Қолдану көрсеткіштері
Слидерон препараты глюкокортикоидты емді қолдануды қажет ететін аурулар кезінде қолданылады:
Эндокриндік аурулар
- бүйрекүсті безі қыртысының бастапқы және салдарлы жеткіліксіздігі (бірінші таңдау гидрокортизон немесе кортизон болып табылады; синтетикалық аналогтар қолданылатын минералокортикоидтармен бірге қолданылуы мүмкін; нәресте кезінде минералокортикоидтарды қосу ерекше маңызға ие):
- бүйрекүсті безінің туа біткен гиперплазиясы
- іріңді емес тиреоидит
- обыр туындатқан гиперкальциемия.
Эндокриндік емес аурулар
- ревматизмдік аурулар (қысқа мерзімді енгізу үшін қосымша терапия ретінде (жедел эпизодтан немесе асқынудан кейін пациентті емдеу үшін): ревматоидты артрит, оның ішінде ювениальді ревматоидты артрит (жекелеген жағдайларда төмен дозалы демеуші ем қажет болуы мүмкін), шорбуынданатын спондилоартрит, остеоартроз кезіндегі синовит, жедел және жеделге жуық бурсит, жедел спецификалық емес теносиновит, жарақаттанудан кейінгі остеоартроз, псориаздық артрит, эпикондилит, жедел подагралық артрит
- коллагендік аурулар (асқыну кезінде немесе жекелеген жағдайларда демеуші ем ретінде): жүйелі қызыл жегі, жүйелі дерматомиозит (полимиозит), жедел ревмокардит
- тері аурулары (дерматологиялық аурулар): сулы бөртпе, буллездік герпестік түрдегі дерматит, ауыр мультиформалы эритема (Стивенс-Джонсон синдромы), ауыр себореялық дерматит, эксфолиативтік дерматит, зең тәрізді микоз, ауыр псориаз
- аллергиялық жай-күйлер, талапқа сай әдеттегі емдеу әдістеріне сәйкес келмейтін ауыр немесе мүгедектікке әкелетін аллергиялық жағдайларды бақылау: маусымдық және жыл бойы аллергиялық ринит, дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдық реакциялары, сарысу құю ауруы, жанаспалы дерматит, бронх демікпесі, атопиялық дерматит, ангионевроздық ісіну, есекжем
- офтальмологиялық аурулар (көздің және оның қосымшаларының қатысуымен ауыр, жедел және созылмалы аллергиялық және қабыну процестері): ирит және иридоциклит, көру жүйкесінің невриті, көздің алдыңғы бөлігінің қабынуы, аллергиялық мөлдір қабықтың жиектік ойық жаралары, диффузды артқы увеит және хориоидит, симпатикалық офтальмия, кератит, офтальмологиялық белдемелі герпес, аллергиялық конъюнктивит, хориоретинит
- тыныс алу ағзаларының аурулары: симптоматикалық саркоидоз, шұғыл немесе диссеминацияланған өкпе туберкулез тиісті туберкулезге қарсы химиотерапиямен, аспирациялық пневмонит, бериллиоз, басқа дәрілермен емдеуге келмейтін Леффлер синдромы
- гематологиялық аурулар: идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, ересектердегі салдарлы тромбоцитопения, жүре пайда болған (аутоиммунды) гемолитикалық анемия, эритробластопения (эритроциттік аплазия), туа біткен (эритроидты) гипопластикалық анемия)
- ісік аурулары (паллиативті емдеу): ересектердегі лейкоздар мен лимфомалар, балалар жасындағы жедел лейкоз
- ісіну жағдайлары: уремиясыз немесе идиопатиялық типтегі нефроздық синдромда немесе қызыл жегі кезіндегі диурез индукциясы немесе протеинурия ремиссиясы
- асқазан-ішек аурулары (науқасты осындай жағдайларда аурудың қатер шегіндегі кезеңінен шығару үшін): ойық жаралы колит, аумақтық энтерит)
- жүйке жүйесі: жайылған склероздың жедел өршуі, ми ісігімен байланысты ісінуді емдеу
- ағзаларды трансплантациялау
- басқа да аурулар (тиісті туберкулезге қарсы химиотерапиямен бір мезгілде қолданғанда субарахноидты блокадасы немесе жақындап келе жатқан блокадасы бар туберкулезді менингит, неврологиялық зақымдануы немесе миокард зақымдануы бар трихинеллез.