Қолдану көрсеткіштері
Ұйқы безінің экзокринді (ферментті) жетіспеушілігін алмастыратын ем.
Ұйқы безінің экзокринді (ферментті) жетіспеушілігін алмастыратын ем.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- жедел панкреатит, созылмалы панкреатиттің өршуі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Панкреатинді темір препараттарымен бір мезгілде қолданған кезде соңғыларының сіңуі төмендеуі мүмкін.
Құрамында кальций карбонаты және/немесе магний гидроксиді бар антацидті дәрілерді бір мезгілде қолдану панкреатин тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Муковисцидоз кезінде стриктураның (фиброзды колонопатия) даму қатері артатындықтан панкреатинді жоғары дозада қолдануға болмайды.
Доза қабылданатын тағамның сапасы мен көлемі ескерілген майлардың сіңіуіне қажетті ферменттердің мөлшеріне сай болуы керек. Ұзақ уақыт бойы қолданған кезде онымен бірге темір препараттарын тағайындайды.
Педиатрияда қолдану
Панкреатинді қолдану 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік
Қолдану ана үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асатын жағдайларда мүмкін болады.
Лактация
Ұйқы безінің ферменттерін емшек сүтімен емізу кезеңінде әйелдер қабылдауы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспа лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
6 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады
Пішінді ұяшықты қаптаманы қорапшада, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 129₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Шымкенте:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
849₸
720₸
129₸