Қолдану көрсеткіштері
Виктоза® препаратының құрамында әсер етуші зат - лираглутид бар. Лираглутид Сіздің организміңізге қандағы қант деңгейі тым жоғары болған жағдайда ғана қандағы қантты төмендетуге көмектеседі. Сондай-ақ, ол тамақтың асқазан арқылы өтуін баяулатады және жүрек ауруының алдын алуға көмектеседі.
Егер Сіздің қант деңгейіңіз диета немесе жаттығу арқылы тиісті түрде бақыланбаса және метформинді (қант диабетін емдеуге арналған басқа препарат) қабылдай алмасаңыз, Виктоза® препараты монотерапияда қолданылады.
Қандағы қант деңгейін бақылау үшін басқа дәрілік препараттар жеткіліксіз болған кезде, диабетті емдеу үшін Виктоза® препараты оларға қосымша ретінде қолданылады. Бұл препараттар мыналарды қамтуы мүмкін:
диабетке қарсы пероральді препараттар (мысалы, метформин, пиоглитазон, сульфонилмочевина, 2 типті натрий-глюкоза котранспортерінің тежегіші (НГЛТ-2) және/немесе инсулин.