Шымкенте қаласындағы Никлодокс Капсулалары 100 Мг №14 | Дева Холдинг А.С

Шымкенте қаласындағы Никлодокс Капсулалары 100 Мг №14 | Дева Холдинг А.С

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Күңгірт-сары мөлдір емес корпусы және күңгірт-қоңыр мөлдір емес қақпағы бар қатты желатин капсулалар, өлшемі №3. Капсуланың ішінде – түссіз дерлік біркелкі сары түсті түйіршіктелген ұнтақ

Международное наименование:

Доксициклин

Производитель:

Дева Холдинг А.С

Страна производитель:

Турция

Действующее вещество:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий лаурилсульфаты, жүгері крахмалы, магний стеараты, қабық құрамы: корпус: эритрозин - FD&C Қызыл 3 Е127, титанның қостотығы Е171, тартразин - FD&C Сары 5 Е102, желатин,

Дозировка активного вещества:

100 мг

Количество в упаковке:

14 шт
...loading

Инструкция

Состав

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - доксициклин хиклаты, 115,414 мг (100 мг доксициклинге баламалы)

қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий лаурилсульфаты, жүгері крахмалы, магний стеараты,

қабық құрамы: корпус: эритрозин - FD&C Қызыл 3 Е127, титанның қостотығы Е171, тартразин - FD&C Сары 5 Е102, желатин,

Противопоказания

доксициклинге, тетрациклиндердер тобының кез келген препаратына немесе препараттың басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық

бауыр функциясының ауыр бұзылулары

тұқым қуалайтын лактоза, галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза-галактозаның нашар сіңуі

қалқанша без патологиясы бар пациенттер

жүктілік және лактация кезеңі

18 жасқа дейінгі балаларға (тіс жарып шығу фазасының аяқталуына дейін, кальций ортофосфат кешендерінің түзілуі салдарынан, тістер түсінің қайтымсыз өзгеруі және тіс эмалі ақауларының білінуі, сондай-ақ сүйектер өсуінің баяулауы болуы мүмкін)

Меры предосторожности

Дәрінің шайылуы және өңештің тітіркену немесе ойық жаралану қаупін төмендету үшін жеткілікті су мөлшерімен іше отырып, тұрған немесе отырған қалыпта қабылдау (дозадан кейін кемінде 30 минут тік тұрған күйде қалу) керек. Асқазан тітіркенуі білінсе, Никлодоксты тамақпен немесе сүтпен қабылдау ұсынылады. Тамақ немесе сүт ішу Никлодокс сіңуіне қандай да бір елеулі әсерін көрсетпейді.

Ұсынылған дозадан асыру жағымсыз әсерлерінің даму қаупінің артуына әкелуі мүмкін.

Симптомдар жоғалып, қызба басылған соң тағы, кем дегенде, 24-48 сағат бойы емдеу жалғасуы тиіс.

Стрептококкты инфекцияны емдеу кезінде ревматизм қызбасы немесе гломерулонефрит сияқты асқынуларды болдырмау үшін препаратты қолдану ұзақтығы 10 күннен кем болмауы тиіс.

Взаимодействие

Доксициклиннің асқазан-ішек жолынан сіңуі құрамында алюминий, кальций, магний бар антацидтерді және құрамына осы катиондар кіретін басқа препараттарды; ішке қабылданатын мырыш препараттарын, темір тұздарын немесе висмут препараттарын бір мезгілде қолдану кезінде бұзылуы мүмкін. Доксициклинді аталған препараттармен қолданулар барынша ұзақ уақыт аралығымен бөлінуі тиіс.

Бактериостатикалық препараттар пенициллиннің бактерицидтік әсерін төмендетуі мүмкін, сондықтан доксициклин мен пенициллинді бір мезгілде қолданбау керек.

Доксициклин мен варфаринді бір мезгілде қолданғанда протромбин уақытының ұзаруы туралы хабарламалар бар. Тетрациклиндер қан плазмасында протромбин белсенділігін төмендетеді, сондықтан бір мезгілде қолданылатын антикоагулянттар дозаларын азайту қажет болуы мүмкін.

Доксициклиннің жартылай шығарылу кезеңі барбитураттарды, карбамазепин немесе фенитоинді бір мезгілде қолданғанда қысқаруы мүмкін, осыған орай, доксициклиннің тәуліктік дозасын арттыру мүмкіндігін қарау керек.

Алкоголь доксициклиннің жартылай шығарылу кезеңінің қысқаруына әкелуі мүмкін.

Тетрациклиндер мен пероральді қабылданатын контрацептивтерді бір мезгілде қолдану кезінде жоспардан тыс жүкті болып қалу және құйылған қан кету жағдайлары хабарланды.

