Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 80.00 мг темір
(247.25 мг темірдің (II) сусыз сульфаты түрінде),
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, мальтодекстрин, эудрагит RS30D (дисперсиялық В типті аммоний метакрилаты сополимері), эудрагит RL30D (дисперсиялық А типті аммоний метакрилаты сополимері), триэтилцитрат, тальк, глицерол дибегенаты,
қабықтың құрамы: Sepifilm LP010٭, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), триэтилцитрат.
٭Sepifilm LP010 құрамы: метилгидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, қызғылт сары - қызғылт түсті қабықпен қапталған таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
ПВХ/ПВДХ үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.
3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!