Показания к применению
Тутукон пероральді ерітіндісі ересектердегі бөліп шығару функциясын жақсарту үшін қолданылатын, өсімдіктен алынған дәрілік зат.
Тутукон пероральді ерітіндісі ересектердегі бөліп шығару функциясын жақсарту үшін қолданылатын, өсімдіктен алынған дәрілік зат.
- әсер етуші заттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- сұйықтықты көп тұтынуға болмайтын (жүректің немесе бүйректің белгілі бір аурулары сияқты) аурулар
- гастрит
- простатит
- өт жолдарының обструкциясы, бауыр ауралары, өт қалтасындағы тастар немесе өт шығару жолдарының медициналық қадағалауды қажет ететін басқа бұзылулары
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттармен өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.
Арнайы ескертулер
Ұсынылған дозасын арттырмау керек.
Егер пациентте несеп шығару жолдарының қайталанатын инфекциялары болса немесе аяқтары ісінсе, Тутукон пероральді ерітіндісін қабылдауды бастамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу қажет.
Педиатрияда қолданылуы
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Препараттың жүкті әйелдерде қолданылуы жөнінде клиникалық ақпарат жоқ. Жүктілік кезінде пайдаланылуының қауіпсіздігі анықталмаған, жеткілікті ақпарат болмаған жағдайда, бұл дәріні жүктілік кезінде пайдалану ұсынылмайды.
Лактация
Бала емізу кезінде пайдаланылуының қауіпсіздігі анықталмаған. Жеткілікті ақпарат болмаған жағдайда, препаратты лактация кезінде қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Дозалау режимі
Ересектер
7 мл Тутукон пероральді ерітіндісі күніне 3 рет. Емдеудің ұсынылатын ұзақтығы 2 аптаны құрайды.
Балалар
18 жасқа дейінгі балаларда Тутукон пероральді ерітіндісінің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, сондықтан оны халықтың бұл тобында қолдану ұсынылмайды.
Бүйрек және/ немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Пациенттердің бұл топтарында препараттың фармакокинетикасы туралы ақпарат қолжетімсіз, сондықтан дозасы жөнінде нұсқау беру мүмкін емес.
Енгізу әдісі және жолы
Ерітінді оральді қолдануға арналған.
Дәріні сұйылтылмаған күйінде, ұсынылған дозасын өлшеуіш тостағанға өлшеп алып қабылдаңыз. Өлшеуіш тостаған, ұсынылған дозасы дәл алынуына кепілдік беру үшін пайдаланылуы тиіс.
Несеп шығару жолдарының шайылуын жеңілдету үшін, күніне бір литрден екі литрге дейін су ішу ұсынылады
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Артық дозаланған жағдайлар туралы хабарланған жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіруі үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады
Алюминий қалпақшамен қаусырылған, янтарь түстес поливинилхлорид құтыға 250 мл препараттан құйылған.
1 құтыдан өлшеуіш пластик шприцпен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі – 30 күн.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от
Ваша выгода до: 11₸
Выгода за счет лучшего поиска:
Средняя цена в Шымкенте:
При заказе на Daribar от:
Ваша выгода до:
8923₸
8912₸
11₸