Никлодокс қан плазмасында циклоспорин концентрациясын арттыруы мүмкін. Аталған препараттарды бір мезгілде қолданғанда тиісті мониторинг өткізу қажет.

Никлодоксты метоксифлуранмен бір мезгілде қолданудың өліммен аяқталатын бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетіні туралы хабарламалар бар.

Доксициклин сияқты, изотретиноин бассүйекішілік қысым көтерілуін (жалған ми туморын) туындату мүмкіндігі белгілі болғандықтан, изотретиноин мен басқа ретиноидтар және доксициклин бір мезгілде қолданылмау керек.

Зертханалық тестілер өткізу кезіндегі өзара әрекеттесулері. Доксициклинмен емдеу кезінде несептегі катехоламиндер деңгейін флуоресценттік әдіспен анықтағанда жалған оң нәтижелер туындауы мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде қолдану

Никлодокс бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе гепатоуыттылығы зор дәрілік заттар қабылдап жүрген тұлғаларда сақтықпен қолданылу керек.

Доксициклинді қоса, тетрациклиндерді пероральді немесе парентеральді қолданумен байланысты бауыр функциясының бұзылулары туралы сирек хабарламалар бар.

Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде қолдану

Бүйрек функциясы қалыпты тұлғаларда доксициклиннің бүйрек арқылы шығарылуы 72 сағат ішінде қабылданған дозаның 40% шамасын құрайды. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 10 мл/мин төмен) тұлғаларда бүйрек арқылы шығарылуы 72 сағат ішінде 1-5% едәуір азаюы мүмкін. Зерттеулерде бүйрек функциясы қалыпты және бұзылған тұлғаларда доксициклиннің қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңінің елеулі айырмашылығы анықталмады. Гемодиализ препараттың қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңіне әсер етпейді. Тетрациклиндердің анаболикаға қарсы әсері қандағы мочевина деңгейінің көбеюіне әкелуі мүмкін. Зерттеулерде доксициклин бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде қолданылғанда анаболикаға қарсы әсері көрініс бермеді.

Күрделі тері реакциялары

Доксициклин қабылдаған пациенттерде уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көп пішінді эритема, эксфолиативтік дерматит және эозинофилиямен әрі жүйелі көріністерімен бірге дәрілік бөртпе (DRESS-синдром) сияқты күрделі тері реакцияларының дамуы туралы хабарламалар бар. Күрделі тері реакциясы дамыған жағдайда доксициклинді тоқтату және тиісті ем тағайындау керек.

Фотосенсибилизация

Доксициклинді қоса, тетрациклиндер қабылдаған кейбір тұлғаларда күнге шалынған күйіктері айқын көрініс беретін фотосенсибилизация реакциялары болды. Доксициклинмен емделу кезінде пациенттер, фотоуытты реакциялардың туындау қаупіне орай, ашық аспан астында күнге қыздырынудан немесе солярий сәулесінен сақтану керек. Тері эритемасы пайда болғанда доксициклинмен емдеу дереу тоқтатылуы тиіс. Доксициклин қабылдаған пациенттердегі фотоонихолизис жағдайлары жөнінде хабарламалар бар.

Қатерсіз бассүйекішілік гипертензия

Тетрациклиндерді қолданғанда сәбилердің еңбегі дүмпиіп кеткен жағдайлар болды. Қатерсіз бассүйекішілік гипертензия (жалған ми туморы), доксициклинді қоса, тетрациклиндер қолданумен астасады. Қатерсіз бассүйекішілік гипертензия, әдетте, өтпелі сипатта болады, алайда, доксициклинді қоса, тетрациклиндер қолдану кезінде қатерсіз бассүйекішілік гипертензия (жалған ми туморы) салдарынан болатын тұрақты көрмей қалу жағдайлары хабарланды. Препаратты қабылдау аясында көру бұзылулары пайда болғанда шұғыл офтальмологиялық тексеру өткізу қажет. Бассүйекішілік қысым препаратты тоқтатудан кейін бірнеше апта бойы жоғары күйде қалуы мүмкін екендіктен, пациентті осы жағдайы толық қалыпқа түскенше мұқият қадағалау керек. Изотретиноиннің де бассүйекішілік қысымның көтерілуін (жалған ми туморын) туындатуы мүмкін екендіктен, изотретиноин мен басқа ретиноидтарды және доксициклинді бір мезгілде қолданбау керек.

Бактериялардың шектен тыс көбеюі

Антибиотиктер қолдану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің, оның ішінде Candida тектес зеңдердің шектен тыс көбеюіне әкелуі мүмкін. Төзімді микроорганизмдер пайда болғанда антибиотикті тоқтату және тиісті ем тағайындау қажет.

