Қолдану көрсеткіштері
Препаратқа сезімтал қоздырғыштар туындатқан инфекциялық аурулар:
- тыныс алу жолдарының жоғарғы бөліктерінің және ЛОР-ағзалардың инфекциялары - синусит (мұрын маңы қуыстарының қабынуы), тонзиллит (таңдай бадамша бездерінің/бадамша қабынуы), ортаңғы отит (ортаңғы құлақ қуысының қабынуы);
- тыныс жолдарының төменгі бөліктерінің инфекциялары – бактериялық және атипті пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит (бронхылардың қабынуы);
- терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары – тілме, импетиго( қабыршақтардың пайда болуымен терінің беткейлік іріңді зақымдануы), салдарлы инфекцияланған дерматоздар (тері аурулары);
- Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туғызған несеп-жыныс жолдарының инфекциялары – создық және создық емес уретрит (несеп шығару өзегінің қабынуы) және/немесе цервицит (жатыр мойнының қабынуы).