Показания к применению
- рахит пен остеомаляцияның профилактикасы және емдеу
- гипокальциемия
- менопауза кезінде егде жастағы және әйелдердегі остеопороздың профилактикасы және емдеу
- созылмалы және операциядан кейінгі гипопаратиреодизм

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- Д дәруменінің гипервитаминозы
- бүйрек жеткіліксіздігі
- қанда және несепте кальций мен фосфор деңгейінің жоғарылауы
- кальцийлі бүйрек тастары
- саркоидоз
- жедел өкпе туберкулезі
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Кальций алмасуының бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі, несеп-тас ауыруы, атеросклероз немесе жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерге сақтық қажет. Д дәруменінің барлық түрлері жоғары дозаларда уытты болып табылады, бұл кальций сіңірілуінің едәуір артуына әкеледі. Уытты әсерлер бірнеше ай бойы дене салмағының 1000-3000 ХБ / кг дозасын күнделікті енгізгенде де пайда болуы мүмкін.
Дозаны анықтау кезінде сүт, май, балалар немесе басқа тамақ өнімдері көбінесе Д дәруменімен байытылатындығын ескеру керек.
Жүрек гликозидтерімен ем қабылдайтын пациенттерде сақтық таныту керек, өйткені мұндай жағдайларда гиперкальциемия аритмияға әкелуі ықтимал. Мыналардан аулақ болу үшін ерекше сақтық таныту керек:
Д дәруменін, әсіресе кальциймен және / немесе дәруменмен байытылған тағамдармен (мысалы, балалар тағамы) тиісті бақылаусыз немесе арнайы көрсетілімдерсіз айлар немесе тіпті жылдар бойы үлкен дозаларда профилактикалық қабылдау.
Д дәруменінің үлкен дозалары қысқа уақыт аралығында. Бұл организмнің пайда болған артық кальцийді жоюға тырысуы бүйректің экскреторлық қабілетінің шамадан тыс жүктелуіне әкелуі мүмкін;
Артық дозаланудың алғашқы симптомдары - полиурия және полидипсия.
Рахиттің немесе остеомаляцияның профилактикасы үшін немесе әдеттегі рационға қосымша ретінде Видроп препаратының ұсынылған дозасын алатын пациенттер құрамында Д дәрумені және Д дәруменімен байытылған өнімдері бар басқа препараттардан аулақ болу керек.
Балалар тағамын алатын, Д дәруменімен байытылған (әдетте тәуліктік порцияда 400 ХБ болады) нәрестелерде Д дәрумені препараттарын профилактикалық қолданғанда ерекше сақ болу керек.
Ұсынылатын дозаны жүйелі түрде қабылдау керек, бірақ одан асырмаған жөн.
Пациенттер тағаммен кальцийдің жеткілікті мөлшерін алуын қадағалау керек.
Д дәруменіне төзімді рахиттен ұзақ уақыт ем қабылдап жүрген пациенттерде қандағы кальций мөлшерін ұдайы тексеріп отыру керек.
Қосымша заттар
Видроп препаратының құрамында 1 ммоль (23 мг)/натрий дозасынан аз, яғни іс жүзінде натрийден бос болады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Эпилепсияға қарсы дәрілер (әсіресе фенитоин және фенобарбитал), рифампицин Д3 дәруменінің реабсорбциясын төмендетеді.
Д3 дәруменін тиазидті диуретиктермен бір мезгілде қолдану гиперкальциемияның даму қаупін арттырады.
Д3 дәруменін жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолдану олардың уытты әсерін күшейтуі мүмкін (жүрек ырғағы бұзылуының көрініс беру қаупін арттырады).
Құрамында алюминий және магний бар антацидті дәрілерді Д дәрумені мен біріктіріп ұзақ уақыт қолдану қандағы алюминий концентрациясының жоғарылауына және соның салдарынан бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде алюминийдің сүйек тініне уытты әсер етуі мен гипермагниемияға ықпал етуі мүмкін.
Құрамында кальций мен фосфордың жоғары концентрациясы бар препараттар гиперфосфатемия қаупін арттырады.
Д дәруменін басқа аналогтарымен бір мезгілде қолдану Д дәрумені гипервитаминозының даму қаупін арттырады.
Кетоконазол 1,25(ОН)2-колекальциферол биосинтезін де, катаболизмін де бәсеңдетуі мүмкін.
Д дәрумені гиперкальциемия кезінде қолданылатын кальцитонин, этидронат, памидронат препараттарының антагонисі болып табылады.
Арнайы ескертулер
Жүктілік
Видропты жүкті немесе бала емізетін әйелдер әдеттегі тәуліктік қажеттілікке сәйкес дозада қабылдауы мүмкін. Күнделікті қажеттіліктен асатын дозалар шаранаға қауіп төндіретіні туралы нақты дәлелдер бар, дегенмен ана үшін емдік пайдасы одан асып кетуі мүмкін.
Бала емізу
Лактация кезінде Д3 дәруменін сақтықпен тағайындау керек, өйткені ана жоғары дозаларда қабылдайтын препарат балада артық дозалану симптомдарын тудыруы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді

15 мл алюминий қақпақтармен тығындалған күңгірт шыныдан жасалған құтыларда.
1 құтыдан пластмасса тамшылатқыш пипеткасы бар және бекітілген медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін сақтау мерзімі 5 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от