Жалған жарғақшалы колит дамыған жағдайлар, доксициклинді қоса, бактерияға қарсы дәрілердің бәрін дерлік қолдану кезінде хабарланды, оның ауырлығы жеңіл дәрежеден өмірге қатерлі ауыр жай-күйге дейін өзгеріп отырды. Бактерияға қарсы дәрілер қолданудан кейін дамыған диареясы бар пациенттерде жалған жарғақшалы колит жоққа шығарылу керек.

Clostridium difficile-мен астасқан диарея (CD-АД), доксициклинді қоса, бактерияға қарсы дәрілердің бәрін дерлік қолдану кезінде байқалады, әрі жеңіл диарея түрінде де, өлімге соқтыратын колит түрінде де өтуі мүмкін. Антибиотиктер жуан ішектің қалыпты флорасына әсер етеді, шамадан тыс C. difficile көбеюіне алып келеді.

CD-АД дамуына А және В токсиндерін өндіретін C. difficile штаммдары ықпал етеді. Осындай штаммдар, микробқа қарсы емге рефрактерлі болуы және колэктомия жасауды талап етуі мүмкін инфекцияларды тудыратындықтан, ауруға шалдығудың және өлімге ұшыраудың көбеюімен астасады. Препаратты қабылдау аясында диарея дамыса, сондай-ақ ем аяқталған соң екі ай ішінде пациентте CD-АД жоққа шығарылу керек.

Эзофагит

Доксициклинді қоса, тетрациклиндер қабылдаған пациенттерде эзофагит және өңештің ойық жараларының жағдайлары сипатталды. Осы пациенттердің көпшілігі препаратты тура ұйықтар алдында немесе сұйықтықтың жеткіліксіз мөлшерімен қабылдаған.

Специальные указания

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Ересектер

Ересектердегі жедел инфекцияларды емдеу кезінде әдеттегі Никлодокс дозасы 1-ші күні 200 мг (тәулігіне бір рет немесе екі қабылдауға), келесі күндері тәулігіне 100 мг құрайды.

Ауырлау инфекцияларда бүкіл емдеу курсы бойына күнделікті 200 мг тағайындалады.

Кейбір инфекцияларда арнайы дозалау жөніндегі нұсқаулар

Жыныстық жолмен берілетін аурулар: келесі инфекцияларды емдеуде 7 күн бойы күніне екі рет 100 мг: асқынбаған гонококктық инфекциялар (ерлердегі аноректальді инфекцияларды қоспағанда); Chlamydia trachomatis туғызған асқынбаған уретралық, эндоцервикальді немесе ректальді инфекция; Ureaplasma urealyticum туғызған гонококктық емес уретрит.

Chlamydia trachomatis немесе Neisseria gonorrhea туғызған жедел орхоэпидидимит – 10 күн бойы тәулігіне екі рет 100 мг.

Алғашқы және салдарлы мерез: пенициллинге аллергиядан зардап шегіп жүрген пациенттерде (жүкті әйелдерді қоспағанда) екі апта бойы тәулігіне екі рет ішу арқылы 200 мг доксициклинмен емдеу пенициллинмен емнің баламасы бола алады.

Биттен болатын эпидемиялық соқпа сүзек және кене шағудан болатын соқпа қызба: аурудың ауырлық дәрежесіне қарай бір рет 100 мг немесе 200 мг.

Хлорохинге төзімді P. falciparum штаммдары туғызған безгек: кем дегенде 7 күн бойы тәулігіне 200 мг. Инфекцияның ауыр болу ықтималдығын ескеріп, ұсынылатын дозалары түрлі аймақтарда ерекшеленетін жылдам әсер ететін шизонтоцидтік дәрілік зат, мысалы, хинин тағайындалу керек.

Безгек профилактикасы: ересектер мен 18 жастан асқан балалар үшін тәулігіне 100 мг. Профилактиканы безгек жайлаған аудандарға жол жүрерден 1-2 күн бұрын бастауға болады. Препаратты безгек жайлаған аудандарда болған бүкіл уақыт бойына және аталған аймақтарға барып келген соң 4 апта бойы күнделікті қабылдау керек. Аймаққа байланысты төзімділігі және қажетті химиялық профилактика туралы ақпарат қолданыстағы нұсқауларда немесе Безгекті зерттеу жөніндегі анықтамалық зертхана мәліметтерінде мазмұндалады, олар туралы деректерді Британ ұлттық формулярынан (БҰФ) табуға болады.

Кене шағудан болатын тропикалық бөртпе сүзек (цуцугамуши қызбасы) профилактикасы: бір рет 200 мг.

Ересектердегі саяхатшылар диареясының алдын алу: сапардың бірінші күні 200 мг (бір рет немесе әр 12 сағат сайын 100 мг), одан кейін осы ауданда болған бүкіл уақыт бойы күнделікті тәулігіне 100 мг. Дәрілік затты 21 күннен артық профилактикалық қолдану деректері жоқ.

