daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Шымкенте қаласындағы Риджинол Таблеткалары 25 Мг №30 | Химфарм АО

Шымкенте қаласындағы Риджинол Таблеткалары 25 Мг №30 | Химфарм АО

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Бронь на 24 часа при самовывозе

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ақ немесе ақ дерлік түсті, жалпақ цилиндр пішінді, бір жағында ойығы, басқа жағында ойығы және крест түріндегі фирмалық логотипі бар таблеткалар.

Международное наименование:

Ламотриджин

Производитель:

Химфарм АО

Страна производитель:

Республика Казахстан

Действующее вещество:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, повидон, магний стеараты Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ немесе ақ дерлік түсті, жалпақ цилиндр пішінді, бір жағында ойығы, басқа жағында ойығы және крест түріндегі фирмалық логотипі бар таблеткалар.

Дозировка активного вещества:

25 мг

Количество в упаковке:

30 шт

Аналоги

Инструкция

Состав

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - ламотриджин 25.00 мг немесе 50.00 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, повидон, магний стеараты

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті, жалпақ цилиндр пішінді, бір жағында ойығы, басқа жағында ойығы және крест түріндегі фирмалық логотипі бар таблеткалар.

Показания к применению

Эпилепсия:

Ересектер мен 13 жастан асқан жасөспірімдер

тонустық-клонустық құрысуларды қоса, парциальді және жайылған ұстамалардың қосымша немесе монотерапиясы ретінде

Леннокс-Гасто синдромымен байланысты құрысулар: қосымша ем құрамында, бірақ сондай-ақ бастапқы эпилепсияға қарсы препарат (ЭҚП) ретінде пайдаланылуы мүмкін.

2-ден 12 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

тонустық-клонустық құрысуларды және Леннокс-Гасто синдромымен байланысты құрысуларды қоса, парциальді және жайылған эпилепсиялық ұстамалардың қосымша емі ретінде.

типтік абсанстардың монотерапиясы.

Биполярлық бұзылыс:

18 жастан асқан ересектер

көбінесе депрессиялық эпизодтарды сезінген I типті биполярлық бұзылысы бар пациенттерде депрессиялық эпизодтардың профилактикасы.

Риджинол® жедел маниакальді немесе депрессиялық эпизодтарды емдеуге қолданылмайды.

Противопоказания

әсер етуші заты ламотриджинге немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

2 жасқа дейінгі эпилепсиясы бар балалар

18 жасқа дейінгі жастағы биполярлық бұзылулары бар пациенттер

жүктілік және лактация кезеңі

Рекомендации по применению

Сонымен қатар, бұл кестеде көрсетілгендей, ламотриджин концентрациясына аз әсер ететін немесе мүлдем әсер етпейтін препараттар атап келтірілген.

Мұндай препараттарды бір мезгілде қолдану, әдетте, қандай да бір клиникалық салдарға әкелмейді. Алайда, эпилепсиясы ламотриджин концентрациясының ауытқуына ерекше сезімтал пациенттерді ескеру қажет.

1 кесте. Басқа препараттардың ламотриджин глюкуронизациясына ықпалы

Ламотриджиннің Р450 цитохромы ферменттерінің клиникалық елеулі индукциясын немесе тежелуін тудыру қабілеті туралы деректер жоқ. Ламотриджин өзінің өзіндік метаболизмін индукциялауы мүмкін, бірақ бұл әсер орташа болады және оның клиникалық елеулі салдары болуының ықтималдығы аз.

ЭҚП өзара әрекеттесуі

Ламотриджиннің глюкуронизациясын тежейтін вальпрой қышқылы ламотриджиннің метаболизмін төмендетеді және оның орташа жартылай шығарылу кезеңін 2 есе дерлік ұзартады. Вальпроатты бір мезгілде қолданған кезде пациенттер тиісті емдеу сызбасын қолдануы тиіс. Цитохром Р450 ферменттерін индукциялайтын белгілі бір ЭҚП (фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал және примидон сияқты) UGTs де индукциялайды және тиісінше ламотриджин метаболизмін жылдамдатады.

Фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал немесе примидонды бір мезгілде қолданғанда пациенттер тиісті емдеу сызбасын қолдануы тиіс.

Ламотриджинмен емдеу аясында карбамазепинді қабылдай бастаған пациенттерде бас айналу, атаксия, диплопия, анық көрмеу және жүрек айнуын қоса, орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстардың дамуы туралы хабарланған. Бұл жағымсыз құбылыстар әдетте карбамазепин дозасы төмендегеннен кейін жойылған.

Осындай әсер дені сау ересек еріктілерде ламотриджин мен окскарбазепин қолданылған зерттеуде байқалды, бірақ дозалардың төмендеу нәтижесі зерттелмеген.

Вальпроатты бір мезгілде қолданғанда пациенттер тиісті емдеу сызбасын қолдануы тиіс, алайда дені сау ересек еріктілердің қатысуымен болған зерттеуде 200 мг дозада ламотриджин және 1200 мг дозада окскарбазепин қолданған кезде окскарбазепин ламотриджин метаболизмін өзгертпеді, ал ламотриджин окскарбазепин метаболизмін өзгертпеді.

Дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген зерттеулерде фелбаматты (тәулігіне 2 рет 1200 мг) және ламотриджинді (10 күн ішінде тәулігіне 2 рет 100 мг) бірге қолдану ламотриджин фармакокинетикасының клиникалық елеулі өзгеруіне әкелмеді. Сондықтан окскарбазепинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде вальпроатсыз және ламотриджинді глюкурондау индукторлары жоқ ламотриджинмен қосымша емге арналған емдеу сызбасын пайдалану керек.

Дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген зерттеуде фелбаматты (тәулігіне екі рет 1200 мг) және ламотриджинді (10 күн бойы тәулігіне екі рет 100 мг) бір мезгілде қолдану ламотриджиннің фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсер еткен жоқ.

Ламотриджинді габапентинмен және онсыз қабылдаған пациенттерде қан плазмасындағы препарат деңгейін ретроспективті талдау негізінде габапентин ламотриджиннің болжамды клиренсінің өзгеруіне алып келмейтіндігі анықталды.

Леветирацетам мен ламотриджиннің дәрілермен ықтимал өзара әрекеттесуі плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулер барысында екі препараттың сарысулық концентрациясын бағалау жолымен зерттелді. Бұл деректер ламотриджиннің леветирацетам фармакокинетикасына әсер етпейтінін, ал леветирацетамның ламотриджин фармакокинетикасына әсер етпейтінін көрсетеді.

Прегабалинді бірге қолдану (тәулігіне 3 рет 200 мг) қан плазмасындағы ламотриджиннің тепе-тең концентрациясына әсер етпеді. Ламотриджин мен прегабалин арасындағы фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер жоқ.

Топираматты қолдану қан плазмасындағы ламотриджин концентрациясының өзгеруіне әкеп соқпады. Ламотриджинді қабылдау топирамат концентрациясының 15%-ға артуына алып келді.

Эпилепсиясы бар пациенттерді зерттеу барысында 35 күн ішінде зонисамидті (200-400 мг/тәу) ламотриджинмен (150-500 мг/тәу) бірге қолдану ламотриджиннің фармакокинетикасына елеулі әсер еткен жоқ.

Плазмадағы ламотриджин концентрациясына парциальді ұстамалары бар пациенттерде плацебо бақыланатын клиникалық зерттеулерде лакосамидті (тәулігіне 200, 400 немесе 600 мг) бір мезгілде қолдану әсер еткен жоқ.

Парциальді және бастапқы жайылған тонустық-клонустық ұстамалары бар пациенттерде перампанелмен қосымша емді зерттеген үш плацебо-бақыланатын клиникалық сынақтардың деректері біріктірілген талдауда перампанелдің ең жоғары бағаланған дозасы (тәулігіне 12 мг) ламотриджин клиренсін 10% - дан азға арттырды. Мұндай шаманың әсері клиникалық елеулі болып саналмайды.

Бұдан бұрын басқа ЭҚП қан плазмасындағы концентрациясының өзгеруі туралы хабарланғанына қарамастан, бақыланатын зерттеулер ламотриджиннің қатарлас ЭҚП қан плазмасындағы концентрациясына әсер ететінін көрсеткен жоқ. Зерттеудің in vitro нәтижелері ламотриджиннің басқа ЭҚП ақуыздармен байланысу аумағынан ығыстырмайтынын көрсетті.

Басқа психотроптық препараттармен өзара әрекеттесуі

20 дені сау еріктіде сусыз литий глюконатын қабылдағанда литийдің фармакокинетикасы (6 күн бойы тәулігіне 2 рет 2 г) ламотриджинді тәулігіне 100 мг дозада бірге қолданғанда өзгермеді.

Бупропионды көп рет ішке қабылдау 12 қатысушыда ламотриджиннің бір реттік дозасының фармакокинетикасына статистикалық тұрғыдан маңызды әсер етпеді және тек қана ламотриджин глюкуронидінің AUC («концентрация-уақыт» фармакокинетикалық қисық астындағы ауданы) аз ғана ұлғаюын тудырды.

Дені сау ересек еріктілердегі зерттеуде оланзапин 15 мг дозада ламотриджиннің AUC және Сmах орташа алғанда тиісінше 24 % және 20 % төмендетті. Мұндай шаманың әсері, әдетте, клиникалық тұрғыдан маңызды

Передозировка

Симптомдары

Өлімге ұшырау жағдайларын қоса, ламотриджинді ең жоғары емдік дозасынан 10-20 есе асып кететін дозаларда бір мезгілде қабылдау туралы хабарланды. Артық дозалану нистагм, атаксия, сананың бұзылуы, қатты құрысулар және кома сияқты симптомдардың дамуына әкелді. Артық дозалануы бар пациенттерде сондай-ақ QRS кешенінің кеңеюі де (қарыншаішілік өткізгіштіктің баяулауы) байқалды. QRS ұзақтығының 100 мсекундтан артық созылуы аса ауыр дәрежедегі уытты әсермен байланысты болуы мүмкін.

Емі

Артық дозалану жағдайында пациентті ауруханаға жатқызу керек, оған тиісті демеуші ем көрсетілуі тиіс. Егер көрсетілімдер болса, сіңуін азайтуға бағытталған ем жүргізу қажет (белсендірілген көмір). Әріқарай емдеу жүрек өткізгіштігіне потенциалды әсерін ескере отырып, клиникалық көрсетілімдерге сәйкес жүргізіледі. Натрий бикарбонатына жеткіліксіз жауап беретін кардиоуыттылықты емдеу үшін венаішілік липидті терапияны қолдану қарастырылуы мүмкін. Артық дозаланудың емі ретінде гемодиализ қолдану тәжірибесі жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі бар алты еріктіде 4 сағаттық гемодиализ сеансы кезінде ламотриджиннің 20% мөлшері организмнен шығарылды.

Условия хранения

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаРиджинол таблеткалары 25 мг №30 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube