұзылулар туралы хабарланды. Тиоколхикозидпен бір мезгілде қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді немесе парацетамолды қабылдаған пациенттерде ауыр жағдайлар (мысалы, шұғыл дамыған гепатит) тіркелді. Бауырдың зақымдану симптомдары пайда болған жағдайда пациенттер емдеуді тоқтатып, дәрігерге қаралуы керек.
Тиоколхикозид эпилепсияға шалдыққан пациенттерде немесе эпилепсиялық ұстамалар қаупі бар пациенттерде құрысуды тудыруы мүмкін. Тиоколхикозид метаболиттерінің бірі (SL59.0955) тәулігіне 2 рет 8 мг дозасын пероральді қолданғанда организмде қол жеткізілгеннен жоғары әсер ету деңгейінде анеуплоидиямен (бөлінетін жасушалардағы хромосомалар санының өзгеруі) байланысты болуы мүмкін екендігі анықталды. Анеуплоидия тератогендіктің, эмбриоуыттылықтың/ фетоуыттылықтың, өздігінен түсік тастаудың, сондай-ақ ерлер фертильділігінің бұзылуы анықталған қауіп факторы болып табылады. Теориялық тұрғыдан обырдың даму қаупі де артады. Сондықтан сақтық шарасы ретінде дозаны асырудан және/немесе ұзаққа созылатын емдеуден аулақ болу керек.
Жүктілік кезіндегі ықтимал қауіп туралы және контрацепцияның тиімді әдістерін қолдану қажеттілігі жайлы пациенттер хабардар болуы керек.
Препараттың құрамында бір реттік дозада 1 ммольден кем (23 мг) натрий бар, яғни іс жүзінде натрий жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Мускомедті жүктілік пен лактация кезінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ. Препаратты қолдану кезінде ұйқышылдықтың пайда болу мүмкіндігіне байланысты автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.

2 мл препараттан түссіз шыныдан жасалған ампулаларға құйылған.
6 ампуладан пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 100₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Шымкенте:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
4240₸
4140₸
100₸