Лептоспироз профилактикасы: тиісті ауданда болған бүкіл уақыт бойы аптасына бір рет 200 мг және сапар аяқталған соң 200 мг. Дәрілік затты 21 күннен артық профилактикалық қолдану деректері жоқ.

Балаларда қолдану

Никлодокс 18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға қарсы көрсетілімді. Басқа тетрациклиндермен болған жағдайдағы сияқты, доксициклин кез келген сүйік тінінде тұрақты кальций кешендерін түзеді. Тетрациклиндерді әр 6 сағат сайын 25 мг/кг дозада пероральді алған шала туған нәрестелерде кіші жіліншік сүйегінің баяу өсуі байқалды. Осы реакция препаратты тоқтатудан кейін қайтымды болды.

Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде қолдану

Бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде абайлап қолдану керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану

Доксициклинді әдетте ұсынылған дозаларда қолданудың бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер организмінде антибиотиктің жинақталуына әкелмейтінін айғақтайтын деректер бар.

Передозировка

Доксициклин хиклатымен артық дозалануға қатысты клиникалық симптомдар жүрек айну, анорексия және диарея болып табылады.

Асқазан-ішек жолының деконтаминациясынан кейін мониторинг өткізу қажет, ал гипотензия жағдайында су теңгерімін сақтау қажет болуы мүмкін. Артық дозалану жағдайында диализ ұсынылмайды, себебі ол сарысулық жартылай шығарылу кезеңін өзгертпейді.

Побочные действия

Жағымсыз реакциялар жиілігін белгілеу пациенттерде келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 - <1/10); жиі емес (≥1/1000 - <1/100); сирек (≥1/10000 - <1/1000); өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін болмайды).

Жиі

анафилаксиялық реакциялар, оның ішінде ангионевроздық ісіну, жүйелі қызыл жегінің өршуі, перикардит, аса жоғары сезімталдық, сарысу құю ауруы, Шенлейн-Генох пурпурасы, гипотензия, ентігу, тахикардия, шеткері ісіну, есекжем

бас ауыру

жүрек айну, құсу

фотосенсибилизация реакциялары, бөртпе, оның ішінде макулопапулалық және эритемалық бөртпе

Жиі емес

қынаптық инфекция

диспепсия (қыжыл/гастрит)

Сирек

кандидозды инфекция

гемолиздік анемия, нейтропения, тромбоцитопения, эозинофилия

эозинофилиямен және жүйелі көріністерімен бірге дәрілік бөртпе (DRESS- синдром), Яриш-Герксгеймер реакциясы

микропрепараттарда қалқанша без тінінің қоңыр-қара түске боялуы

порфирия, тәбет төмендеуі

үрейлену, қатерсіз бассүйекішілік гипертензия (жалған ми туморы), (симптомдар көрудің бұлыңғырлануын, скотома мен диплопияны қамтиды; үнемі көрмей қалу жағдайлары хабарланды), бала еңбегінің дүмпиіп кетуі

құлақтағы шуыл/шыңыл

бетке қан тебу және дененің жоғарғы жартысын қан кернеуі

панкреатит, жалған жарғақшалы колит, Clostridium difficile туғызған колит, өңештің ойық жаралары, эзофагит, энтероколит, аногениталий аумағындағы қабыну үдерісі (Candida тектес зеңдердің шектен тыс көбеюімен), дисфагия, абдоминальді ауыру, диарея, глоссит, стоматит

бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, гепатоуыттылық, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы

уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көп пішінді эритема, эксфолиативтік дерматит, фотоонихолизис, терінің гиперпигментациясы

артралгия, миалгия

қанда мочевина концентрациясының жоғарылауы

Тетрациклиндер, әдетте, ұзақ уақыт қолданудан кейін тістердің түс өзгерісін және эмаль гипоплазиясын туғызуы мүмкін

Форма выпуска

ПВХ/ПВДХ (поливинихлорид/поливинилиденхлоридті) үлбірден және және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 14 капсуладан салады.

Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Дева Холдинг А.С

Черкезкёй ұйымдасқан өнеркәсіп аймағы, махалле Караагач, Ататүрік к-сі № 32 Капаклы / Текирдаг, Түркия

Тел.: +90 212 692 92 92

Факс: +90 212 697 00 24

Срок годности

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Дева Холдинг А.С

Черкезкёй ұйымдасқан өнеркәсіп аймағы, махалле Караагач, Ататүрік к-сі № 32 Капаклы / Текирдаг, Түркия

Тел.: +90 212 692 92 92

Факс: +90 212 697 00 24

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаНиклодокс капсулалары 100 мг №14 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube